Реферат " Мәлімет қоры, мәлімет банкі"



Дата23.01.2023
Размер0,77 Mb.
#200721
ТипРеферат
Связанные:
База данных



Астана қаласы
С. Сейфуллин атындағы ҚАТУ 





РЕФЕРАТ

Мәлімет қоры, мәлімет банкі”


Экспертные системы и база данных


Орындаған: Бекболат Куралай Смс 21-11
Тексеруші: Аязбаева Айжан Бакытбековна


Мәліметтер қоры (МҚ) - ақпараттық жүйенің өңделетін объектісі, қоршаған ортаның белгілі бір саласының немесе бір пән аймағының нақты объектері жайлы берілетін мәліметтер жиыны


Мәліметтер қоры дегеніміз ақпаратты сақтауға және жинақтауға арналған ұйымдасқан құрылым. Ең алғаш мәліметтер қоры ұғымы жаңадан қалыптасқан кезде онда шындығында мәліметтер сақталатын. Бірақ қазіргі кездегі көптеген мәліметтер қоры басқару жүйелері өздерінің құрылымдарында тек мәліметтерді ғана емес, сонымен қатар олардың тұтынушымен және басқа да ақпараттық – программалық кешендермен қарым – қатынасының әдістерін де қамтиды. Сондықтан біз қазіргі заманғы мәліметтер қорында тек мәліметтер ғана емес, ақпараттар да сақтай аламыз.

Көп мәліметтер жұмыс жасау қажеттілігі пайда болғанда әрқашанда мәліметтер қорын пайдаланды.


Мәліметтер қоры – бұл ең алдымен кестелер жиынтығы, алайда, біз соңынан мәліметтер қорына сондай – ақ процедуралармен бірқатар басқа объектілер жатуы мүмкін екенін көреміз. Таблицаны көптеген объектілердің сипаттамалары бар кәдімгі екі өлшемді таблица түрінде көруге болады. Таблицаның идентификатор аты болады.
Кесте бағандары объектілердің қандайда бір сипаттамаларына – алаңдарға сәйкес. Әрбір алаң сақталатын мәліметтердің атымен және түрімен сипатталады. Алаң аты – бұл мәліметтермен пайдалану үшін, әртүрлі программаларда қолданылатын идентификатор. Ол кез келген идентификатор сияқты латын әріптерімен жазылады, бір сөзден тұрады және т.б.
Алаң түрі алаңда сақталатын мәліметтердің түрін сипаттайды. Бұл жолдар, сандар, үлкен мәтіндер (мысалы, қызметкерлердің мінездемелері), суреттер (қызметкерлердің суреттері) және т.с.с. болуы мүмкін.
Кестенің әрбір жолы объектілердің біреуіне сәйкес келеді. Ол жазба деп аталады және осы объектіні сипаттайтын барлық алаңдардың мазмұнын құрайды.
Мәліметтер қорының кестелерін құрған кезде ақпараттың қарама – қайшылықсыздығын қамтамасыз ету маңызды. Әдетте бұл негізгі алаңдарды енгізумен жасалады. Негізгі болып бір немесе бірнеше алаң болуы мүмкін.
Кестемен жұмыс кезінде пайдаланушы немесе программа жазбалар үстінен курсормен жылжып отыратын сияқты. Әрбір уақыт сәтінде ағымдағы жазба бар, содан жұмыс жүргізіледі. Мәліметтер қорының кестелерінде жазбалар қандай да бір тәртіпсіз, оларды енгізу (жаңа қызметкерлердің пайда болуы) ретіне қарай орналасуы мүмкін. Бірақ кесте мәліметтері пайдаланушыға ұсынылған кезде реттелуі керек. Пайдаланушы оларды алфавиттік тәртіпке, немесе бөлімдер бойынша реттелген, немесе туған жылының өсуіне қарай және т.б. қарауы мүмкін. Мәліметтерді реттеу үшін индекс түсінігі қолданылады. Индекс кестені қандай реттілікте қараған жөн екенін көрсетеді. Ол пайдаланушы мен кесте арасында делдал болып табылады.
Мәліметтер қоры әдетте бір емес, көптеген кестелерден тұрады. Мысалы, кейбір ұйым туралы мәліметтер қорында әрбір бөлімшенің сипаттамасы бар кесте бар. Dep атты осындай таблицаның мысалы келесі кестеде көрсетілген. Осы кестенің алаң аттары Dep және Proisv.
Dep бөлімшелері туралы мәліметтер кестесінің мысалы:



Бөлек және кестелер әрине пайдалы, бірақ одан да көп ақпаратты кестелер жиынтығынан алуға болады. Мысалы, өндірістік цехтерде жұмыс жасайтын, қызметкерлердің жалпы саны пайдаланушыға білу қажет болады. Бірақ жоғарыда көрсетілген кестелердің біреуіде бұл сұраққа жауап бермейді, себебі Pers кестесінде бөлімшелердің түрлері жайлы мағлұматтар, Dep кестесінде қызметкерлер жайлы мағлұматтар жоқ. Осындай сұраныстарға жауап алу үшін байланысқан кестелердің жиынтығын қарастыру қажет.

