Суда жүзе білу өмірге өте қажет. Адам баласы ерте заманнан беру сауда жүзумен айналысып келеді. Ал жүзуді, сүңгуді, судың бетінде қалқауды адам іштен туа білмейді



Скачать 95,06 Kb.
страница1/2
Дата07.04.2019
Размер95,06 Kb.
  1   2
СУДА ЖҮЗУ

02.02.2014, 21:45

Бақылау жұмысы

Суда жүзу


Суда жүзе білу - өмірге өте қажет. Адам баласы ерте заманнан беру сауда жүзумен айналысып келеді. Ал жүзуді, сүңгуді, судың бетінде қалқауды адам іштен туа білмейді. Мұны бала кезінен үйренген жөн, есейе келе ол кімге болса да қиынға соғады.

Жүзе білетін адам судағы неше түрлі кедергілерді жеңеді, біреу-міреу суға бара жатса, оны құтқара да біледі.

Судың ішінде адам салмақсыз болатындықтан, денеге көп күш түспейді де омыртқа жотасы созылады, бұлшық ет талшықтары ұзарады. Соның әсерінен адам тұлғасы сымбаттанып, қимыл-қозғалысы еркін де әсем көрінеді.

Жүзу кезінде адам кеуде мен қарынға түсетін судың қысымын ішке терең дем тарту арқылы жеңеді, мұның өзі тыныс алу жүйелерін жетілдіріп, жұмысын жақсартады, оттекпен қамтамасыз етіп, өкпенің көлемін ұлғайтады.

Ерте заманнан бері халық арасында таралған су бетінде қозғалу тәсілдері мынадай: су ішінде тіке тұрып қимылдау, бақаша, итше қырындап жүзу және теңізшілердей жүзу тағы басқа.

Жүзу дегеніміз судың бетімен немесе ішімен белгілі тереңдікте қолмен және аяқпен есу қимылдары арқылы адамның ілгері жылжуы. Осыған сәйкес бір-біріне ұқсас екі тәсіл болады - ол жүзу тәсілі және сүңгіу тәсілі. Бірақ олардың бір-бірінен айқын айырмашылығы бар.

Алға қойылған мақсатқа қарай, жүзуді негізінен мынадай үш түрге бөледі: жалпы жұртшылықтың жүзе білуі, спорттық жүзу және қолданбалы жүзу.

Жұртшылықтың жүзе білуінің маңызы - жалпы халықтың дене тәрбиесін жетілдіруге тигізетін көмегінде. Мұны жүзеге асыру үшін, екі түрлі жұмыс атқарылды:

1. Көпшілікке жүзуді үйрету.

2. Жүзудің көмегімен денсаулықты және дамуын нығайту.

Жүзе білудің негізгі құндылығы – суға барып бара жатқан адамдарды құтқару, оларға уақытында көмек көрсету. Осыған байланысты халықты, әсіресе жасөсіпірім балаларды жүзуге үйрету - маңызды міндет.

Суда жүзудің пайдасы –адамның денсаулығын нығайтатындығы, сонымен қатар ол адам өзін таза ұстауға және денесін шынықтыруға көмектеседі.

Жүзуді үйрету - дене тәрбиесінің кең тараған маңызды түрі. Ол балалар бақшасында, мектептерде, орта және жоғары білім оқу орындарында іске асырылады. Мектеп оқушыларына жүзуді үйретуге ерекше мән беріледі. Сондықтан жүзу сабағы мектептердің дене тәрбиесі оқу бағдарламасына енгізіледі.

Жүзу сабағы міндетті түрде дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдерін, спортшыларға оқу пәні ретінде өтеді. Бұл пән институттардың, орта білім беретін дене шынықтыру оқу орындарының және мектептердің оқу жоспарларына еншізіліп оқытылады. Сондықтан жүзу сабақтарын маман адамдар өткізуі керек.

Спорттық жүзудің маңызы. Жүзумен шұғылданудың спорттық жетістіктерге жетуде маңызы зор. Мысалы: суға секіру, су шаңғы спорты, есу желкен спорты және т.б. мұндай спорт түрлерімен айналысу үшін алдымен жүзіп үйрену қажет. Ал су добы, су асты және мәнерлі жүзу спортының негіздері - жүзе мен сүңгу. Бұл екеуін шебер меңгерген спортшының жоғарыда аталған су спорты түрлері талап қойылады. Мысалы: су добы спорты үшін керегі доппен және допсыз жүзгенді жылдамдық пен ептілік, су асты спортында қолыңдағы қажетті құра-жабдықтарды тастамай, тез жүзіп, сүңғи білу қажет.

Суда жүзудің мынадай спорттық әдіс тәсілдері бар. Кроль – еркін жүзу (етпеттеп және шалқалап), брасс және баттерфляй (баттерфляй кейде дельфин деп те аталады).

Спорттық жүзудің осы түрлерімен шұғылданатын адамдар жүзу әдістерін тыңғылықты орындауға дағдыланады. Жүзген кезде қимыл-қозғалыстың әсерінен дененің барлық бұлшық еттері жұмыс істейді, мұның өзі адамның денсаулығына және тұласына сымбатты болуына көмектеседі. Ал жүзу қашықтығын ұзартқанда, жылдамдықты шапшаңдатқанда денеге түсетін күш біртіндеп байқалады. Осыған жаттығу адамның дене құрылысының төзімділігі ұлғайтады және икемділігін арттырады.

