Дәріс тезистері 1 дәрістің тақырыбы: Тұлға психологиясының пәні мен міндеттері



Скачать 328,5 Kb.
страница1/24
Дата08.02.2022
Размер328,5 Kb.
#178836
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Связанные:
Дәріс тезистері -1


Дәріс тезистері


1 дәрістің тақырыбы: Тұлға психологиясының пәні мен міндеттері.
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

  1. Психологиядағы тұлға мәселесі.

  2. Тұлға психологиясының пәні мен міндеттері.

  3. Тұлға тұтас Адам жүйесінде.

1. Психологиядағы тұлға мәселесі. Психология бастауын ежелгі римдіктерден көруге болады. Бұдан екі мың жыл бұрын философтар қазіргі кездегі психологтарды мазалайтын мəселелер тұсында дискуссия жүргізді. Бірақ психологияның дербес ғылым ретінде ресми туындауы 1879 ж.сəйкес келеді. Бұл жылы Лейпцигте (Германия) Вильгельм Вундт психикалық құбылыстарды эксперименталды зерттеу бойынша алғашқы лабораторияны салды. Одан кейінгі жылдары психологияның дамуы қарқынды болды. Қазіргі тұлға психологиясының негізгі мақсаты – ғылыми тұрғыдан адамдар не себептен олай ұстайтындығын түсіндіру. Ғылыми психология қарапайым, нақты эмпирикалық тексеруге болатын концепциялармен жұмыстануды қолдайды. Қазіргі тұлға теориясы, ғылыми пəн бола отырып, интуицию, фольклорға сүйенетін емес, эксперименталды түрде дəлелденетін ақыл-ойға қонымды пікірлерге аударады. Мысалы, не себептен жеткіншектер ішімдікке салынады, үйлерінен безетіндігін зерттеушілер жеткіншек кезеңнің психологиясы жəне жасөспірімдерде өтірік айтудың тұлғалық механизміне сүйене отырып көрініс беруі керек. Адам тұлғасының мəселелерін зерттеумен персонология айналысады - бұл терминді Генри Мюррей (Murray, 1938) тұлға психологиясы аймағындағы экспериментатор мен теоретиктерді анықтау үшін ұсынды. Тұлға психологиясының тағы бір мақсаты - адамдарға өмірден қанағат сезімін толық деңгейде алуына көмектесу. Эксперименталды зерттеуді жəне теорияны дамыта отырып, көптеген персонологтар өмірлік қиындықтарды жеңудің тиімді əрі өнімді стратегияларын іздеумен жəне дамытумен айналысады. Мұндағы жетістіктерге психотерапияның жаңа жетістіктерін, адамдардың өз бойындағы жақсы қасиеттерін ашуға мүмкіндік беретін психоəлеуметтік ортадағы өзгерістер мен оқыту бағдарламаларын жатқызуға болады.
2. Тұлға психологиясының пәні мен міндеттері. Қазіргі таңда адам мінез-құлқының негізгі аспектілерін түсіндіру үшін персонологтар қандай тұрғыларды қолдану керектігі тұсында жалпы ортақ қабылданған пікір жоқтың қасы. Персонология дамуының бұл стадиясында көптеген альтернативті теориялар бар, олар адамдар арасындағы айырмашылықтарды түсіндіретін тұлғаны интегративтелген тұтастық ретінде қарастырады. Теория – бұл негізгі мақсаты

шынайылықты арнайы бақылаудан туындаған нəрселерді түсіндіретін туындаған өзара байланысты идея, құрылым, принциптер жүйесі болып табылады. Тұлға теориясы – адамдардың өздерін қандай да бір ситуацияда ұстауы, өз алдына қандай көрініс беретіндігі туралы ой қорыту немесе болжамды көрсетеді. Теориялар негізгі екі функцияны көрсетеді: олар мінез-құлықты түсіндіреді жəне алдын-ала болжайды. Тұлға теориясы түсіндірмелі болып келеді, өйткені ол мінез-құлықты белгілі-бір деңгейде ұйымдасқан түрде көрсететіндіктен түсінікті болады. Басқаша айтақанда, теория бізге мəлім ақпараттардың барлығыг интерпретациялауға жəне жеңіл болуына мүмкіндік беретін маңыналық қаңқасын немесе сызбасын қамтамасыз етеді. Мысалы, бес жастағы бала өз анасына не себептен романтикалық сезімі орнап, ал керісінше əкесіне деген тітіркенгіштік сезімі туындайды. Егер біз басқа да балалар осындай сезімді бастарынан өткеретіндігін білетін болсақ бұл мəселенің шешімі табылады. Тұлға дамуындағы белгілі-бір стадияға ссындай сезімдерді сəйкес келтіретін теориямен қаруланғаннан кейін біз бұл баланы жақын түсінетін боламыз. Біз дұрыс немес бұрыс қабылдауымыз мүмкін, бірақ солай болғанмен балалардың бойындағы сезімдері жөнінде ортақ мəселеге келетін боламыз. Теорияның түсіндірмелі қызметі мінез-құлықпен байланысты бақылаулар мен фактілердің көп мөлшерімен