Байланысқан кестелерде әдетте бір кесте басты болады, ал басқасы немесе бірнеше басқа кестелер – көмекші кестелер болады. Басты және көмекші кестелер бір – бірімен кілт арқылы байланысады. Кілт ретінде екі кестеде де болатын алаң шыға алады. Мысалы, жоғарыда келтірілген кестелерде басты болып Dep кестесі, көмекші болып Pers кестесі бола алады, ал олар болса екі кестеде де бар Dep алаңы бойынша байланысады. Курсор басты кестенің индексі үстінен жүреді. Осылайша біздің мысалда егер басты кестенің Dep алаңындағы ағымдағы жазбада «бухгалтерия» деп жазылған болса, онда көмекші Pers кестесінде бухгалтерия қызметкерлерінің барлық жазбалары шығады. 


Қарапайым мәліметтер қорының құрылымы
Базаға ешқандай мәліметтер енгізілмеген жағдайда да мәліметтерқоры болып қала береді. Өйткені ондай мәліметтер болмаған күннің өзінде де, қандай да бір ақпарат бар – бұл мәліметтер қорының құрылымы. Ол мәліметтерді енгізудің және сақтаудың әдістерін анықтап береді. Мәліметтер қоры көптеген объектілерден тұрады, бірақ солардың ең негізгісі кесте болып табылады. Ең қарапайым мәліметтер қоры бір ғана кестеден тұрады. Сәйкесінше, ең қарапайым мәліметтер қорының құрылымы сол кестенің құрылымымен анықталады.

Мәліметтер қорлары мен қосымшалар


Мәліметтер қоры мен қосымшалардың өзара орналасуларына байланысты келесі мәліметтер қорларын бөліп көрсетуге болады:

  •  Локальды мәліметтер қорлары;

  •  Жойылған мәліметтер қорлары. 

Локальды мәліметтер қорларымен операциялар жасау үшін локальды қосымшалар, ал жойылған мәліметтер қорларымен операциялар жасау үшін клиент – серверлік қосымшалар дайындалады.
Мәліметтер қорының орналасуы көптеген жағдайда осы қорда бар мәліметтерді өңдейтін қосымшалардың дайындалуына әсер етеді. Осылайша, келесі қосымшалар түрлерін бөліп көрсетуге болады:

  • Локальды мәліметтер қорын пайдаланатын қосымшаларды бір деңгейлі (бір буынды) қосымшалар деп атайды. Себебі, қосымша мен мәліметтер қоры біртұтас файлдық жүйені құрайды;


  • Жойылған мәліметтер қорын пайдаланатын қосымшаларды екі деңгейлі (екі буынды) және көп деңгейлі (көп буынды) қосымшалар деп бөледі. Екі деңгейлі қосымшаларда клиенттік және серверлік бөлшектер бар;


  • Көп деңгейлі (әдетте үш деңгейлі) қосымшалар клиенттік және серверлік бөлшектер мен қоса қосымша бөлшектерге ие. Мысалға үш деңгейлі қосымшаларда клиенттік бөлшек, қосымшалар сервері мен мәліметтер қорының сервері бар

Бір және екі деңгейлі Delphi қосымшалары келесі механизмдерді қолдана отырып локальды және жойылған мәліметтер қорына қол жеткізе алады:



  • BDE (Borland Database Engine – Borland фирмасының мәліметтер қорының процессоры) мәліметтер қорымен әрекеттесу үшін AP1 дамыған интерфейсін ұсынады.

  • ADO (Active X Date Objects – Active X мәліметтерінің объектілері) OLE DB (Objects Linking and Embedding DateBase – мәліметтер қорының объектілерін байланыстыру мен ендіру) көмегімен ақпаратқа қол жеткізуді жүзеге асырады;


  • dbExpress драйверлер жинағы көмегімен мәліметтер қорындағы ақпараттарға тез қол жеткізуді қамтамасыз етеді;


  • Interbase тікелей Interbase мәліметтер қорына қол жеткізуді іске асырады.