Спорттық жүзу әдістерінің өзіндік ерекше айырмашылықтары бар: аяқ-қолдың қимылдары, тыныс алу, дем шығару, жүзуді бастау сәттері, бұзылу т,б,. Мысалы: кроль әдісімен етпеттеп және шалқалап жүзгенде аяқ пен қолдың қимылын кезектесіп орындалады да, ал брасс және баттерфляй әдістерін қолданғанда қол мен аяқ қатар, бір уақытта бірдей қимылдайды.

Күш-қуатты аз пайдаланып, үлкен табысқа жету үшін спорттық жүзу әдістерімен қимылдары үнемді, дұрыс пайдалануы керек.

Жүзуден бағдарламаға сәйкес ерікн әдіспен мынадай қашықтықтарды жарыстар өткізіледі: 50,100,200,400,800, 1500 метрге (жаттығушының қалаған әдісімен әдетте ең жеңіл, шапшаң әдіс болып саналатын етпеттеп кеудемен жүзу); 100 және 200 м бассейн, 100, 200 м баттерфляймен (әдеттер мұның шапшаңдылық түрі дельфин әдісімен орындалады); 100 және 200 м шалқалап кроль әдісімен жүзу; 200 немесе 400 м қашықтықты жүзуші құрама тізбектен орындайды; 50 м немесе 100 метрден (қашықтықты төртке тең бөліп) - баттерфляймен, шалқалап, брасспен, еркін әдіспен аяқтайды; эстафета (алмасу): 4Х100 м бірін-бірі ауыстыратын төрт жүзуші орындайды, жарысты шалқалап жүзу әдісінен бастайды, сонан кейін брасс, баттерфляй және еркін әдіспен аяқтайды, 4х100 м еркін әдіс – ер адамдар үшін.

Қолданбалы жүзудің маңызы. Мұндай жүзу еңбек өнімділігін арттыру және еңбекшілердің денсаулығын сақтау мақсатын көздейді. Жүзу мен сүңгу қолданбалы тәсілдерге жатады. Бұоапдың қолдану мүмкіндігі өте кең.

Жазғы қапырық, ыссы күндерде амалдар жүздеп, мыңдап жағажайларға - өзен-көлдердің, теңіздердің жағаларына жиналады. Судың жағасындағы таза, салқын ауа, күннің сәулесі, табиғи көгілдір өсімдіктер дүниесі демалысқа өте пайдалы. Әрине мұның бәрі, әсіресе жақсы жүзе білетін адамдарды ерекше рақаттандырады.

Жүзудің қолданбалы тәсілін өзен-көлшіктерді, тоғандарды, каналдарды жүзіп өткенді, судың астынан бір зат іздегенде суға батып бара жатқан адамды құтқару кезінде кеңінен пайдалануға болады. Ол үшін жүзудің спорттық әдістерін білу шарт. Себебі адам өзін суда жақсы ұстай алмай тұрып, жүзудің қолданбалы тәсілдерінің меңгере алмайтыны белгілі.

Жүзудің спорттық әдістерін меңгергеннен кейін әрбір адам жақсы сүңги білуге, жолдағы кедергілерді жүзіп өтуге, суға батып бара жатқан адамды құтқару тәсілдерін білуге тиіс. Жақсы жүзе білетін адамның небір қиын жағдайда таңғажайып ерліктер көрсете алатыны да белгілі. Ал жүзе білмейтін немесі қатты ағынды су ала жөнелсе, өзін-өзі ұстай алмай, сасқалақтап су жұтып ағып кетуі ғажап емес. Қолданбалы жүзудің маңызды түрі - суға кеткен, апатқа ұшыраған адамды құтқару. Бұл түр теңізшілерге, балықшыларға, сал ағызатын жұмысшыларға, ғарышкерлерге және дене тәрбиесі мұғалімдеріне қажет.

Жүзудің денсаулыққа әсері. Жүзу – дене шынықтыру үшін нәтижелі әдістерінің бірі. Ол тұрақты тазалық дағдыларын қалыптасуын мүмкіндік туғызады.

Судың температурасы адамның дене қызуынан қан уақытта да төмен болады, сондықтан су ішіндегі адамның денесінен ауа кеңістігіне 50-80% артық жылу тарайды. Шомылу және жүзу дене мүшелерінің сыртұы температура өзгерістерінен, салқыннан пайда болатын ауруларға шалдықпай, төзімді болуын тәрбиелейді. Ал жүзу өзен-көлдеде өткізілетін болса, күннің шуағы мен таза ауа адам денесіне күшті әсер етеді.

Жүзе – жүрек, қан тамырлары мен тыныс алу жүйелерін жетілдіруге жақсы әсерін тигізеді. Жүзумен жүйелі түрде шұғылданып жүрге адамның жүрек соғуы минутына 72-ден 48-50-ге дейін сирейді, ал қанның көлемі жүрек бір соққанда 70-80 мл-ден 120-140 мл-ге дейін көбейеді.

Жүзу тыныс жүйелерін нығайтып, оның жұмысы дағдыландырып, өкпенің тұрақты сыйымдылығын ұлғайтады. Мысалы, жүзумен жүйелі түрде шұғылданып жүрген спортшылардың өкпесінің сыйымдылығы 4000-7000 см 3 дейін, кейде одан да көбірек ұлғаяды.

Судың тығыздығына байланысты тыныс алу, дем шығару қиындайды, тыныс алу судың қысымына, ал дем шығару судың кедергі күшіне байланысты.

