Кәсіптік практиканы жүргізу туралы келісімшарт



страница1/2
Дата25.01.2023
Размер49 Kb.
#200950
  1   2
Связанные:
Договор 2023 ж) 4 к психология-1


Кәсіптік практиканы жүргізу туралы келісімшарт

Орал қ. «____» ________20___ жыл


«Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті» ЖЖКБМ, бұдан әрі «Университет» деп атала отырып, Жарғы негізінде әрекет ететін ректор Б.Т.Шакешев атынан бір тараптан, БҚО, Орал қаласы, №33 жалпы орта білім беретін мектебі, бұдан әрі «кәсіпорын», «ұйым» деп атала отырып, Жарғы негізінде әрекет ететін мекеме директоры У.И.Ергалиева атынан екінші тараптан және білім алушы М.К. Сабырбаева атынан үшінші тараптан төмендегілер туралы осы келісімшартты жасасты:





  1. Шарттың мәні

1.Университет 2019 жылы түскен «6В03101» - «Психология» білім беру бағдарламасы бойынша білім алушының оқытуын жүзеге асырады.


2. Кәсіпорын білім алушыны білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес кәсіптік практиканың базасымен қамтамасыз етеді.
3. Білім алушы өндірістік функциялары мен міндеттерді біліктілікті орындауға мүмкіндік беретін негізгі және кәсіби құзыреттерді алу мақсатында білім беру бағдарламасын игереді.