Мәліметтер қорындағы ақпараттарға қол жеткізу технологиясының вариантын таңдау өңделген қосымшаны жан – жаққа тарату дайындығының ыңғайлығын ескере отырып, сондай – ақ жады ресурстарының қосымша шығындарын ескере отырып анықталады. Мысалы BDE үшін инсталляция дискдегі сыртқы жадының шамамен 15 Мб – тын және мәліметтер қорында пайдаланатын псевдонимдерді қалпына келтіруін талап етеді.
Үш деңгейлі Delphi 7 қосымшаларын DataSnap механизмі көмегімен құрастыруға болады. Мәліметтер қорының үш деңгейлі қосымшаларын құрастыру кезінде пайдаланатын компоненттер DataSnap пен DataAccess беттерінде орналасқан.

Мәлiметтердiң әр түрлi типтерi болады. Ендi информациялық жүйелердегi мәлiметтердiң, яғни өрiс мәндерiнiң типтерiне тоқталайық. 


Негiзгi типтер: 
• Текстiк мәлiметтер (TEXT). Текстiк мәлiметтердiң мәндерi алфавиттi- цифрлi символдардан тұрады және ұзындығы 255-тен аспауы керек; 
• Сандық мәлiметтер (NUMBER). Бұл типтегi атрибуттардың мәндерiмен арифметикалық амалдар орындауға болады. Сандық мәлiметтер ұзындығы бүтiн сан болса 2 байт, бөлшек сан болса жылжымалы нүктелi сан форматында 4 байт орын алады. Бүтiн және бөлшек бөлiктерi санда нүктемен ажыратылады. 
• Дата немесе уақыт типi (DATE/TIME). Дата типi белгiлi бiр форматта берiледi, мысалы: кк.аа.жж (күн, ай, жыл). Алғашқыда бұл текстiк мәлiметтiң бiр жағдайы сияқты көрiнедi. Алайда, информациялық жүйеде дата типтi қолданудың ерекшелiктерi бар. 
• Жүйе қатты бақылау жүргiзу мүмкiндiгiн алады;
• Автоматты түрде датаны әр елдiң дәстүрiне байланысты бейнелеу мүмкiндiгi туады; 
• Программалау барысында даталарға арифметикалық амалдарды орындау жеңiлдейдi.
• Логикалық мәлiметтер (YES/NO). Бұл типтiң мәлiметтерiн булевтiк деп атайды және мәндерi TRUE немесе FALSE (шартты түрде 1 немесе 0) болады және мұндай мәлiметтер “иә”, “жоқ” болып интерпретацияланады. 
• OLE обьектiсiнiң алаңы. Бұл ең бiр қызықты типтердiң бiрi болып табылады. Бұл типтiң мәнi ретiнде OLE объектiсiнiң кез-келгенi болуы мүмкiн (егер компьютерде болса) – графика, дыбыс, видео. 
• Қолданушының типi. Көптеген жүйелер қолданушыларға өздерiнiң типiн жасауға мүмкiндiк бередi. Мысалы: “апта күнi” (дүйсенбi, сейсенбi және т.б), “адрес” (почта индексi-қала-және т.б).
Әртүрлі ұйымдардың табысты жұмыс жасауы үшін ақпаратты жүйенің
дамығанын талап етеді. Сонда сол деректермен автоматтандырылған жинауды,
өңдеуді және монипуляциялауды іске асырады.
Мәліметтер базасы деп, деректердің электрондық сақтаушысын айтады. Оларға
қатынас, бір немесе бірнеше компьютерлер көмегімен іске асады. Әдетте
деректер базасы деректерді сақтау үшін жасалады.
Мәліметтер базасы – ақпаратты сақтауды және де мәліметтерге ыңғайлы, тез
кіруді қамтамасыз етеді. Мәліметтер базасы өзінен белгілі бір ережелерге
сай құрылған деректер жиынтығын құрайды. Деректер базасындағы ақпарат :
қайшылықсыз
артықсыз
тұтас
болуы керек.
Мәліметтер базасын басқару жүйесі деректер базасын құруға, толтыруға,
жаңартқанға, жоюға арналған программалық жабдық болып табылады.


Мәліметтер базасы және мәліметтер банкі


Автоматтандырылған мәліметтер банкі керекті ақпаратты алу үшін
орталықтандырылған және ұжымдық көп аспектілік қолданылатын мәліметтерге
арналған информациялық, математикалық, бағдарламалар, тілдер,
ұйымдастырулар және техника құралдарынан тұратын жүйелер жатады.
Автоматтандырылған мәліметтер банкінде қызметтің бір бөлігін есептеу
техникасы, ал екінші бөлігін адам орындайды. Есептеу жүйесінде
сақталатын мәліметтер массивін мәліметтер базасы деп атайды.