3. Тұлға тұтас Адам жүйесінде. Тұлға құрылымы. Кез-келген тұлға теориясының негізгі белгісі адамдардың əртүрлі уақытта əртүрлі жағдайда көрініс беретін өзгермейтін ерекшеліктеріне қатысты болатын құрылымдық концепциясы болып табылады. Бұл тұрақты ерекшеліктер адам психикасының негізгі құрылымдық блогы рөлін атқарады. Олар табиғи ғылымдардағы атомдар жəне жасушалар сиқты ұғымдармен ұқсас болады. Адамдар дегеніміз кім деген сқраққа жауап беру үшін персонологтар концепциялардан құрастырылған мозаиканы ұсынады. Құрылымдық концепциялардың ішінде ең көп танымалы-бұл тұлға қасиеттерінің концепциясы. Қасиет адамның тұрақты сапасы немесе адамның алуан түрлі ситуацияда өзін белгілі-бір кейіпте ұстауға деген бейімділігін көрсетеді. Тұлға қасиеттерінің ең танымалдары- импульсивтілік, адалдық, сезімталдық, кішіпейілділік. Тұлға құрылымы талдаудың басқа деңгейінде тұлға типтері концепциясында түсіндірілуі мүмкін. Тұлға типі көптеген алуан түрі қасиеттердің жиынтығы бола отырып, нақты шектелген дербес категория ретінде суреттеледі. Адамның бойында əртүрлі деңгейде көрініс табатын көптеген қасиет болғандықтан, оны қандай да бір типке жататын етіп суреттейді. Мысалы, Карл Густав Юнг бойынша, адамдар екі категорияға бөлінеді: интроверттер жəне экстраверттер. Осы көзқарас тұрғысынан кез-келген тұлға біріншісіне немесе екіншісіне қатысты болады. Тұлға теориясы тұлға құрылымын суреттеу кезінде қолданылатын концепцияға сəйкесті айырмашылығы болады. Фрейдтің ұсынған тұлғаны Ол, Мен, Жоғары-Мен деңгейіне бөлуі оның ұйымдасуының жəне құрылымының күрделілігін көрсетеді.
4. Мотивация. Тұлғаның тұтастық теориясы адамдардың қандай да бір ситуацияда өздерін не себептен солай ұстайтындығын түсіндіруі керек. Мотивация концепциясы басқаша айтқанда, индивидтің қызмет етуінің процессуалды аспектілері мінез-құлықтың өзгермелі, динамикалық ерекшеліктеріне негізделеді.
5. Тұлға дамуы. Егер тұлғаны тұрақты ұзақ уақыт əрекет ететін ерекшеліктер жиынтығы ретінде қарасақ, олардың дамуы, жаңаны игеруі жөнінде мəліметке ие боламыз. Даму концепциясы тұлғаның қзымет етуінің мотивациялық аспектілері қалайша нəрсетелік шақтан ересектікке дейін кейіннен қартттық шаққа дейін өзгеретіндігі туралы мəселеге көңіл бөледі. Мұндай өзгерістерді түсіндурі тұлға теориясының негізгі компоенеті болып табылады. Тұлғалық даму адамда өмір бойы жүреді. Сəйкесінше, кейбір теоретиктер адамның өмірдегі дамуы жəне өсуін түсіну үшін стадиялық моделін ұсынды. Фрейд теориясында, тұлғаның қалыптасуы психосексуалды даму стадиясынның бірізділігі түріндк көрсетілуі осындай мысалдың бірі болады. Басқа мысал ретінде Эриксонның жасаған Мен дамуының сегіз стадия