Жүзу жүйке жүейсін бекітіп, адамның ұйқысын, асқа тәбетін жақсартады, сол себептен дәрігерлер жүзуді емдік амал ретінде ұсынады. Дене шынықтыруда және емдеуде жүзу сабағы кеңінен таралған әдіс. Жүзу әсіресе балалардың дене құрылысын, денсаулығын жүйелі түрде нығайтуға пайдалы әсерін тигізеді. Сонымен қатар жүзу сабағы балалардың қол-аяқтарының тірек-қимыл жүйесін бекітіп, денесін дамытады және төзімділігін арттырады. Баланың денесі күшті, буындары иілгіш, қимылдары шапшаң және әсем болуына ықпалын тигізеді.

Жүзу егде адамдарға да пайдалы, өйткені ол адам денесінде зат алмасуды күшейтетін жолдың бірі.

Жүзу — адам мен жануарлардың, су түбіне тимей қозғалу әдісі. Ол қозғалыс, көңіл көтеру және демалыс амалы, сондай-ақ спорттың бірегей түрі болып саналады.

Оның ағзаға, әсіресе, жүрек пен тірек-қозғалыс жүйесіне беретін жалпы беріктендіргіш және сауықтыру әсері бойынша дене белсенділігінің басқа түрлерінің арасында оған тең келетіні жоқ. Көне Грекияда жүзу дене тәрбиесінің маңызды құралы ретінде пайдаланылған.

Жүзумен барлық жастағы және мүмкіндіктегі адамдар айналыса алады, өйткені дене суда ұсталып тұратындықтан, ешбір бұлшық етке немесе буынға артық салмақ түспейді. Оның үстіне қажетті құралдары да көп емес, жүзуді кез келген жаста бастауға және оған деген бейімділікті сезінгенше жалғастыра беруге болады.

Жүзудің кейбір жақсы жақтары:

1. қарама-қайшылығы аз;

2. төзімділік пен икемділікке әсер етеді, қан айналымын белсендіреді;

3. бұлшық ет тепе-теңдігін оңтайландырады (көптеген кәсіпқой спортшылар жаттығудың бір бөлігін міндетті түрде қауызда өткізеді);

4. бұлшық ет және буын жарақаты мен аурулары кезінде қалпына келтіру терапиясы ретінде қолданылады;

5. ширығуды болдырмаудың тамаша құралы болып табылады;

6. еңбек қабілеттілігін арттырып, өмірлік күш береді;

7. салмақты бақылап отыруға мүмкіндік береді;

Алайда, жүзу арқылы салмағын түсіргісі келетіндер үшін кері әсері болуы да мүмкін. Жүзуден тек арықтауға ғана емес, толуға да болады екен!

ҚР еңбегі сіңген спорт шебері, жүзуден жаттықтырушы Екатерина Геннадьевна Полевая: «Қауызға келетіндердің көпшілігі жүзбейді, шомылады. Яғни, жолдың бойымен баяу, жалқаулана қозғалып жүреді. Мұндай кезде калория шығындалмайды, есесіне «жаттығудан» кейін қарныңыз ашып тұрады! Өйткені қандағы қант мөлшері төмендейді, ал оның қорлары қанға түспейді: түскен салмақ дұрыс емес. Қызу, дұрыс салмақ түскен кезде бауыр қанға өз қорындағы қантты бөліп шығарады, сонда сіздің екі сағатсыз қарныңыз ашпайды. Міне, сонда ғана жүзген сайын сымбаттана түсесіз. Ал адамдардың басым көпшілігі суда шолпылдайды да, тезірек тамақ ішуге жүгіреді», - деп түсініктеме берді.

Бірақ жаңа бастағандар үшін сабақтың қарқындылық мәселесі қатаң түрде жекелей шешіледі. Сондықтан, егер сіз көптен бері жүзбей, енді жүзуді бастасаңыз, суға сүңгуге асықпаңыз, кәсіби жүзушілердің кеңесіне құлақ салыңыз, сондықтан алғашқы сабақтар сізге көбірек пайда әкелетін болады.

Құрғақта: 1. душқа шайынып, жеңіл жаттығу жасаңыз — 2-3 минуттай орныңызда жүгіріңіз, қолыңызды иығыңызға қойып, шеңбер жасап айналдырыңыз, отырып тұрыңыз, басыңызды айналдырыңыз және т.б. Осылайша бұлшық еттеріңізді қыздырып, жүрек-тамыр жүйесін жұмысқа дайындайсыз.

2. Тыныс алуға жаттығыңыз: ауызбен дем алыңыз, ал мұрынмен дем шығарыңыз және мұны соңына дейін жасаңыз. Осылайша суда тыныс алып, сіз гипоксияның (кислородтың жетіспеушілігі) дамуын болдырмайсыз, яғни жүзу кезінде аз шаршайсыз, бүйіріңіздің ауруын болдырмайсыз.

3. Егер сіз жүзу және тренажер залында қатар айналыссаңыз, онда қауыздың алдында жатығып алғаныңыз жөн, мұндай жағдайда судағы қозғалыс крепатура пайда болуының алдын алады, сондай-ақ бұлшық етті икемді қозғалысқа бейімдейді.

Суда: 1. Тақтайшамен жүзіңіз. Ұялмаңыз: бұл аятарыңыздың бұлшық еттерін қыздыру үшін қажет.

2. Бір ырғақпен жүзіңіз. Баяу жүзіп, бірақ ырғақты үнемі сақтай отырып, тоқтаусыз жүзген жақсы. Осылайша жаттығу тиімділігі арта түседі, ал керісінше болса, азаяды.

3. Салмақ бұлшық еттің барлық топтарына түсетіндей етіп жүзу стилін ауыстырып отырыңыз. Осылай сіздің сымбатыңыз үйлесімді дамитын болады. Еркін стильден (құлаштап жүзу) немесе шалқадан түсіп жүзуден бастаңыз. Олар техникасы жағынан күрделі емес және жылдам меңгеріледі.