Мәліметтер банкінің ерекшеліктері:
1) мәліметтердің жоғары деңгейдегі
жинақталуы артық нәрсенің жоқтығы;
2) МБн-нен тұтынушының жүзбе-жүз
әңгімелесуін ұйымдастыру;
3) өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған зерденің
болуы;
4) мәліметтерге тікелей шығу мүмкіндігі;
5) қуатты тілдік және
бағдарламалық қамтамасыз етудің болуы;
6) мәліметтерді код арқылы өңдеудің
және классификациялық бірыңғай жүйесі және т.с.с.
Мәліметтер банкінің кемшіліктері:
1) жасалатын жүйенің күрделілігі;
2) ЭЕМ ресурстарының бір бөлігін МББЖ өз қажеттеріне жұмсайды;
3) бұзылуға және аварияға олардың нәтижесіне сезімталдығы


.

Ө







Місrosoft Ассess 2010 мәліметтер қорын басқару жүйесі жеті түрлі объектілерді құруға және қолдануға мүмкіндік береді.





Мәліметтер қорын құрастырғанда оған қандай мәліметтер енгізіледі, олар қалай сақталады, қандай өрістер түйінді болады, өрістердің типі қандай болатынын анықтап, сонымен қатар, оларға қатынауды қалай орындауға болатынын нақты ойластыру қажет. Бұл процесс мәліметтер қорын жобалау деп аталады. Жобалау компьютердің көмегінсіз іске асырылады. Жобалау дегеніміз – мәліметтер қорын теориялық түрде тұрғызу.


Мәліметтер қоры дегеніміз ақпаратты сақтауға және жинақтауға арналған ұйымдасқан құрылым. Ең алғаш мәліметтер қоры ұғымы жаңадан қалыптасқан кезде онда шындығында мәліметтер сақталатын. Бірақ қазіргі кездегі көптеген мәліметтер қорын басқару жүйелері өздерінің құрылымдарында тек мәліметтерді ғана емес, сонымен қатар оның олардың тұтынушылармен және басқа да ақпараттық - программалық кешендермен қарым - қатынасының әдістерін де қамтиды. Сондықтан біз қазіргі заманғы мәліметтер қорында тек мәліметтерді ғана емес, ақпарат та сақталады деп айта аламыз.

Мәліметтер қорын басқару жүйесі дегеніміз - жаңа мәліметтер қорын құруға, оны мәліметтермен толтыруға, оның мазмұнын редакциялауға, оларды реттеуге, безендіруге және басқа құрылғыларына шығаруға немесе байланыс арналарына жөнелтуге арналған программалық құралдар кешені.