концепциясын айтуға болады. Бұл авторларға қайшы көптеген ғалым-теоретиктер даму мəселесін түсінуде ата-ана мен бала арасындағы өзара қарым-қатынасты маңызды фактор ретінде көрсетті. Мысалы, Карл Роджерс, таным жəне эмоционалды жағдайда ата-ананың ұстанымы жəне тұлғалық мінез-құлықтың қалыптасуына ықпалы Мен-концепцияның қалыптасуына қалай əсер ететіндігіне көп көңіл бөлді. Одан əрі біздің дамуымызға ықпалын тигізетін –денелік, əлеуметтік, интеллектуалды, эмоционалды, моралдық, жəне т.б. көптеген өзгерістерді зерттеу адам дамуының қаншалықты деңгейде күрделі болатындығын көрсетеді. Жанұядағы жағдай да адамның тұлғалық дамуына айтарлықтай ықпалын тигізеді.
6. Психопатология. Тұлға теориясының алдында тұратын тағы бір мəселе кейбір адамдар не себептен қоғамға бейімделе алмайды жəне онда тиімді түрде қызметін атқаруға қауқары болмайтындығының себебін түсіндіру болып табылады. Шын мəнінде, əрбір персонолог не себептен кейбір адамдар күнделікті өмірде патологиялық немесе адекватты емес мінез-құлық стилін көрсететіндігіне ерекше мəн береді. Патологиялық мінез-құлықтың көрініс алу себебін түсіндіру қажеттілігі көптеген зерттеу тұрғыларының туындауына əкелді. Мысалы,
психодинамикалық бағдарды ұстанатын теоретиктер, балалық шықта шешімін таппаған конфликтілер ересек жаста патологиялық мінез-құлық көрсетуге əкелетіндігіне сенім білдіреді. Бұл конфликтілер жыныстық қатынас жəне агрессияға қатысты қалаулардың қарама-қайшы болуынан туындайды. Конфликтілер ауыр симптомдардың дамуына əкеледі. Одан əрі, бұл конфликтілер саналы түрде айқын болмағандықтан, адам оның туындауына не себеп болғандығын түсіне алмай, бұл мəселе одан əрі ушыға береді.
5.Психикалық денсаулық. Адамның мінез-құлқы аспектілерін ескере отырып, тұлғаның сенімді теориясы дені сау тұлғаны бағалаудың критериін ұғыну керек. Салауатты өмір салтына не кіретіндігін анықтап алайық. Тұлға теоретиктерінің есептеуінше, бұл жалпы концептуалды модельдің маңызды компоненті болып табылады. Мысалы, Фрейд бойынша, ересек дені сау тұлға өнімді еңбек ету жəне қанағаттаналық деңгейдегі тұлғааралық қарым-қатынасты орната алатын қабілетпен ерекшеленеді деген.
Терапиялық ықпалдар арқылы тұлғаның бойына өзгерістер енгізу. Тұлға теориясы психопатологияның себептерін түсіну үшін белгілі-бір ақпарат беретіндіктен, олар мінез-құлық нормасындағы ауытқушылықтарды да түзету жолдарын ұсынады. Бұл мəселе адамдарға өз құзыреттілігін қалай арттырып, адаптивті мінез-құлық көріністерін қалайша бəсеңдетуге болатындығы, тұлғалық позитивті өзгерістерге қалай қол жеткізуге болатындығына көмек береді. Тұлғаның көптгене теорияларында клиникалық, кеңес беру аспектілері өз орнын тапты.

