ҚР «Педагог мәртебесі туралы» Заңы // Егемен Қазақстан. 2019, желтоқсан 31



страница5/64
Дата07.03.2023
Размер1,1 Mb.
#205699
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64
Связанные:
адебиеттер - копия

Кәсіби іс-әрекет – адамның белгілі бір саладағы өз кәсібі мен мамандығы бойынша қызметі. Адамның өзінің кәсіби іс-әрекетіне қаншалықты дайын болуы оның еңбектегі табысына байланысты.
Ал педагогикалық іс-әрекет – өскелең ұрпақты экономикалық, саяси, адамгершілік, эстетикалық мақсаттарға сай саналы түрде өмірге дайындауға бағытталған ересектердің қоғамдық пайдалы іс-әрекетінің ерекше түрі.
«Теория педагогики» атты еңбегінде В.Е. Писарев пен Т.Е. Писарева: «Педагогикалық іс-әрекет мақсатқа сәйкес нәтижеге әкелетін әрекеттер жиынтығы арқылы жүзеге асырылады. Педагогикалық іс-әрекет ғылыми және практикалық сияқты екі түрден тұрады» деп жазды.
Оның ойынша, ғылыми педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты ересектер мен балалар арасындағы педагогикалық қарым-қатынастар және олардың даму формалары туралы жаңа білім алу. Ғылыми педагогикалық іс-әрекет екі түрден тұрады: теориялық және эксперименттік.
Сондай-ақ, ол ғылыми іс-әрекет педагогикалық салада туындайтын қатынастардың барлық жиынтығын зерттейді және практикалық іс-әрекетті ғылыми ұйымдастырудың ұсыныстарын, нормалары мен формаларын әзірлейді, ал практикалық педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты аға ұрпақтың мәдениеті мен тәжірибесінің қажетті бөлігін жас ұрпаққа беру. Практикалық педагогикалық іс-әрекет арқылы мәдениетті (тәжірибені) өскелең ұрпаққа беру жүзеге асады. Практикалық педагогикалық іс-әрекет оқу және тәрбиелік сияқты екі түрден тұрады деп көрсетеді. [].
Кәсіби жетілу – бұл адамның кәсіби дамуының әдетте оның жасындағы адамдар қол жеткізетін деңгейге сәйкестігі.
Н.М. Полетаева мұғалімнің кәсіби жетілуін қазіргі және болашақтағы педагогикалық іс-әрекеттің тұрақты жоғары тиімділігіне кепілдік беретін жеке және кәсіби қасиеттердің жиынтығын білдіретін кәсібиліктің жоғары деңгейі ретінде анықтайды[].
Жоғарыда айтылған пікірден, педагогтың кәсіби жетілуі педагогикалық еңбекте кәсіби маңызды және жеке қасиеттер мен қабілеттерді, кәсіби білім мен іскерлікті біріктіруді және іске асыруды көздейтіндігін байқауға болады. Бұл жағдайда педагог жаңа тәжірибеге, білімге ашық қарап, өз жұмысына қанағаттанады.
С.Г. Вершловский өзінің «Взрослый как субъект образования» атты мақаласында: «Мамандардың кәсібилігіне қойылатын талаптардың артуы үздіксіз білім алуды олардың бәсекеге қабілеттілігінің шартына айналдырды. Білім адамның өзін-өзі жүзеге асыру аясын кеңейтуге ғана емес, сонымен қатар кәсіби сәйкестілік дағдарыстарын жеңуге мүмкіндік береді», -деп жазған болатын [].
Кәсіби жетілу мен өсудің негізі – бұл өзін-өзі дамыту принципі, ол адамның өз өмірін практикалық қайта құру пәніне айналдыру қабілетін анықтайды.
Бұл тұрғыда Г. Красношлыкова педагогтардың кәсібилігін дамытудың алғышарттарына мыналарды жатқызды:
1) кәсібилікті дамытуға, маманның сұраныстарын үнемі қанағаттандыруға, оқыту бағдарламаларын, мазмұны мен нысандарын меңгеру үшін оңтайлы мерзімдерді таңдауға мүмкіндік беретін жеке білім беру траекториясын жобалау және іске асыру үшін жағдай жасауға бағытталған үздіксіз білім берудің идеялары мен тетіктерін әзірлеу;
2) бірыңғай ғылыми-әдістемелік білім беру кеңістігін ашық орта ретінде құру, онда педагог өзінің даму траекториясын таңдай алады, өзінің кәсібилігін қалыптастырудың мазмұнын, нысандарын, нұсқаларын анықтай алады;
3) педагогтардың білім беру сұраныстары мен қажеттіліктерін, олардың кәсібилігінің жеке деңгейін ескеретін жеке-бағдарланған тұжырымдамасы;
4) тиісті мазмұнды ұсынуға, оны түзетуге, өзінің кәсіби дамуына қызығушылық дәрежесін анықтауға және қажет болған жағдайда ынталандыру тетігін қосуға мүмкіндік беретін педагогтың кәсіби даму себептерін есепке алу [].
Адамның кәсібилігінің маңызды құрамдас бөлігінің бірі – кәсіби құзыреттілік. Кәсіби құзыреттілік, соның ішінде педагогтың кәсіби құзыреттілігі мәселелері отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектерінде кеңінен қарастырылған.
Адамның құзыреттілігі оның қоғамдық өмірдің нақты саласындағы мамандығымен тікелей байланысты. Педагогикалық іс-әрекет оқушыларды мәдениетке және оның құндылықтарына баулуға бағытталған қоғамның рухани саласына қызмет етеді.
Демек, мұғалімнің іс-әрекеті қоғамның рухани саласына қызмет етеді, өйткені оқушыны тәрбиелейтін мұғалім мәдениетті таратады, баланы мәдениет әлеміне енгізеді, оның мәдениетті сақтау, оны құру және қайта жасау қабілеттерін дамытады.
Бұл мәселелерді шешу мұғалімнен оқушыларды өмірге және еңбекке дайындау, білімге, адамға және оның іс-әрекет нәтижелеріне құндылық қатынасын қалыптастыру және қоғамдық қатынастар жүйесіне қосу үшін қажетті кәсіби білім мен дағдыларға ие болуды талап етеді.
Педагог – ең күрделі, үлкен жанкештілікті талап ететін мамандық. Оның күрделілігі қоғамның қазіргі дамуы жағдайында мұғалімге қойылатын жоғары талаптармен – ғылыми-техникалық прогрестің жеделдеуімен, ақпараттардың өсуімен және оның оқыту-тәрбиелік іс-әрекетінде ақыл-ой, психикалық энергияның көп шығатындығымен анықталады. Мұғалімнің кәсіби іс-әрекеті – әр түрлі, үнемі өзгеріп отыратын, оқушылармен, ата-аналармен, әріптестерімен және мектеп әкімшілігімен қарым-қатынасымен анықтаған белгілі бір жүйе.
Сондықтан педагогтің кәсіби құзыреттілігі бірқатар еңбектерде кеңінен қарастырылған (Н.В. Кузьмина, А.К. Маркова, С.А. Дружилов, Н.В.Андронов, Е.Н. Волкова, Э.Ф. Зеер, Л.В. Комаровская, И.А. Колесникова, М.И. Лукьянова, Л.М. Митина, Е.И. Рогов, А.И. Щербаков және т. б.). http://elar.uspu.ru/bitstream/uspu/5947/1/mon00069.pdf


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64




База данных защищена авторским правом ©psihdocs.ru 2023
обратиться к администрации

    Главная страница