4. Егер сіз бұл істі жаңа бастасаңыз, алдыңызға қандай мақсат (арықтау, бұлшық еттерін беріктендіру т.б.) қойсаңыз да 20 минуттан бастаңыз. Егер одан аз болса — тиімділігі шамалы болады. Аптасына үш рет айналыссаңыз жеткілікті. Ақырындап, ек-үш ай ішінде жүзу уақытын 45 минутқа дейін көбейтіңіз. Егер сіз жаңа бастап, нәтижелерге тезірек қол жеткізгіңіз келсе, өзіңізді сезінуіңізге байланысты жүзу ұзақтығын реттеңіз.

Шұғылданып болған соң: шашыңызды ғана жақсылап кептіріп қоймай, құлағыңызды да судан босатыңыз! Ол үшін басыңызды екі иығыңызға кезек-кезек еңкейтіңіз және осы қалыпта 30 секунд ұстаңыз. Егер құлағыңыз бітеліп қалса, еңкею бұрышын ауыстырып ұстаңыз. Егер бұлай жасамасаңыз, көшеде, тіпті жылы уақыттың өзінде құлақтың қабынуы мүмкін.

Күтпеген жағдайлар: 1. Егер аяғыңыз тартылып қалса, абыржымаңыз. Аяғыңызды түзу ұстап, басын өзіңізге қаратып созыңыз. Осылай бұлшық ет жазылады да, тартылғаны басылады. Ыңғайлы болу үшін қауыздың шетінен немесе жолдардың жиегінен ұстауға болады.

2. Егер бүйіріңіз шаншып кетсе (бұл дұрыс дем алмаудан да болуы мүмкін), тоқтаңыз да, терең дем алыңыз, деміңізді суда шығарып, тереңірек тыныс алуға тырысыңыз. Осылайша тыныс алу тезірек қалпына келеді.

Екатерина Геннадьевнаның пікірі бойынша, ең дұрысы жүзуді 7-8-9 жаста үйренген жөн: «Балалар тез үйренеді, оларда су апатынан қорқу сезімі әлі қалыптаспайды ғой». Алайда, сіздің балалық жастан кеткеніңізге талай уақыт болса да, жүзіп көріңіз! Жүзуді бастасаңыз-ақ, өзіңіздің құмартып қалғаныңызды байқайсыз, денеңіз суға түсуді аңсап, миыңыз демалыс пен тыныштықтан рақат табатын болады.

Сабақтың тақырыбы: Суда жүзу ережелері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды судың қандай болатынымен таныстыру, талдау.

Дамытушылық: Оқушылардың ойөрісін, сөйлеу тілін, шығармашылық қабілеттерін

дамыту.

Тәрбиелік: Табиғатты қорғауға оны сүйе білуге баулу. Туған жердің экологиясын қорғауға

үлес қосу

Көрнекілігі: Суреттер, дидактикалық материалдар

Әдісі: ой қозғау, сұрақжауап, топтастыру, миға шабуыл

Түрі: жаңа материалды меңгерту

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Үй жұмысын тексеру.2 тапсырма

ІІ Оқушыларды психологиялық дайындау

ІІІ.Тренинг.
«Әріптер әлемі» жаттығуы.

Нұсқау: «Қауіпсіздік» сөзі беріледі. Осы сөздегі әріптерді пайдаланып барынша көп сөз

құрау қажет. Сөз құрауда бір әріпті 2 рет қайталауға болмайды.

Сабақтың тақырыбын анықтау үшін тақырыптың сөздері буынға бөлініп, орындары

ауыстырылған. Орнына қойып,сабақтың тақырыбын анықтаймыз.

І. сөзДА,СУ ІІ сөз ЗУ, ЖУ ІІІ сөзРІ, ЛЕР,ЕРЕЖЕ

ІҮ.Ой қозғау

Ү.Су туралы ассоциация жазу.





Су – сұйық зат.



Аспаннан жауын түрінде түседі.

Күн суытқан кезде су қатты күйге айналады.

Су буға айналады, ұшып кетеді

Бу мөлдір,түссіз газ.

ҮІ. Суда жүзу ережелерімен таныстыру
Сабақ жоспары: «Ән –көңілдің ажары»

Күннің қатты ысығанынан барлық су айдындарда демалушылардың саны күрт өсуде. Суда

демалыңыздар, күштеріңізді және денсаулықтарыңызды нығайтыңыздар, бірақ Есте

сақтаңыздар!

Судағы қайғылы жағдайлардың негізгі себебі болып азаматтардың судағы қаупсіздік

ережелерін дөрекі бұзуынан немесе оны білмеулерінен болып табылады.

Судағы негізгі қауіпсіздік ережелерін оқыңыздар және есте сақтаңыздар:

• тек жабдықталған жағажайлар мен басқа да шомылуға арналған орындарда, ресми

рұқсаты және құтқару қызметі бар жерлерде шомылыңыздар;

• жүзе білмей белдеріңізден жоғары келетін суға кірмеңіздер;

• шомылу кезінде бір біріңізді көзден таса қылмаңыздар;

• жағадан алыс, қойылған белгіден ары жүзіп кетпеңіздер;

• жүзе білмей, дөңгелекті, үрлемелі матрасты пайдаланбаңыздар;

• жүзіп келе жатқан катерлер мен қайықтарға жақындамаңыздар;

• қайықтан, көпірден және кеме аялдайтын орыннан суға секірмеңіздер;

• суға көп шомылмаңыздар, аса тоңып және шаршап қалуларыңыз мүмкін;

• түнгі уақытта және мас күйлеріңізде суға шомылмаңыздар;

ҮІІ. Лексикалық тақырып бойынша бейнероликті тамашалайық

«Суда жүзу ережелері»

ҮІІІ. Грамматкалық тақырып ережемен жұмыс. Етістіктің шақтары. Ауыспалы шақ.

