2.2 Жаңартылған білім беру жағдайында педагогтардың кәсібилігін дамытудың заманауи бағыттары мен мүмкіндіктері
Бұл параграфтың мақсаты – педагогтардың кәсібилігін дамытудың заманауи бағыттары мен мүмкіндіктерін айқындау.
Қазіргі жағдайда педагогтардың кәсіби қызметіне қойылатын жаңа талаптар жалпы білім берудің өзгерген мақсаттарын ескере отырып қалыптасады, өйткені мектептегі жаңғырту үдерістерінің табыстылығы, оның бәсекеге қабілеттілігінің арттыруы және білім берудің жаңа сапасына көшуі мұғалімнің шеберлігі деңгейінде, оның қажетті еңбек қызметтерін орындауға дайындығына тікелей байланысты.
Педагогтардың кәсібилігін дамытудың заманауи бағыттары бірнеше бағыттан тұрады. Оны келесі сызба арқылы көрсетуді ұйғардық.
Сызба 1. Педагогтардың кәсібилігін дамытудың заманауи бағыттары
Сызбадан көріп отырғанымыздай, негізгі 4 бағыттың мазмұны мен мүмкіндіктерін қарастырғанды жөн көрдік.
1-бағыт – Педагогтың кәсіби стандарты. ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма төрағасының 2017 жылғы 8 маусымдағы № 133 бұйрығымен бекітілген. Бұл стандарт нақты бір сала бойынша кәсіби қызметке, еңбек жағдайы мен біліктілік деңгейіне, құзыреттілікке, мазмұнға, сапаға қойылатын талаптар көрсетілген және оқыту; тәрбиелеу; әдістемелік; зерттеушілік; әлеуметтік-коммуникативті бес еңбек қызметі белгіленіп, педагогикалық біліктіліктің дамуы бойынша дескрипторлармен толығып және осы стандартқа қосымша ретінде маманның жеке карточкасы көрсетілген негізгі құжаттардың бірі болып табылады [].
Педагогтың кәсіби стандартында қойылған талаптардың көпшілігі жоғары оқу орнындағы оқу, үздіксіз кәсіптік білім алу барысында қалыптаспағанын ескере отырып, педагогтарды жаңа еңбек функцияларын орындауға дайындау үшін жағдай жасау қажет. Осыған байланысты педагогтардың қазіргі заманғы талаптарға сай педагогикалық қызметті жүзеге асыруға мүмкіндік бермейтін кәсіби қиындықтарын анықтауға және жоюға мүмкіндігі болатындай үздіксіз оқытуды ұйымдастыру қажеттілігі туындайды.
2-бағыт – Назарбаев зияткерлік мектептерінің «Педагогикалық шеберлік» орталығы. Мұнда педагогтардың қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы мен біліктілігін арттыруға арналған. Білім мазмұнының жаңартылуына сәйкес педагог мамандардың кәсібилігін дамыту Назарбаев зияткерлік мектептерінің «Педагогикалық шеберлік» орталығы құрылды.
Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген бағдарламалар нақты және күрделі жағдайларды қалай талдау қажеттігін, оқушыларды ХХІ ғасырда өмір сүруге дайындау үшін мектеп тәжірибесіне қалай өзгеріс енгізіп, осы шара барысында күтілетін нәтижелерге қол жеткізілгенін қалай бағамдау қажеттігін терең түсінуді көздейді.
Бағдарламаны игерген мұғалімдердің негізгі функциясы:
Біріншіден, қуатты педагогикалық құралдарды өз тәжірибесіне ықпалдастыру арқылы өзінің оқыту мен оқу тәжірибесіне жаңа тәсілдерді енгізу болып табылады.
Екіншіден, мектептегі әріптестерінің кәсіби дамуына ықпал ету мақсатында коучинг өткізіп, әріптестерін тәлімгерлікке алады.
Үшіншіден, әріптестерінің озық тәжірибелермен бөлісу арқылы мектебін жетілдіру мақсатында педагогикалық қоғамдастықтың жұмыс жоспарын әзірлейді. Өздеріне жүктелген міндетті ойдағыдай жүзеге асыру үшін
Бағдарламаны игерген мұғалімдерге тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлап өткізу, сонымен бірге әріптестерінің қажеттіліктеріне қарай коучинг ұйымдастырып, бір әріптесіне тәлімгер болу қажет болады. Өз мектебінің мұғалімдерін қоғамдастыққа тартып, олармен бірлесіп жұмыс істейді. Бағдарламаны игерген мұғалімдер алға ілгерілеу барма екендігін қадағалап отыру үшін, өзгеріс енгізу барысында туындаған кедергілерді жою мақсатында қолдау көрсетуге және бұл өзгерістердің оқыту тәжірибесіне ықпалын бағамдауға жауап береді.
Кесте 1. Бағдарламаны игерген мұғалімнің түйінді функциялары
Поделитесь с Вашими друзьями: |