2 дәріс.



Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1.Тұлғаны зерттеудің әдіснамалық және әдістемелік аспектілері.
2. Ғылыми зерттеулер әдіснамасы туралы түсінік.
3. Тұлғаны зерттеу принциптері.
Бұл тарауда біз жеке тұлғаны зерттеудің ғылыми ықпалын талдаймыз, одан соң персонологтар жиі пайдаланатын зерттеу стратегияларына тоқталатын боламыз. Жеке түлғаны зерттеу, ол бақылау немесе зерттеу жүргізу болсын, ол мінез-құлыққа қатысты күрделі мәселелерді шешуге көмектесетін фактілер мен мәліметтерді жинау жағдайын білдіреді. Зерттеу мен теория арасындағы қарым-қатынас - өзара әрекет ретінде көрінуі тиіс. Теория – бір мезгілде эмпирикалық зерттеу алдындағы ойларға басшылық ету және катилизатор рөлінде жүреді. Ол мұқият сұрыпталған зерттеу нәтижелерін, әр элементі оның ажырамас бөлігін құрап тұратын жалпы келісілген жүйеге қосуға көмектеседі.
Ғылыми әдістің негізі – ой-пікірлерді эмперикалық тексерудің міндеттілігі. Яғни, бұл біздің мұқият жүргізілген бақылаулар мен зерттеулер арқасында өзгергіштіктер (переменные) арасындағы арақатынастар мен нақты фактілерді орнататындығымызды білдіреді. Өзгергіштікті зерттеуге арналған процедуралардың өзі, басқа зерттеушілер тексере алатындай сенімді әрі жүйелі болуы тиіс. Қате мәліметтерден біртіндеп қол үзуге мүмкіндік беретіндіктен, яғни эмперикалық тұрғыда алынған мәліметтердің сенімділігі мен нақтылығын арттыра түсетіндіктен, ғылыми өзін-өзі түзетудің осы аспектісі зерттеу тәжірибесіндегі мықты күш болып есептеледі. Өте маңызды мәселелерді зерттеуде пайдаланылатын көптеген зерттеу әдәстері бар және олар кей жағдайларда қарама-қарсы нәтижелер береді. Сол сияқты, әр мақсат пен ситуацияға сәйкес келетін жалғыз (біртұтас) әдіс те болмайды.
Кездейсоқ бақылаулар мен сезгіштік жорамалға сүйенуден гөрі, адам мінез-құлқы туралы теорияны тексертудің маңыздылығы қандай? Эмперикалық ықпалдың екі артықшылығы бар. Бірінші, тіпті оның ең мәнді артықшылығы – оның қатеге шыдамсыздығы. Жеке тұлға психологиясымен айналысатын ғалымдар, өз бойларында мәнді ғылыми күдікшілдікті ғана емес, сонымен бірге өзінің және қызметтестерінің де нәтижелерін тексеруден өткізуге сүйену дағдыларын да тәрбиелеген. Екі зерттеуде де бір-бірімен салыстыруға келмейтін нәтижелер мен қорытындылар шығатын болса, персонологтар мұның неден болғандығын анықтау мақсатында қосымша зерттеулер жүрзізеді. Олар сол мәліметтің дұрыстығын нақтылаудан бұрын, оның басқа бір зерттеуде дәлелденгені талап етіледі. Міне, мұның барлығы “адам туралы ғылымды” кездейсоқ бақылаулар мен түрлі көзқарасты жай ғана айта салудан ажыратып тұрады.
Эмперикалық ықпалдың екінші артықшылығы – бұл адамдар мен олардың мінез-құлықтық реакцияларын қалай суреттеу туралы пікірлерінің нақтылығы мен айқындығы. Жұмыстағы анықтама зерттеліп отырылған өзгергіштіктерді өлшеу нмесе құру үшін қолданылатын нақты әдістерден тұрады. Мәселен, психолог “депрессия” сөзіне жұмыстағы анықтаманы - өзін-өзі бағалау өлшеуіш бағанасын көрсететін, “Бектің деприссия анықтауға арналған сұрақнамасын” қолдану нәтижесінде алынған индекс түрінде беруіне болады [Beck, 1982]. Ол сонымен қатар, “агрессия” өзгергіштігіне осы уақыт аралығында субъектте байқалған агрессияның ауызша және спонтанды көрністер санын тіркеу жолымен де жұмыстық анықтама беруіне болады.
