С. А. Макаренко



Скачать 20,19 Kb.
страница1/2
Дата09.02.2020
Размер20,19 Kb.
  1   2

Менің мамандығым - тәрбиеші.

Тәрбиеші болу – бақыт!

Тәрбиеші болу үшін,

тәрбиеленген болуың керек. 

С.А.Макаренко.
Бұл өмірде көптеген мамандық түрлері бар және сол мамандық түрлерінің әрқайсысы өз қылығымен ерекшеленеді. Бірақ бәрінен де қызықты, қажет мамандық – тәрбиеші мамандығы деп ойлаймын. Әрине, тәрбиеші мамандығы қиынырақ- өйткені кіші ұрпаққа үлгі болу, тәлім- тәрбие беру, ақыл-кеңес үйрету біздің парызымыз, осы кішкентай қиындықтың бәрін біз жеңе аламыз, өйткені оның бәрі балаға, кішкентай бөбектерге деген сүйіспеншілігіміздің, махаббатымыздың арқасы. Сүйіспеншілік, қамқоршылдық жер бетіндегі барлық тірі ағзаларға керек. Мысалы: құстар, жан-жануарлар, аңдар және ересек адамдарымыздың өзі де соған зәру және әрине сонымен бірге біздің кішкентай бүлдіршіндерімізге ерекше түрде керек.

Адамның өмірінде болашағына жол сілтейтін бір маңызды шешім қабылдайды.

Бұл – кәсіпті таңдау. Кейбір жоғарғы оқу орнын бітірушілер кәсіби бағыт беретін саланы таңдайды, ал мен «Тәрбиеші» мамандығын таңдадым. Тәрбиешінің жұмысың жеңіл деп айтуға болмайды. Бұл тынымсыз күнделікті жұмыс, менің мойынымда кішкентай баланы тәрбиелеу үшін үлкен жауапкершілік жатады. Мен дұрыс мамандық таңдағанымды білемін.

Балалардың жарқын жүздері, күлкісі, ата аналардың ризашылығы соның белгісі. Біздің мамандық басқа мамандық сияқты емес, махаббатпен қоршалған, шынайы махаббатқа толы. Мен балалардың анасындай, оларды жақсы көремін. Әр істеріне, сөздеріне түсінушілікпен қараймын.

Әрбір бала біз үшін меруертке тең. Тастардың ішіндегі арнайы өңдеуді қажет етпейтін тас. Әрбір меруерт бірегей және бірден-бір сәнді бұйым, тірі табиғат жаратылысынан туған. Бұл табиғаттың ең тылсым жаратылысы. Әр бала балабақшаға келгенде, өз үйіндегідей жылулықты сезініп, өзін еркін ұстап, балабақшаны өзінің екінші үйіндей санаса ол тәрбиешінің зор еңбегі.

Мен өзімнің қасымда сол кішкентай бүлдіршіндерің барына қуанамын, олар әрқайсысы өз қылығымен тәтті, алғыр, ұяң, ширақ, қызықты. Оларға ең алдымен не керек? Бәрінен де - жылы жүрек, махаббат керек, сондықтан мен олардың әрқайсысын бөліп жармай, бәрін бірдей қабылдаймын. Басқа мамандық түрінен мұндай қызығушылықты көрмейсіз, өйткені тәрбиеші- бала жанының емдеушісі, сарапшысы, қиындықтың бәрін жеңе біліп, балалардың сенімі мен кішкентай жүректерін жаулап алатын адам.



Мен № 3 ЖОББМ КММ жанындағы шағын орталықта «Айгөлек» тобында жұмыс жасаймын.. Жұмыс орным туралы өлең арқылы айтайын:

Балабақшам базарлы үй

Қаладағы ажарлы үй

Күлкісі бар шуақты,

Өз үйіміз сияқты!

Мен өз мамандығымды жақсы көремін, өйткені балалармен өсіп , жетіліп олармен бірге бақытты балалық шақты бастан кешемін. Менің нақты білерім мен дұрыс тандау жасадым. Біз балаларымызға ертегімен, өлең жолдарымен, өзіміздің сиқырлы қорымызбен ақыл айтуымыз керек. Балабақшада тәрбие - барлық тәрбиенің бастамасы. Тәрбиеші балаларды адам мәдениетінің әлеміне, күрделі және алуан түрлі қарым-қатынастардың әлеміне ертетін үлкендердің бірі.



Батыр Бауыржан Момышұлы: «Ешкім іштен батыр болып тумайды: батырлық та мінез секілді өскен орта, көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады» деп ұлы ой айтқан болатын. Біз бақшадағы бүлдіршіндерді жақсылық баулуға, тәрбиелеуге, тамаша ортада тәлімді тәрбие беруге әрдайым жауаптымыз.

«Баланы ең әуелі мейір - шапағатқа, одан соң ақыл-парасатқа, ақырында нағыз пайдалы ғылымға, еңбекке баулы», дейді ғұлама А.Құнанбаев атамыз. Мен балабақшада тәрбиеші болғаныма көп уақыт болған жоқ. Бұл еңбектен жалықпаймын деп сенемін. Ұжымымның өмірінде таңғажайып қызықтар бастан өтіп жатады. Бірақ, бәрінен де жарқ етіп, есте қалғаны - біздің бірінші кездесуіміз. Балабақша есігін ашқанымда - «Бақытты балалық шақ» әлеміне түскенімді түсіндім және жазушы Фариза Оңғарсынованың өлең жолдары соған дәлел.



Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2


База данных защищена авторским правом ©psihdocs.ru 2019
обратиться к администрации

    Главная страница