Педагог қызметкерлерге арналған жаңа форматтағы Ұлттық біліктілік тестілеу туралы Қазақстан Республикасының Президенті 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»



Скачать 24,54 Kb.
страница1/3
Дата22.09.2019
Размер24,54 Kb.
  1   2   3

Педагог қызметкерлерге арналған жаңа форматтағы Ұлттық біліктілік тестілеу туралы

Қазақстан Республикасының Президенті 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстан жаңа әлем көшбасшыларының қатарына қосылу үшін педагогтарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жолдарын қайта қарау, мұғалімдер үшін біліктілік деңгейін ескеретін категориялардың жаңа кестесін енгізу,категорияларды ұлттық біліктілік тест арқылы беру және орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшу, яғни жаңа бағдарламалар, оқулықтар, стандарттар және кадрлар даярлау сияқты бірқатар міндеттерді орындау керектігін атап өткен болатын.

Осы орайда, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы педагог қызметкерлерді аттестаттау үшін тест тапсырмаларының базасын қалыптастырып, жаңа форматтағы Ұлттық біліктілік тестілеуі өткізуді жоспарлап отыр.

Ұлттық біліктілік тестілеуге арналған тест тапсырмалары мынадай формада құрастырылды: барлық тапсырмалар саны екі блокқа бөлініп, бірінші блокқа – пәндік білім тапсырмаларыекінші блокқа – оқыту әдістемесі бойынша тапсырмалар енді.



Пәндік білім тапсырмалары – терең академиялық білімін, сондай-ақ практикалық икемділігі мен дағдыларын тексеруге бағытталған. Ол үшін 3 түрлі формадағы тапсырмаларды қолдану жоспарлануда:

  • бір дұрыс жауапты таңдау,

  • бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау,

  • бір ғана жағдаят аясында адамның академиялық және әдістемелік әлеуетін білуге мүмкіндік беретін бір дұрыс жауабы таңдалатын жағдаяттық (мәнмәтіндік) тапсырмалар.

Тестілеудің бұл түрі педагог қызметкерлердің білім деңгейін әділ бағалауға мүмкіндік береді.



Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3


База данных защищена авторским правом ©psihdocs.ru 2019
обратиться к администрации

    Главная страница