Дүние жүзінде мәліметтер қорын басқару жүйелерінің түрлері өте көп. Олардың әр біреуінің түрлі объектілермен жұмыс істеу ерекшеліктеріне, қолданушыға ұсынатын қызмет түрінің өзгешелігіне қарамастан, оларда ортақ ұғымдар кешені қалыптасқан. Сондықтан бізге бір ғана мәліметтер қорын басқару жүйесін қарастырсақ жеткілікті. Солардың ішінен Місrosoft Office программасының құрамына кіретін Місrosoft Ассеss 2010 мәліметтер қорын басқару жүйесін тандап алдық.
Қарапайым мәліметтер қорының кұрылымы
Қорға ешқандай мәліметтер енгізілмеген жағдайда ол мәліметтер қоры болып қалады. Өйткені, онда мәліметтер болмаған күннің өзінде де, қандай да ақпарат бар - бұл мәліметтер қорының құрылымы. Ол мәліметтерді енгізудің және сақтаудың әдістерін анықтап береді. Мәліметтер қоры көптеген объектілерден тұрады. Бірақ, олардың ең негізгісі кесте болып табылады. Ең қарапайым мәліметтер қоры тек бір ғана кестеден тұрады. Сәйкесінше ең қарапайым мәліметтер қорының құрылымы сол кестенің кұрылымымен анықталады.
Біз білеміз, екі өлшемді кестенің құрылымы жолдар мен бағандардан құрады. Олардың аналогы ретінде қарапайым мәліметтер қорында өрістер мен жазбаларды айтамыз. Өрістердің құрамы мен қасиеттерін өзгерту арқылы мәліметтер қорының құрылымын өзгертеміз
Қазіргі кезде мәліметтер қоры мен мәліметтер қорын басқару жүйесі терминдері компьютерлерде тікелей қолданылады. Жалпы жағдайда мәліметтер қоры термині белгілі бір белгілермен біріктірілген кез келген байланысқан ақпарат жиынтығымен қолданылады. Әрбір технологияның міндетті компоненті «мәліметтер қоры» болып саналады. Мәліметтер қоры ақпараттық жүйенің орталық бөлігі болып табылатындықтан, ақпараттық технологияда шешімдерді қабылдауды қолдауда маңызды роль атқарады. Кез келген ақпараттық жүйенің мақсаты – шын өмірдің объектілері жайлы мәліметтерді өңдеу. Кең мағынада, «мәліметтер қоры» ұғымы қандай да бір пәндік облыста шын өмірдің нақты объектілері туралы мәліметтердің жиынтығы. Пәндік облыс ретінде басқаруды ұйымдастыру үшін зерттеуге жататын шын өмірдің бөлігін түсінуге болады
Мәліметтер қоры бірнеше ортақ қасиеттері бар элементтер жиынынан тұратын нысандарды сипаттауға арналған. Мысалы, нысан ретінде өндірістік ұжым бола алады. Бұл нысанның элементтері (адамдар) тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, мекен-жайы және т.б. сияқты қасиеттерге ие.
Мәліметтер қорларында келесі ұғымдар қолданылады:
өріс – нысанның белгілі бір қасиетін сипаттайтын ең кіші ақпарат бірлігі;
домен – өрістің қабылдайтын мәндерінің жиыны;
мәліметтер қорының құрылымы – өрістердің жиынтығы;
жазба – нысанның бір элементі үшін өріс мәндерінің жиынтығы;
мәліметтер қорының файлы – сипатталатын нысанның элементтеріне сәйкес
келетін жазбалар жиыны.
Мәліметтер қорының файлдық құрылым мәліметтерінен басты айырмашылығы –
мәліметтерді ұйымдастыру тәсілінде. Әдеттегі файлдар өзара байланыспаған мәліметтер элементтерінің қандайда бір тізбегі ретінде физикалық тұрғыда ұйымдастырылса, ал мәліметтер қоры берілген сипаттамаға сәйкес ұйымдастырылады және жекелеген элементтерінің арасында байланыс болады.
Мәліметтер қоры мен файлдың тағы бір айырмашылығы – мәліметтер қорының сипаттамасы сол мәліметер қорымен бірге сақталатындығында. Файл күрделі құрылымды болуы мүмкін, алайда бұл құрылымды анықтау сол файлдың ішінде емес, сол мәліметтер файлы жасалынған және қолданылған программаларда орналасады. Мәліметтердің сипаттамасы мәліметтер қорының өзінде сақталатын болғандықтан, ол мәліметтер қорымен бірге тасымалданып, осы мәліметтер қорын пайдаланатын программалардың қарамағына беріледі.

Қорытынды


Әлем қазіп ақпараттық қоғам табалдырығында тұр. Ондай қоғамда ақпаратты тарату, сақтау және өңдеу жүйесі аса маңызда рөл атқарады. Уақыты келгенде әлемдік байланыс жүйесі сияқты әлемге ортақ ақпараттық орта пайда болып, олар адамзат баласы жинаған ақпараттан кез келген адамның өзіне қажетті ақпаратты алуын қамтамасыз етеді
. Компьютердің интеллектуалдық роботтармен қатар адам іс-әрекеттерінің барлық саласына енуі адамдар тіршілік ететін дәстүрлі ортаны түбегейлі өзгеріске ұшыратады. Ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу және қорғаумен кәсіби тұрғыда адамдар саны көбеюде. Ақпарат аса бағалы тауар болып отыр, ақпарат индустриясы болашақ қоғамда бұдан да маңызды құбылыс болмақ.
Қэ


Жоспар:



    1. Кіріспе

    2. Мәліметтер қоры

    3. Мәліметтер қорының құрылымы, сипаты мен түрлері

    4. Мәліметтер банкі

    5. Мәліметтер банкінің ерекшеліктері мен кемшіліктері

    6. Қорытынды

Пайдаланылған адебиеттер:



  1. Симонович С.В. Специальная информатика. М.:издат.центр « Академия » 2000.

  2. Камардинов О. « Информатика ». Алматы, 1994ж.

  3. Байжұманов. « Информатика ».Астана, 2004ж.

  4. Балапанов. « Информатикадан 30 сабақ ».


Поделитесь с Вашими друзьями:




База данных защищена авторским правом ©psihdocs.ru 2023
обратиться к администрации

    Главная страница