Психологтардың адамдарды зерттеуде пайдаланатын, негізгі үш зерттеу стратегиясын бөліп қарауға болады: клиникалық жағдайларды зерттеу, корреляциялы талдау және формалдық зерттеулер. Бір-бірінен ерекше әдістер ретінде ажыратыла отырып, осы барлық стратегиялар зерттелушінің айтқандары мен жасағандарын нақты бақылауды шамалайды. Бақылау, персонологияны қамтығанда, қандай да бір пәнде эмперикалық зерттеуді фундаменталды анықтап сипаттаушы болып табылады. Сондықтан, нақты зерттеулерге кіріспес бұрын, зерттеуді ұйымдастыру барысында бақылаудың мәні мен мағынасын қарастырып өтейік.
Бақылау: алғашқы бастама. Қандай да болмасын, әр зерттеу, ол ауру тарихын зерттеу, корреляционды тәуелділікті анықтау немесе лабораториялық зерттеу , барлығы бақылауды қосып алады. Бақылау дегеніміз -бұл, онсыз жеке тұлғаны зерттеуге ешқандай ықпал жоқ.. Кей жағдайларда зерттеу идеясының пайда болуы жүйеленбеген бақылаудан басталады. Мысалы, біз екі сыныптас қыздың өздерінің бақылау жұмыстарына оқытушының қойған төмен бағасын түрлі себептермен сөгіп жатқандығын кездейсоқ бақылауымыз мүмкін. Сонымен бірге, біз ол екеуінің өзін-өзі бағалауының әртүрлі екендігін және олардың өздерінің сәтсәз жауаптарын басыңқы күймен елегендіктерін байқауымыз мүмкін. Соған орай, біз өзін-өзін бағалауының жеткілікті түрде жоғары болмауы адамдардың өз сәтсіздіктерінде басқаларды айыптау беталысына себепші болады немесе сәтсіздік басыңқылықпен бірге жүреді деп есептей аламыз ба?
Мінез-құлық туралы мәлімет алудың басқа бір жолы – мінез-құлықты өмір жағдайында шынайы табиғи көрністерін бақылау мен тіркеу, бірақ жүйесіз бақылауға қарағанда кішкене болса да әдісқой бақылау. Бұл табиғи бақылау деп аталатын бақылау. Балалардағы ойын және достық қарым-қатынас үлгісі, жас өспірімдердің қоғамға қарсы мінез-құлқы, толықтау немесе салмағы қалыпты адамдардағы тағамдық әдеттер, жетістікті менеджерлердің бизнестегі басқару стилі, сонымен бірге, көптеген клиникалық құбылыстар табиғи бақылау жолымен зерттелінген.
Табиғи бақылау қаншама қарапайым көрінгенмен, оның да шектеулері бар. Көбіне, негізгі мәселе, бақылаушылар толығымен немесе мүлдем бақылай алмайтын ойламаған жағдайлардың куәгері болуында тұр. Бұған бақылаушының өзінің де проблемалары да қосылады: бақылаушы адамның жалған сенімі мен күтулері (ожидание) бақыланып жатқан қай жағдайға қатты назар аударыуы мен қай кезеңдердің анық есте сақталуына әсер етуі мүмкін. Бұл әдіс бақылау нәтижелерін жалпылау бақылаушылар объектілерінің (адамдар немес ситуациялар) шектеулі санына негізделуіне орай сынға қалып жүр. Және тағы бір жайт, тіркеп және бақылап жатқан құбылысқа бақылаушылардың өздері де ниет қатпай-ақ, жүріп жатқан жағдайға араласып кетуі ықтимал[Kazdіn, 1982]. Бақылаушы шиеленісті шешу стилін зерттеу мақсатында жанұядағы пікірталастың жүру барысын бақылап отыр делік. Оның сол жерде болуы, шиеленісті шешу тәсілін таңдауға елеусіз әсер ететін фактор болып табылмас үшін, ол жанұя мүшелері арасында қандай дәрежедегі сенімге ие болуы керек? Осы проблемаларға қарамастан, табиғи бақылаудың артықшылықтары анық: біз лабораториядағы жасанды ахуалда немесе интервью кезінде емес, күнделікті өмір жағдайларындағы адамдардың, достар мен жанұялар арасындағы мінез-құлық үлгілерін аламыз.

