«Менеджментегі билік, ықпал ету және лидерлік»



Скачать 18,23 Kb.
Дата26.03.2020
Размер18,23 Kb.
#143719
Связанные:
айсулу томирис

«Менеджментегі билік, ықпал ету және лидерлік»

Зияш А.Б Каркенова Т.Д

Қазақстан Республикасындағы,Көкшетау қаласының Азаматтық қорғаныс жоғарғы

көпсалалы колледжінің студенттері.

Ғылыми жетекшісі: Кайникенова А.Б

Қазақстан Республикасындағы,Көкшетау қаласының

Азаматтық қорғаныс жоғарғы көпсалалы колледжінің менеджмент негіздері пәнінен білім беруші.


«Менеджментегі билік, ықпал ету және лидерлік»

Менеджмент жүйесінде жеке тұлға басқару объектісі және субъектісі ретінде де бейнеленеді. Менеджер адамдарды басқаруда мынадай принциптерге негізделеді:

- өзін сыйлауына қолдау көрсету. Алдымен қарамағындағыларды мақтап, содан кейін жұмысты жақсарту бойынша нұсқаулар беру керек;

- жеке тұлғаларға емес, мәселелерге мән беру керек;

орынды істерге дұрыс баға беру, ал орынсыз істерге теріс (бұрыс) баға беру әдістерін белсенді қолдану;

нақты талап қою, адамдармен үздіксіз қарым-қатынас жасау.

Кіммен, қалай жұмыс істеу керек екендігі – тек қол астындағылардың ғана емес, сонымен қатар басшылардың да мінез-құлық ерекшеліктеріне байланысты. Осы жағдайды менеджер міндетті түрде ескеруі керек. Менеджменттің дамуындағы қазіргі кезеңінде жеке тұлғаның психологиялық портретін анықтау персоналды басқару тиімділігін көтеруге мүмкіндік беретін аса маңызды да қиын мәселе.

Басқару психологиясының басты идеясы: адамдарға немқұрайлы қарау – тиімсіз.

Жеке тұлғалардың қасиеттерін бағалау негізінде мынадай компоненттерден тұратын психологиялық портретті қалыптастыруға болады:

-темперамент

-мінез

-қабілет


-беталыс (бағыт)

-интеллектуалдылық (ой-сана)

-эмоционалдылық (көңіл-күй)

-ерік-жігер

-қарым-қатынас

-өзіне баға беру

-өзін бақылау деңгейі

-топпен әрекет ету қабілеті


Адамның жеке тұлға ретінде дамуы өмір бойы жүреді. Жасы ұлғайған сайын оның тек позициясы өзгереді – отбасында, мектепте тәрбие алу объектісінен тәрбие беру субъектісіне дейін өзгеріп, қалған өмірінде өзін-өзі тәрбиелеумен белсенді айналысады.

Темперамент. Психологияда «темперамент» деп адам психикасының динамикалық (өзгермелі) ерекшеліктерін, яғни психологиялық процестің жүру темпін (қарқынын), ритмін (ырғағын), интенсивтілігін айтады, мұнда психологиялық процестің мазмұны ескерілмейді. Сондықтан темпераментті «жақсы» немесе «нашар» деп анықтауға болмайды, ол биологиялық фундамент болып саналады да тұқым қуалайтындықтан өзгеріске ұшырай бермейді. Темпераменттің мынадай типтері бар:

1) Холерик шапшаң, ширақ, әрек етуде жылдам, ұмтылысы бар, мақсатқа бағытталып әрекет етендіктен шыдамсыз, ашушаң мінез білдіреді. Холерик үнемі жұмысбасты болуы керек, тынымсыз жұмыс істей біледі.

2) Сангвиник көңілді, ашық мінезді, қарым-қатынасты оңай орната латындықтан көкірек, жеңіл мінезді сенімсіз қасиеттері бар болып көрінеді. Өзгелерді ренжітіп алмас үшін уәде беріп, көп жағдайда сөзінде тұра алмайды, сондықтан оны үнемі бақылап отыру керек.