ІХ.А) –Сонымен, балалар, су туралы көп мағлұмат алдық. Мынадай нақыл сөздер

бар,дәптерге жазып алу.Етістіктерді табу, ауыспалы шаққа айналдыру

• Суды босқа төкпе!

• Сумен ойнама!

• Бұлақ көрсең көзін аш.

• Судай таза бол.

Х. Оқушылар арасында суда жүзу ережелері бойынша нұсақаулық өткізу, топтағы

оқушылардың тізіміне суда ережелермен таныстым деп нұсқаулыққа қол қойғызу

ХІ Үйге тапсырма:

«Су қалай ластанады?» эссе жазып келу

ХІІ. Бағалау

Суда өзін ұстаудың қауіпсіздік ережесі


Жақсы жүзе білу – бұл суда қауіпсіз демалудың маңызды кепілі, бірақта, жақсы жүзуші де әрқашан сақ болуы, тәртіпті және суда өзін ұстаудың ережесін қатаң ұстануы керек.
Суға арнайы жабдықталған жерлерде: жағажайда, әуіттерде түсу, міндетті түрде алдын ала медициналық тексерістен өту және жүзуге арналған орынның ішкі тәртіп ережесімен танысу керек.
Саяхатта суға түсу үшін суы таза, түбі құмды немесе ірі құмды, онша терең емес (2 м дейін), қатты ағысы жоқ (0,5 м/с дейін) жерді таңдау керек.
Суға түсу күнді желсіз ауа-райында, су температурасы 17-190С, ауа температурасы 20-250С кезінде ұсынылады. Суда небәрі 10-15 минут болу, суға түсер алдында денені сумен сүрту қажет.
Жүзушінің денесі тоңазыған кезде сіңір тартылуы, әсіресе аяқ-қолдың тартылуы болуы мүмкін. Сіңір тартылғанда тез арада судан шығу керек. Егер ондай мүмкіндік болмаса, онда келесідей жасау қажет:
1. Жүзу стилін өзгерту – арқамен жүзу.
2. Қол саусақтарының тартылуын сезген кезде, тез арада күшпен қол буынын жұдырықтап түю, содан соң күрт сырт жаққа қарай қолды сілтеп және жұдырықты ашу керек.
3. Балтыр бұлшық еті сіңірі тартылғанда бүккен кезде зардап шеккен аяқтың табанын екі қолмен ұстап, күшпен табанды өзіңе қарай тарту керек.

4. Жамбас бұлшық еті сіңірі тартылғанда сирақтағы жіліншіктен төмен аяқты сырт жағынан ұстап (алқымнан), тізені бүгіп, қолмен арқаға қарай күшпен тарту керек.


5. Қандай болсын қолда бар үшкір затпен (түйреуіш, ине және т.б.) шанышқылау керек.
6. Шаршаған жүзуші суда дем алу үшін "арқаға жатып жүзу" қалпы ең жақсы тәсіл екенін ұмытпағаны дұрыс.
Тыныс алу жолдарына кірген және дем алуға кедергі келтіретін суды шығару үшін, тез арада тоқтап, аяқ және қол қатты қимылдарымен су бетінде ұстанып тұрып, басты неғұрлым жоғары көтеріп қатты жөтелу керек. Суда қақалып қалмас үшін, жүзуші тыныс ырғағын дұрыс сақтау керек. Толқында жүзгенде толқындардың есу арасында болғанда тыныс алу үшін мұқият болу керек. Толқынға қарсы жүзгенде толқынға еппен көтеріліп және одан сырғып түсу керек. Егер ескен толқын келе жатса, онда есуден төменірек оның астымен сүңгіген дұрыс.
Қатты ағысқа түскенде оған қарсы жүзуге болмайды, тыныс алуды бұзбай жағаға ағыс бойымен жүзу керек.
Иірімге түскенде, бойды үрей алдырмау, сабырлылық сезімін жоғалтпау керек. Өкпеге неғұрлым көбірек ауа толтырып, суға кіріп, ағыс жаққа қарай қатты серпіліс жасап су бетіне шығу керек.
Балдырларға ілініп қалғанда күрт қимыл және серпіліс жасамаңыз. Арқаға жатып, ақырын, асықпай қимылмен қай жақтан келсең сол жаққа жүзіп шығыңыз. Егерде өсімдіктен шығу мүмкін болмаса, қолды босатып, аяқты көтеріп, қолдың көмегімен өсімдіктен ұқыптылықпен арылу керек.

Келе жатқан кемелерге, катерлерге толқынында тербелу үшін жақындап жүзуге болмайды. Жақында келе жатқан теплоходтан ескіш винтіне тартып әкететін ағыс пайда болады. Таныс емес жерде суға секіруге (сүңгуге) қауіпті – баспен грунтқа, тырбиған ағашқа, қадаға және т.б. соғылуы, мойын омыртқасын сындыруы, есінен тануы және қайтыс болуы мүмкін. .

