Ерекшештанга– штангалар тізбегін арқанды алқамен байланыстыратын жылтыратылған саға штогы. Оның беті жылтыратылған. Ол бастиексіз жасалады, ал шеттерінде стандартты бұрандасы бар. Коррозиядан қорғау үшін оны бояу, цинкпен қаптау, т.с.с. шараларды жүргізеді және ингибиторларды қолданылады.
Газдыжәнегазқұмдыякорлер Штангалар жұмысына газ бен құмның зиянды әсерін төмендетуге бығытталған бүкіл режимдік және технологиялық шаралар сорап қабылдауында қорғаныс құрылғылары – газ, құм немесе аралас газ-құм якорлерін қолданумен толықтырылады.
Сурет 7. Бір корпусты газ Сурет 8. Құм якорінің сұлбасы якорінің сұлбасы
7 суретте бір корпусты газ якорінің сұлбасы көрсетілген. Сұйық сорапқа корпустың 2 жоғарғы қимасы арқылы ағып келеді де, кейін орталық түтікше 3 төменгі бөлігінің саңылауларына 5 бағытталады. Оның жоғарғы бөлігі сору клапанымен байланысқан. Газ көпіршіктері 4 сұйықтан бөлініп, құбыраралық кеңісткпен көтеріледі. Якорге кіргенде сұйық ағыны қозғалыс бағытының өзгеруі және бұрылуы кезінде жылдамдығын жоғалтуы интенсивті газ сепарациясына әкеледі.
Құм якорінің (8 сурет) жұмыс істеу приципі газ якоріне ұқсас. Құмы бар сұйық якорге түтікше 1 арқылы еніп, ағынның бұрылуы кезінде құм корпустың 2 төменгі бөлігіне тұнады. Құмның жиналу көлеміне байланысты якорді сораппен бірге жер бетіне шығарып бұқтырма 3 арқылы тазартады. Құмды якорлерді құмның аз мөлшері кезінде қолдануға болады. Ұңғыма өнімдерінің құрамында құмы көп болатын сұйықтарды сора алатын құмқырғыш типті және басқа плунжері бар сораптар қолданылады.
Кей жағдайда құмның шығарылуын жақсарту үшін қуысты штагілері бар сорапты қондырғыларды қолданады. Осындай штангілер ретінде диаметрі 33, 42, 48мм болатын СКҚ қолданылады.
Құбырлы штангілер бір мезгілде теңселме-станоктан сорап плунжеріне қозғалыс беретін буын, әрі ұңғымадан алынатын сұйық үшін құбыр жолы болып табылады. Осы штангаларды плунжерге арнайы айнымалар көмегімен жалғайды.