3 дәріс.



Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

  1. Қазіргі тұлға теорияларын топтастыру.

  2. Тұлға теорияларының негізгі функциялары мен құрамдас бөліктері.

Адам жеке тұлғасының табиғаты жайлы теориялық ұғымдардың тұтастай қатары бойынша қашық, әрі кейде оңай емес саяхатының соңына жеттік. Саяхатын аяқтаған оқырман, жеке тұлғаның зерттеудің – ең толқытатын ең күрделі әрі фрустрация күйіне түсіретін психологияның аймағы екендігімен келсетін болар, сірә. Біз осы жолда талқылау пәнінің сіздің назарыңызға лайық болар деп үміттенеміз.
Адамның нормадағы және патологиядағы мінез-құлқының күрделілігі мен әртүрлілігін түсіндіруге тырысқан, персонологтардың айрықша тұжырымдамалары мен құрастыруларының ауқымдылығын көрдік. Осы кітапта ұсынылған теориялық ағымдардың ешқайсысы бірін-бірі ығығыстырмағанымен, оның әрқайсысы назар құптауға лайықты.
Кез келген ағым адам тұлғасының мәнін түсінуде «неғұрлым толықң ұғымды алу үшін жалпы көрніске қосатын құнды көзқарастарды қамтиды.
Дегенмен де, оқырман бәлкім, адам мінез-құлқы жайлы біздің түсінігімізді тереңдету үшін, жаңа тұжырым үлгілерін құрастыру қажеттілігін сезінген болар. Олай болса, біздің оқулығымыз осы саланың бүгінгі жағдайын бейнелей алды. Жиынтығында қарастырылған бұрыңғы және неғұрлым қазіргі заманғы ттеориялар адам мінез-құлқының себептерін түсінудің негізгі ірге тасын құрайды. Дегенмен де, осы саланың алға жылжу қарқыны персонологтардың жаңа буыны адам тіршілігінің мүмкін емсе күрделілігін түсінудің бара-бар теориялық кеңістігін құрай алу қабілеттеріне байланысты.
Осы біздің зерттегенімізге персонлогтың теориялардың және эмерпикаті зерттеулердің болашақтағы дамуына ықпал етуі тиіс қарқындар мен қиындықтарды кейбір аспектілерді анықтау ғана қалды. Жеке тұлға психологиясының болашақтағы қозғалысының қай бағытта өрбейтіндігін білу үшін барлық қарқындар және сыни мезеттерді түсінген түсінуге болмайды. Бір нәрсені ғана сенімділікпен айтуға болады – персонологияның дамуы мен өзгеруіне байланысты жаңа әрі даулы мәселелер үнемі туындап отырады. Біздің жаңа қарқындар мен сыни мезеттерді анықтау әрекеттеріміз, жеке тұлға теориясының ары қарай дамуы жайлы жорамалды құрастыруға ғана бағытталады. Сонымен бірге, біз осы кітапта қарастырған түрлі ағымдардың, персонлогтардың теориялары мен зерттеулердің дамуына қандай дәрежеде ықпал ететінін талқылауды жөн көрдік.
Бірақ алдымен персонология бағыттарының зерттелуі мен салыстырылуы үшін, осы кітапта қолданылған тұрғының нені бергені жайлы біршама айтып кетеміз.
Адам табиғатына қатысты фәлсафалық тұрғылар жеке тұлғанын қазіргі замандағы теорияларында орын алған теоретиктер көзқарасының кең ауқымын бағалау үшін дәлелді әрі пайдалы үлгісін анықтайтынына сенімдіміз. Бұл тұрғылар жеке тұлға психологиясының тұжырымдамалы сүйенішін құрайды; олар мінез-құлық, ойлау, сезімдерін қалайша тепе-тең түсіндіруге тырысуларының негізін қалыптастырады.