Катерлердің, қайықтардың, кемежайдың және басқа жүзетін құрылыстардың салдарынан сүңгу де қауіпсіз емес. Су астында бөренелер, бағаналар, рельстер, темірбетондар және басқалар болуы мүмкін. Сүңгуге арнайы жабдықталған жерде ғана сүңгу керек. Суға құламалы, құлама және өсімдікпен өскен жағаларда түсуге болмайды. Мұнда су түбі тамырлар мен өсімдік басқан болуы мүмкін. Кейде құмды түп те тұрақсыз болады, ол жүзе алмайтындарға өте қауіпті.
Судағы қауіпсіздіктің негізгі шарты қайықты тепкенде ережені қатаң сақтау болып табылады. Суға түсуге барғанда дұрыс жөнделмеген және толығымен жабдықталмаған қайықпен шығуға болмайды. Қайыққа отырардың алдында оны қарап және ескектің, меңгеріктің, ескек тұтқаның, құтқарушы доңғалақтың, жолаушылар санымен құтқарушы жилеткалардың және суды төгу үшін бақырдың бар екендігіне көз жеткізу керек. Қайыққа отырғызуды төсеніштің ортасына басып сақтықпен жүргізу керек. Арқалыққа (орындыққа) біркелкі отыру керек. Ешқашанда қайықтың шетіне отыруға, бір орыннан бір орынға ауысуға, сонымен қатар бір қайықтан бір қайыққа өтуге, қайықты шайқалақтатуға және одан сүңгуге болмайды.

16 жасқа дейінгі балаларға үлкендердің қарауынсыз қайық тебуге, қайықтың осы түрі үшін белгіленген мөлшерден жоғары жүк салуға, моторлы кемелердің жүрісін кесіп өтуге, оларға жақын болуға және кеме жүрісі бойынша жүруге тыйым салынады.


Егер қайық төңкеріліп қалса, онда біріншіден көмекті қажет ететіндерге көмектесу керек. Ең жақсысы барлық жолаушылар бірге қайықтан ұстап және барлық күшпен оны жағаға немесе таяз жерге итеру керек.

Жүзе алмайтындар және нашар жүзетіндер үшін аса қауіпті болып әртүрлі жүзу құралдары: камералар, белдіктер, резеңке матрастар және т.б. табылады.

ЖҮЗУ БАССЕЙНІНДЕ САБАҚ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ САНИТАРЛЫҚ-ГИГИЕНАЛЫҚ ТАЛАПТАР

Жүзу бассейнде сабақ өткізуге байланысты нұсқаулық:


Санитарлық-гигиеналық талаптарға жауап беретін кез келген жүзу бассейнінде жүзу сабақтары өткізіледі.
Бассейндегі су мөлдір, түбі тегіс, бөгде заттарсыз болуы қажет. Жүзу сабағын ауа температурасы 22-24 градус, су температурасы +18 төмен болмаған жағдайда өткізуге болады.
Алғаш рет суға түскендерге – 8–10 минут, кейін – 30 минут жеткілікті.
Тоңазу белгілері (еріннің көгеруі, қалтырау) пайда болған жағдайда шұғылданушылар судан жылдам шығып, сүлгімен қайта-қайта жылдам сүртініп, киінулері қажет.
Жүзу сабағына медициналық тексеруден өткендер жіберіледі.
Судағы барлық сабақтар дәрігердің қадағалауымен өтуі тиіс.
Оқытушының рұқсатынсыз суға түсуге, судан шығуға болмайды.
Сабақ басталғанға дейін және сабақ соңында міндетті түрде түгендеу қажет.
Сабақ өткізілетін орындарда құтқару жабдығы көрінетін жерде болуы қажет.
Қатты айғайлауға, жолдасың батыруға, жүзушінің астында сүңгуге тыйым салынады.
Жүзуге үйретуде бақытсыз жағдайлар мен жарақаттың алдын алу үшін қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау керек.

Дене шынықтыру жүзуінен нұсқаулық


Қызметтік міндеттер.
Медициналық қызметкерлердің ұсынысы және жүзу бағдарламасына сәйкес сабақты жоспарлау, ұйымдастыру, өткізу.
Жүзу бойынша оқу жұмысын орындауға жауапты және студенттердің жүзу дайындығының қажетті деңгейімен қамтамасыз ету.
Құрғақ және суда сабақ өткізуде қауіпсіздік шаралары мен санитарлық-гигиеналық жағдайлармен қамтамасыз ету, жабдықты сақтау, оларды сақтау мен күтуге жауапты.
Педагог ұжымымен бұқаралық іс-шаралар, ұйымдастырушылық-әдістемелік, практикалық жұмыстар өткізуге міндетті.
Арнайы медициналық топтарға жататындармен қосымша сабақ өткізуге.
Бассейндегі тәртіпті қадағалауға, қажет болған жағдайда студенттерге көмек көрсету.
Жүзу бойынша дене шынықтыру, салауатты, оқу жұмыстары бойынша есеп құжаттарын жүргізуге.

