С. А. Макаренко



Скачать 20,19 Kb.
страница2/2
Дата09.02.2020
Размер20,19 Kb.
#138883
1   2
Связанные:
Эссе

Фариза Оңғарсынова

Тәрбиеші

Ән салғызып, билетіп, ылғи бізбен жүреді.

Тақпақты да үйретіп, ойната да біледі.

Қызық-қызық ертегілер біздерге оқып береді.

Жылауық та, тентек те сол апайға көнеді

Бастап бізді далаға, серуенге де шығады.

Біз шомылсақ жағада байқап өзі тұрады.

Кішкентаймыз әлі біз, үлкендерге сенеміз.

Бұл тәтені бәріміз сыйлап, жақсы көреміз.

Естіп кейде қаламын, тәрбиеші апайды

"Қамқоршысы баланың" деп ауылда атайды

Әр мамандықтың өз қиындығы,өз қызығы бар. Тәрбиешінің жұмысы күрделі де, қызықты да. Шынын айтсам,кейде жұмыстан соң үйге келгенде, қатты шаршағанымды сеземін. Бірақ сол өткізген күнді талдай отырып, балаларымның маған деген ықыласын, маған ұмтылған үміт толы көздерін, тәтті қылықтарын бір сәт еске түсірсем, шаршағаным ұмытылып та кетеді.

Мен, әрі суретші, әрі әртіс, әрі баланың жан дүниесін түсіне алатын маман ретінде балаларымды тәрбиелеуге халқымның бұрыннан келе жатқан құндылықтарды бойына сіңіріп, ойына ұялатуға тырысамын. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп ұлы Абай атамыз айтқандай, менің де осынау қастерлі мамандықтың иесі атанғаныма 3 жыл болған екен. Сол үш жыл ішіңде әр түрлі семинарларға, конкурстарға қатысып келемін. Менің кәсібіме, еңбек іс-әрекетіме деген көзқарастың қалыптасуына әріптес ұстаздарымның рөлі ерекше. Осы кісілерден алған ең басты сабағым-балаға деген мейірімділік, қамқорлық және жанашырлық, шыдамдылық, шынайы болу және әрдайым шығармашылық ізденісте болу.

Ұлы педагог Г.Песталоцци: «Егер де сүйе білмесең тәрбиелеу құқығын жоқ», деген екен. Мен кішкентай балаларды өте жақсы көремін, өз балаларым сияқты санаймын.

Әр таңда өз кішкентай достарымды асыға күтемін, олардың әрқайсысы бүгін қандай көңіл күймен келетінің ойлаймын. Кішкентай адамның көкірегі ашық, жүрегі жұмсақ, ол маған сенеді. Бұл сондай жауапкершілік!

Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым» деген өлеңі есіме алып отырып, менің мамандығымды «Үш бақытым» деуге болады. Әрбір оқу қызметі мен үшін маңызды, өйткені басқа оқу қызметтерінен өзгеше. Оларды өткізу менің бірінші педагогиқалық бақытым. Екінші бақытым ол менің мектепке дейінгі балаларым. Оларға білім беріп, жақсылыққа үйрету менің үшінші бақытым.

Мен өзімнің жұмыс жүйемді гүлге ұқсатамын. Гүл барлығына қуаныш әкелсе, менің жұмысымда маған қуаныш әкеледі. Гүлдің түпкі тамыры мен болсам, гүлдің әсем дағы - балалар, ал күлтелері – менің міндеттерім мен әдістеріме теңеймін. Менің тобым сол гүл сиякты жайнайды. Балалармен жұмыс жасау - үлкен бақыт. Себебі, тек қана бала, еш нәрсеге де алаңдамай мейірімділікке сенеді, кішкентай алақаның қойып, өз құпияларын айтып, маған сенім артады. Пәк көңіл балаларымен ара-қатынас маған қуаныш,шаттық сыйлайды, себебі мен оларға, олар маған керектігіне сенімдімін. Осы сенімнің болуы - әр тәрбиешінің бақыты деп ойлаймын.



Көрнекті тұлға Ахмет Байтұрсынұлы: «Балам дейтін ел болмаса, елім дейтін бала қайдан болсын» деген екен. Балабақша тәрбиешілері қай кезеңде болсын ертеңгі елім деп еңірейтін ұрпақты тәрбиелеуге тер төгуде. 

Эссе


Скачать 20,19 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2




База данных защищена авторским правом ©psihdocs.ru 2022
обратиться к администрации

    Главная страница