Өткенге шолудағы негізгі ой-желістері.
Адамның табиғаты жайлы негізгі тұрғылардың жеке тұлға психологиясының түрлі ағымдары қалыптасып, ақырында тексерілетін шектерді анықтайтыны осы кітаптың орталық біріктіруші тезисі болып табылады. Олар сонымен бірге, жеке тұлға теоретиктері келісетін не келіспейтін негізгі тұрғыларды көруге жағдай жасайды (12.1 суретттен осы кітапта талқыланған қайсібір теоретиктердің қандай фәлсафалық көзқарасты ұстанағанын көре аламыз) қорытынды тарауда кейбір жаңа мәселелерді көтеріп, осы негізгі тұрғылардың табиғаты жайлы, жеке тұлға психологиясындағы осы шақтағы және болашақтағы дамуындағы ролі жайлы ойлаған орынды.
Алдымен, біздің бірінші тарауда көтерген негізгі мәселеге қайта оралайық. Авторлар, адам табиғаты жайлы негізді тұрғылар теоретиктердің өзіне тән жеке күйзелістерін біршама бейнелейтінін болжайды. Қайсібір персонолог ұстанған тұрғыларды түсіну үшін (олардың «қайдан алынғанынң түсіну үшін)оның діни және әлеуметтік-нарықтық дәрежесін, жанұя мүшелерінің санын және туған күндерінің ретін, ата-аналарымен қатынастарын, білім және кәсіби тәжірибесін түсіну қажет. Өмірбаян очерктері оқырманға теоретиктің жеке өмірінің жағдайлары оның бастапқы көзқарастарына және жеке тұлға теориясына қалайша әсер ететтіндігінің мәнін ашу үшін көмектесетініне сенімдіміз.
Сонымен бірге, біз ғалымның өмір сүру жағдайлары (мерзімі, орны) оның негізгі тұрғыларына және одан туындайтын адамзат тұжырымдамасына біршама әсер ететінін болжаймыз. Мәселен, Фрейд көзқарастары, тарихшылар Еуропаны викториян ғасыры деп атаған уақытта құрастырылған. Викторияныд қоғам адамға қатысты ақылға қонымды және өнегелі көзқарасымен ерекшеленеді. Бұл қоғамда сексуалдыққа адам табиғатын үрейлендіретін әрі орынсыз қыры ретінде қараған болатын. Адамдардың тіптен нәрестелік шағында сексуалды және агрессивті ұмтылыстарымен итермелейді деп өз заманының көптеген өкілдерін шошытып, балағаттады. Сол заманның Шопенгауэр және Ницше сияқты ғұламалары адамның мінез-құлқын қуатты санадан тыс әрі ақылға қонымсыз күштермен реттеледі деп айтқан болатын. Фрейдтен бөлек, Абрахам Маслоу 1950-1960 жылдары – көптеген американдық психологтардың назары экзистенциялы және феноменді бағыттарына ауған кезде, өз тұжырымдамалары мен ой-желістерін өңдей түскен болатын. Еуропадағы ушыққан саяси жағдайларға байланысты АҚШ-қа қоныс тепкен көрнекті персологтармен таныстығы оның көзқарастарына ықпал етті. Алфред Адлер, Эрих Фромм және Карен Хорни адамдағы саналыны, құндылықтарды және қалыптасуларды баса көрсеткендігі, Маслоудың дүниетанымына біршама әсер етті. Егер де Фрейд, Маслоу немесе қайсібір теоретик басқа әлеуметтік, мәдени не тарихи ортада өмір сүрген болса, олардың адам табиғатына қатысты көзқарастары, бізге белгілі көзқарастарынан біршама ерекшеленетін еді.
Адам табиғатына қатысты теоретиктердің негізгі ой–желістеріне байланысты жетекші позицияларға шолу.