Бассейндегі гигиена талаптары


Ластану – бассейн суында үздіксіз болатын үдеріс. Бассейнге келетін судың құрамында ластаушы заттар болуы мүмкін. Алайда ең басты ластаушы фактор – суға түсушілер. Бассейндегі гигиеналық талаптарды міндетті түрде сақтау керек. Адам денесімен байланысты кез келген заттар 3 категорияға бөлінеді: адам денесінен, адам денесіндегі кір, әртүрлі косметикалық құралдар.
Адам денесінен бөлінетін органикалық заттар
Адам денесінен бөлінетін негізгі органикалық заттар – сілекей, зәр, мұрын және ауыз қуысындағы сілемекей, шаш, тері бөлігі. Бассейнге түскен адам денесінен бөлінетін органикалық заттардың құрамында микроағзалар бар (бактериялар мен вирустар).
Суға түсушілердің көпшілігі суда дене жаттығуын жасағанда немесе ыстық сулы бассейнде, тердің көп бөлігін бассейнде жоғалтады. Сондықтан да, саунадан кейін бірден баруға болмайды, бассейн алдында душ қабылдау қажет.
Кейде абайсыз несеп, бассейнді ластауы мүмкін. Дезинфекциялау құралдары мен несептегі азық-ыдырауының реакциясында судағы хлор қалдығы жоғарылап, нәтижесінде бассейн ластанып, көз және тері тітіркенуіне әкеледі. Бұл кейбір хлорлы қосылыстар ауаға ұшып, бассейннің айналасындағы атмосфераны қиындатады. Бұл жағымсыз әсерді суға түсушілер, сондай-ақ, бассейннің техникалық жай-күйіне кері әсер етеді.
Бассейнге түскен несепнәр реакциясымен күресу үшін, күнделікті суды әрдайым ауыстыру, сондай-ақ қарқынды желдету қажет.
Басқа да ластанулар
Ашық бассейндер де кездесетін қоқыстар: жапырақ, шөп, тұқым, құс қалдықтары, жәндіктер т.б.
Косметикалық құралдар
Мысалы: опа, крем, лосьон, май – сондай-ақ, бассейнді қатты ластайды. Көптеген препараттар бассейніндегі суды тазарту жүйелеріне елеулі зиян келтіреді.
Судың ластануына кедергі болатын гигиена ережелері
Кейбір еуропалық елдерде гигиена ережелерін қатаң сақтайды және соған сәйкес бассейнге кірер алдында міндетті түрде душ қабылдайды. Мүмкіндігінше, сондай-ақ, суға түсуге арналған бас киім болуы қажет (кейбір бассейндерінде бұл сондай-ақ міндетті талап). Англияда, әдетте бассейннен кейін душ қабылдайды. Дегенмен, негізгі гигиена ережелерінің құндылығы бассейнге кірер алдында – душ қабылдаған дұрыс, алайда көптеген адамдар бұл рәсімді елемейді. Қате түсінік бар, кім душ қабылдайды, жүзу кезінде сол ластанған, түскен бассейнге, бірнеше минут бұрын денесінен жуған ластануға келеді. PWTAG жүргізген қарапайым тест сериясы, басейн алдында душқа түсу керектігін дәлелдеген. Оқушылар душтан кейін, аяққа арналған ванналардан кейін бассейнге түскен. Арнайы өлшеуіштер көмегімен денедегі кір, тер және микроағзалардың саны анықталды. Нәтижесінде:
Душ бассейнінде жүзу алдында бактериялардың үштен бір бөлігі жоюға мүмкіндік береді.
Душта, сіз сабын қолданбасаңыз да, ластанудың көп бөлігін жояды.
Душ қабылдау аяқ ваннасынан гөрі бес есе артық ластануды жояды екен.
Сонымен, егер душ қабылдау норма болса, әрбір бассейн таза, оны тазарту үшін әлдеқайда аз химикаттар қолданып, осылайша, суға түсушілер бассейнде жүзуден көп ләззат алар еді. Сондай-ақ, бассейнге салынатын химикаттарға шығындарды қысқартуға мүмкіндік берер еді.

Бассейн, гигиеналық талаптар ұсыныстар

Душ.
Бассейнге түсу душтан кейін рұқсат етіледі.
Душта тыйым салынады:
• денені жарақаттаудың алдын алу мақсатында (кесу) шыны ыдыстағы сұйық сабын пайдалануға;
• бассейн алдында теріге түрлі кремдер мен жақпа майларды жағуға.
Сондай-ақ, тыйым салынады:
• бассейн залына сүлгі, сабын және жөке енгізуге;
• қызмет көрсетуші персонал душ және бассейн залына арнайы аяқ киімсіз кіруге.
Тазартудың ең үздік жүйесі – бұл бөлек душ кабиналары. Олар киініп-шешінетін бөлмеден бассейнге дейінгі аралықта болуы шарт, ал душтағы су бассейннен 2 градусқа жоғары болуы керек. Душтағы су тұрақты және ағынмен ағып кетуі керек. Душқа су бассейн су айналым жүйесінен келгені дұрыс. Мұндай су дезинфекциямен қамтамасыз етіп, құбырдағы микробтардың көбеюінің алдын алуға көмектеседі, сондай-ақ, душ қабылдауға пайдалы болып табылады. Егер бассейнде автоматты су жүйесі орнатылған болса, душқа суды тазартқаннан кейін пайдаланып, сақиналы су құбырымен жіберген жөн.

Бассейннен кейінгі душ.


Душ кабиналары суға шомылғаннан кейін бассейннен киініп-шешінетін бөлме аралығында болуы керек. Оларда таза су болуы тиіс (бастапқы температурасы 60 градус, құбырдан жіберілгені 50, содан кейін аралас 40 градусқа дейін), ол, сондай-ақ, ағып кетуі тиіс. Кабиналарда сабын және сусабын болуы керек, мүмкіндігінше кабиналар бөлек болғаны дұрыс.

Аяққа арналған ванналар.


Бұған бассейнге кірер алдында көп көңіл бөлмейді. Аяққа арналған ванналар аяқтың жұқпалы ауруларымен күресе алмайды, сондықтан да, душ неғұрлым мақсатқа лайық құрал. Алайда, егер душқа түсу мүмкін болмаса, аяққа арналған ванна немесе бассейнге кірер алдында спрей қолдануға болады. Бұл ішінара кірді тазартуға мүмкіндік береді.