3) Флегматик тұрақты, байсалды, белсенді, шыдамды, сенімді болғандықтан баяу, селқос, суық болып көрінеді. Оны асықтырмау керек, өз уақытын өзі бөліп, жұмысты тыңғылықты орындап шығады.

4) Меланхолик сезімтал, жұмсақ мінезді, адамгершілігі мол, қайырымды өзгелерге жаны ашитын тұлға болғандықтан көңілшек, тұйық, ұялшақ, жұмысқа қабілеті төмен болады. Оған дауыс көтеріп, қысым жасамау керек, ол жылдам орындалатын қатаң тапсырмаларды орындай алмайды.

Мінез – бұл тұлғаның тұрақты жеке қасиеттерінің жиынтығы, ол адамның іс-әрекет тәсілінде көрініс табады. Жеке тұлғаның нақты іс-әрекетке қатысты айқындалатын мінезінің құрылымын 4 топқа бөлуге болады:

еңбекке қатысты, мысалы: еңбекқорлық, өнерге бейімділік, жұмыста тиянақтылық, жауапкершілік, инициативалылық, талап ету және керісінше – жалқаулық, жұмысқа жеңіл-желпі қарау, жауапкершіліксіздік, селсоқтық.

өзге адамға, ұжымға, қоғамға қатысты, мысалы: қарым-қатынасқа оңай түсу, құрметтеу, сыйластық, ашықтық және керісінше – қаттылық, қаталдық, дөрекілік, жек көрушілік, өз бетінше топтан бөлектену.

өзіне қатысты, мысалы: өзін-өзі құрметтеуі, өзін мақтан тұтуды дұрыс көріп, соған байланысты өзін-өзі сынай білу, қарапайымдылық және керісінше – көкіректік, ренжігіштік, эгоизм, өзіне көңілі толмауы.

Заттарға қатысты, мысалы: таза болу, бұйымды, затты сақтай білу, күтіп ұстауы, қолы ашықтық және керісінше – олақтық, сараңдық.

2. Билік - бұл өзгелердің мінез-құлқына ықпал ету мүмкіндігі. Жұмыскерлер жалақыны өсіру, қызмет сатысын жоғарлату секілді мәселелерде оған тәуелді болғандықтан, жетекші қол астындағылардың үстінен билік етуге ие болады. Билік орындаушылардың белсенді қажеттіліктеріне деген өтініштеріне негізделген. Егер олар қажетті іс-қимыл нәтижелерін қамтамасыз етуіне болса, жетекші адамдардың белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндігіне ие болады, ал орындаушы, егер ол тапсырманы жүзеге асыруға қол жеткізсе, қажеттіліктерінің қанағаттандырылуын күтетін болады. Қазіргі ұйымдардағы жұмыскерлердің көпшілігі, олар өкілеттікке ие жетекшіге берілгендіктен, барлық бұйрықтарға толық бағынбайтын болады. Егер де ол бір мезгілде көшбасшы (лидер) болып саналатын болса, басшының ұйымдағы ықпалы артатын болады. Көшбасшылық – бұл олардың күш-жігерін ұйымның мақсатқа жетуіне бағыттай отырып, жекелеген адамдар мен адамдардың топтарына ықпал ете алу қабілеттілігі. Егер кәсіпорын жетекшісі бір мезгілде көшбасшы болса, басқару тиімділігі артады. Осындай адамның өз қол астындағыларға ықпалы да неғұрлым күшті болады.

Ұйымдардың әртүрлі бөлімшелеріндегі жетекші өзінің тікелей бастығы мен қол астындағыларға және әріптестеріне тәуелді болады. Жетекші осы адамдардың көмегінсіз өз функцияларын тиімді жүзеге асыра алмайды.

Мұнан өзге, ұйым жетекшілері, өз ұйымынан тыс адамдар мен ұйымдарға: жеткізушілерге, тапсырыс берушілерге, бәсекелестерге тікелей тәуелді болады.



3.Жетекшілік стилі бұл, ықпал ету және ұйымның мақсатына жетуге олардың ынтасын оятуға қол астындағыларға ықпал етеді.
Скачать 18,23 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




База данных защищена авторским правом ©psihdocs.ru 2023
обратиться к администрации

    Главная страница