  1. Қазіргі тұлға теорияларын топтастыру.

Тұлға теорияларының негізгі функциялары мен құрамдас бөліктері.

4 дәріс.

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):


  1. Тұлға теориясындағы психодинамикалық бағыттар (З.Фрейд).

  2. Психодинамикалық бағыттың қысқаша сипаттамасы.

  3. Тұлға теориясына ғалымның өмірбаянының ықпалы.

1.Фрейдтің теориясын мойындамай қазіргі кездегі тұлға теориясына баға беру қиын болады. Біз оның қандай да идеясын мойындаймыз ба əлде теріске шығарамыз ба, оған тəуелсіз жиырмасыншы ғасырдағы Батыс өркениетіне Фрейдтің ықпалы болғандығы бəріне мəлім. Адамға деген оның көзқарасы сол кезде əлемді жайлаған викторианды қоғамға үлкен соққы болып тиді: ол сол кезде адамға қатысты қол жепейтін, жасырын, қараңғы болып келген психикалық өмірщдің аспектісіне қол жеткізуге тырысты.

45 жыл ғылыми іс-əрекет, клиникалық тəжірибе нəтижесінде Фрейд мыналарға қол жеткізді:



    1. алғаш рет кең сипатталған тұлға теориясы;




  1. терапиялық тəжірибе жəне өзіндік талдауға негізделген клиникалық бақылаулардың кең тараған жүйесі;

  1. невротикалық бұзылыстарды емдеудің ерекше əдістері;




  1. басқа əдістермен емдеу мүмкін болмайтын психикалық процестерді зерттеудің əдістерін жасады.

Сана деңгейлері: топографиялық моделі. Психоанализдің ұзақ уақыт дамуы барысында Фрейд тұлғалық ұйымдастырылудың топографиялық моделін қолданды. Бұл моделге сəйкесті адам психикалық өмірінде үш деңгейді көрсетуге болады: сана, сана алдылық, бейсаналылық.


Тұлға құрылымы. Тұлғаның ұйымдастырылуының сипаттамасында саналы түрде танылмайтын психикалық процестер концепциясы басты назарда болды. Бірақ жиырмасыншы жылдың басында Фрейд психикалық өмірдің концептуалды моделін қайта қарап, тұлға анатомиясына үш құрылымды енгізді: Ол, Мен, жəне Жоғары-Мен (ағ.Ид,Эго, Супер-Эго). Тұлғаның үш бөлімді бұл көрінісі психикалық өмірдің құрылымдық моделі түрінде таныс.


Фрейд бойынша Ол примитивті, инстинктивті, туа пайда болатын тұлғаның аспектілерін көрсетеді. Ол тұтастай бейсаналы əрекет етеді жəне біздің өмірімізді энергиямен толықтырып отыратын инстинктивті биологиялық қозғаушы күштермен тығыз байланысты (тамақ, ұйқы, дефекация, копуляция). Фрейд бойынша, Ол-заңды білмейтін, ережеге бағынбайтын, қараңғы, биологиялық, хаостық күйдегі нəрсе. Ол тұлғаның бүкіл өмірі бойы орталық орында болады. Қысымшылдықтың тез арада күш жинауы қанағаттану принципі деп аталады. Ол осы принципке бағынады, өзін импульсивті, нарцисстік кейіпте көрсетіп, өзгелер үшін келетін зияндарға мəн бермей, өзіндік қорғануға ерекше көңіл аударады. Ол қорқыныш пен үрейді сезбейтіндіктен, ол алдын-ала қорғану, қамдануға тырыспайды, бұл факт индивидуум жəне қоғам үшін өте қауіпті болып келеді.




Мен - шешім қабылдауға жауап беретін психикалық аппараттың компоенеті. Мен Ол-ң қалауын көрсетіп, сыртқы əлемнің салған шектеулеріне сəйкесті қанағаттандыруға тырысады. Мен өз қызметі мен құрылымын Ол-н алады. Осылайша, Мен ағзаның өзіндік қорғануы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Ол-ң Тіршілік үшін күресте əлеуметтік əлемге жəне инстинктивті қажеттіліктерге қарсы Мен психикалық тұрғыдан жəне сыртқы əлемнің шынайы оқиғалары арасындағы дифференциацияны жүзеге асыруы керек. Мысалы, аш адам тамақ іздеу ьарысында көз алдында туындайтын көріністегі ас пен шынайы өмірдегі тағамды айыра білуі керек. Ол-а қарағанда Мен шынайылық принципіне сүйенеді, оның мақсаты- сырқы ортада қуаттануға мүмкіндік табылғанға дейін немесе осы уақыттың туындауына дейін инстинктердің қанағаттануын уақытша тоқтата тұрі арқылы ағзаның тұтастығын сақтау болып табылады. Шынайылық принципі ағзаға уақытша кедергі болып, тежелуін қамтамасыз етіп, Ол-ң ерсі энергиясының босауына жол ашып отырады. Мысалы, жыныстық қажеттіліктің көрінісі ыңғайлы объект пен жағдай кездескенге дейін кейінге шегеріліп отырады.

Екіншілік процес деп аталады логикалық ойлаудың күшіне сйүене отырып, Мен мінез-құлықты қажетті салаға салады жəне ол индивидуум əрі қоғам үшін қауіпсіз болады. Осылайша, Мен тұлғаның интеллектуалды процестері мен шешімдер қабылдауындағы «атқарушы органы» болып табылады.





Скачать 328,5 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




База данных защищена авторским правом ©psihdocs.ru 2023
обратиться к администрации

    Главная страница