Дәретхана.


Дәретхана қолдану үшін ыңғайлы жерде болуы тиіс, оған баратын жолды көрсететін көрсеткіштер қажет. Әрбір бассейнге келуші, әсіресе, балалар, жүзу алдында дәретханаға баруды әдетке айналдыруы тиіс. Бұл бассейнге несептің түсуін азайтады. Балаларды қоғамдық бассейнге жөргекпен кіргізуге болмайды, оның орнына оларды дәретханаға баруға үйреткен жөн, оларға міндетті түрде арнайы балалар костюмдерін кигізген дұрыс.

Жүзу бассейндегі суды дайындау


Көптеген зерттеулер бойынша, бассейн ваннасындағы судың сапасы суды залалсыздандыру жүйесі мен әдісіне тәуелді. Су алмасу сызбасына қарамастан (тура, рециркулярлы немесе құю) жалпы талаптар орындалуы тиіс – суды міндетті түрде дезинфекциялау керек.
Алайда, қазіргі бассейндерде су алмасудың рециркулярлы түрі пайдаланылады.
Тура келетін сызба экономды және техникалық емес, бассейндегі су толық жаңаруы тиіс, ал ол ондаған тонна су. Құю сызбасы қазіргі талаптарға сай келмейді. Бассейндегі тұрған су бактериялардың көбеюіне мүмкіндік береді. Мұндай бассейнге түсу 2-3 күннен кейін қауіпті, ал апта өткен соң су кірлеп, жасыл немесе сары түсті болып иістенеді.
Бассейндегі суды дезинфекциялау реагентті, реагентсіз және құрамдастырылған болады.
Реагентті әдіске хлорлау, озондау, олигодинамия (иондарымен өңдеу, күміс, мыс және т. б.), бромдау, йодтау және т. б.
Реагентсіз әдістеріне бактерицидті шұғылалы күн, ультрадыбыспен және т. б. өңдеу жатады. Мұндай дезинфекция әдісі судың сапалы-эстетикалық көрсеткіштері айтарлықтай жақсартады, атап айтқанда: су көзді тітіркендірмейді және теріні құрғатпайды, шашты тітіркендірмейді және галогендерді (хлор және бром) пайдаланған жағдайдағы аллергиялық реакция тудырмайды. Сондай-ақ, суда рН оңтайлы деңгейі тұрады (7,2 - 7,5) және оны реттеуге қажеттілік болмайды.
Құрамдастырылған әдісте бір мезгілде екі тәсілі қолданылады: залалсыздандыру немесе екі дезинфектанттың, біреуі ұзақ уақыт бойы өзінің белсенділігін суда сақтауға қабілетті.

Су сапасына қойылатын талаптар


Адамға суға түскенде, аузына, мұрнына, көзіне, құлағына су кіруі мүмкін. Сондықтан да, судың санитарлық-гигиеналық көрсеткіштері ауыз судікіндей болуы шарт. Бұл, негізінен, су сапасының органолептикалық, токсикологиялық және микробиологиялық көрсеткіштері жоғары санитарлық-гигиеналық сенімділігімен қамтамасыз етеді.
Бассейндегі суға оған келушілерден гөрі ауадан да бактериялардың көбеюіне қолайлы орта болуы мүмкін. Көптеген зерттеушілер көрсеткендей, бассейнде ластанудың негізі – келушілер, мысалы, бір адамдағы бактерияның саны он мыңға жетуі мүмкін. Сондықтан, бассейндегі су бактериялық ластанудағы бактерицидті және жоюға қабілетті болуы керек.
Судың сапасы бойынша бағаланады үш параметр: физикалық, химиялық және бактериологиялық:
Физикалық – мөлдірлігі, лайлылығы, түсі, иісі, температурасы.
Химиялық – тотығу, рН, хлоридтер саны, аммиак, алюминий, фтор, темір, хлор, озон.
Бактериологиялық – жалпы бактериялардың (саны/литр), су құрамында ауру тудыратын бактериялар.
Су сапасына қойылатын талаптар:
• Шаруашылық – ауыз су және бассейндегі су СанПиН «Ауыз су» талаптарына сәйкес келуі тиіс; қажет су мөлдір және төмен түсі, жағымды сыртқы түрі (көк-көгілдір), күрт хлор иісі болмай және көз бен мұрынды тітіркенбеуі керек.
СанПиН бекіткен су шаруашылық – ауыз су және мәдени-тұрмыстық су талаптарына сай бассейндегі суға химиялық заттардың ПДК-дан (рұқсат етілген концентрация) жоғарысы рұқсат етілмейді.
Рециркулярлы бассейндегі хлордың көбеюі 50-60 мг/л дейін, ал альбуминоид және минералды аммиак - 0,05 мг/л дейін. Ластанған судағы қышқылдың көлемі 4 мг/литр –ден аспауы тиіс.
Суда нитрат және басқа да азот түрлері табылса, ол бактериалды ластану болып табылады. Сондықтан да, қайта тексерудің қажеттілігі туындап, энтерокок көлемі 10 мл 1-ден аспауы тиіс. СанПиН 2.1.2.568-96 талаптарына сай бассейндегі судың температурасы 24-26°С, ал балалар үшін - 30°С.

Бассейндегі суды пайдалануға байланысты су сапасының көрсеткіштері


1-кесте



Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2


База данных защищена авторским правом ©psihdocs.ru 2019
обратиться к администрации

    Главная страница