2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
1. Университет мынадай міндеттемелерді алады: күндізгі оқу нысаны бойынша «6В03101» - «Психология» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын білім алушыны академиялық күнтізбеге сәйкес диплом алды практикасынан өту мақсатында кәсіпорынға жіберу;
2) білім алушыны осы Келісімшартта белгіленген міндеттер мен жауапкершілікпен таныстыру;
3) Диплом алды практиканың бағдарламасын және практикадан өтудің күнтізбелік кестесін кәсіпорынмен бірге әзірлеу және келісу;
4) кәсіпорынға диплом алды практиканың басталуынан екі апта бұрын білім алушылардың санын көрсетіп, практиканың бағдарламасын, практикадан өтудің күнтізбелік кестесін ұсыну.
5) университеттің тиісті білім беру бағдарламасы бойынша оқытушылар арасынан практика жетекшілерін университет ректоры бұйрығымен бекіту;
6) берілген кәсіпорынның қызметкерлері үшін міндетті болып табылатын еңбек тәртібін және ішкі тәртіп ережелерін білім алушылармен сақталуын қамтамасыз ету;
7) білім беру бағдарламасы мен академиялық күнтізбеге сәйкес білім алушының диплом алды практикасына мерзімді бақылау етіп, оның өтуін ұйымдастыру;
8) кәсіпорынның қызметкерлеріне білім алушылардың диплом алды практикасын ұйымдастыруға және өткізуге әдістемелік көмек көрсету;
9) қажеттілік туындаған кезде кәсіпорынға білім алушының оқу жетістіктері туралы мәліметтер беру;
10) жазатайым оқиғаларды, егер олар практиканы өту барысында білім алушының қатысуымен болған оқиғаларды тергеуге қатыстыру;
11) университет таратылған немесе білім беру қызметі тоқтатылған жағдайда кәсіпорында хабардар ету және басқа білім беру ұйымында білім алуды жалғастыру үшін білім алушыны ауыстыру бойынша шаралар қабылдау;
12) тұрғылықты мекен-жайынан практика базасының алыс орналасуы кезінде білім алушыға қажетті тұрмыстық және басқа жағдайлар жасау мүмкіндігін қарастыру.
Университет:
1) білім алушының өз еркімен оқытуды тоқтатуды, оқытудың қайта оқу курсына қалдырылған кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте оқудан шығарылғаны кезде біржақты тәртіппен келісімшартты бұзуға құқылы.
Кәсіпорын (мекеме, ұйым) өзіне мынадай міндеттемелер алады:
1) білім алушыға жұмыс орнында қауіпсіз жұмыс жағдайын (қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау бойынша міндетті нұсқамалықты өткізу арқылы) қамтамасыз ету және қажетті жағдайда білім алушының еңбектің қауіпсіз әдістеріне оқытуын жүргізу;
2) тиісті қызметтің бос орны бар болғаны кезде иеленген мамандыққа сәйкес жұмысқа қабылдау үшін білім беру гранты негізінде оқыған түлектің кандидатурасын қарастыру;
3) білім беру ұйымына академиялық күнтізбеге сәйкес білім алушының кәсіптік практикадан өтуі үшін жұмыс орындарын ұсыну;
4) осы келісімшарттың ережелеріне сәйкес тиісті мамандықтардың кәсіптік практикаға жіберу бойынша білім алушыны қабылдау;
5) практиканың бағдарламасында қарастырылмаған және білім алушылардың мамандығына қатысы жоқ лауазымдарда білім алушыны пайдалануға жол бермеу;
6) бөлімшелерде (бөлімдерде, цехтерде, зертханаларда және сол сияқты) білім алушының кәсіптік практикасына жетекшілік ету үшін білікті мамандарды белгілеуін қамтамасыз ету;
7) білім алушының еңбек тәртібін және кәсіпорынның ішкі тәртіп ережелерін бұзғаны бойынша барлық оқиғалар туралы университетті хабардар ету;
8) білім алушының кәсіптік практиканың бағдарламасын толық игеру және оның жеке тапсырмаларды орындауы үшін қажетті болатын зертханаларды, кабинеттерді, шеберханаларды, кітапхананы, сызбаларды, техникалық және бсқа құжаттарды пайдалану арқылы білім алушының кәсіптік практиканың бағдарламасын орындау мақсатында жұмыс орындарында қажетті жағдай жасау;
9) кәсіптік практика аяқталған соң білім алушының жұмысы туралы мінездеме беру және практикадан өту сапасын бағалау.
Кәсіпорын (мекеме, ұйым):
1) жаңа технологияларға және өндірістік процестің өзгерген жағдайларына сәйкес кәсіптік практиканың білім беру бағдарламасын әзірлеуге қатысу;
2) кәсіпорынның қажеттіліктеріне сәйкес курстық және дипломдық жұмыстардың тақырыптарын ұсыну;
3) білім алушының қорытынды аттестауына қатысу;
4) білім алушының ағымдағы үлгерімі туралы ақпарат сұрастыру;
5) білім беру ұйымынан жұмыс берушілердің болжалдарына сәйкес білім алушының сапалы оқытуын талап ету құқылы.
Білім алушы өзіне мынадай міндеттемелер алады:
1) кәсіптік практика орнында кәсіпорынның қызметкерлері үшін міндетті болып табылатын еңбек тәртібін, ішкі тәртіп ережелерін, қауіпсіздік техника ережелерін және өндірістік тәртіптемесін сақтау;
2) кәсіпорынның жабдықтарына, аспаптарына, құжаттарына және басқа мүлкіне ұқыпты қарау;
3) практика бағдарламасының талаптарына қатаң сақтау және орындау;
4) практикадан өту үшін белгіленген уақытта кәсіпорынның қарауына келу;
5) практикадан өту барысында және аяқталған соң кәсіпорын туралы құпия ақпаратты жария етпеу;
Білім алушы:
1) кәсіпорында бекітілген тәлімгердің келісімі бойынша қажетті құралдарды, жабдықтарды, аспаптарды және басқа өндірістік материалдарды пайдалану, кітапхана және оқу залдары базасында оқуға оқу-әдістмелік әдебиеттер қорына, зертханалық базасына, оқыту мақсатында компьютерлік және басқа техниканы пайдалануға қол жеткізуі мен пайдалануына;
2) кәсіптік практиканы өту барысында денсаулыққа зақым келген зиянның өтеуіне;
3) кәсіптік даярлығын аяқтаған соң және қорытында аттестаттаудан сәтті өткен соң, иеленген мамандық бойынша бос орынның болуы кезінде кәсіпорында жұмысты жалғастыруға құқылы.




Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2




База данных защищена авторским правом ©psihdocs.ru 2023
обратиться к администрации

    Главная страница