Өндірістік практика кезінде орындалатын жұмыстарға


Ұңғыны жер асты (ағымдағы және күрделі) жөндеу



Скачать 18,77 Kb.
страница8/8
Дата27.04.2020
Размер18,77 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8
11. Ұңғыны жер асты (ағымдағы және күрделі) жөндеу.

Жер асты жөндеу түрлері және қолданылатын жабдықтар (мұнаралар, мачталар, агрегаттар, автоматтар, кілттер және т.б.). Қолданылатын жабдықтардың және құрал - саймандардың атқаратын қызметі және сиппаттамасы. Түсіру-көтеру жұмыстары және оларды механизациялау. Жерасты жөндеу кезіндегі техника қауіпсіздігі.



12. Ұңғы өнімділігін және қабылдағыштығын арттыру әдістері

Ұңғының түп аймағын өңдеу түрлері (тұзды-қышқылды өңдеу, қабатты гидравликалық жару, кумулятивті, торпедалы және гидроқұмды ағысты әсер ету, беттік активті заттармен (БАЗ), көмір қышқылымен әсер ету және т.б.), қолданылатын материалдар (құм, реагенттер) және жабдықтар. Жер асты және жер үсті жабдықтарын және агрегаттарын орналастыру схемасы. Ұңғының түп аймағын өндеу кезіндегі техника қауіпсіздігі.



13. Сұйықты (мұнай, су), ілеспе және табиғи газды жинау, кәсіпшілік өңдеу

Мұнай және газ ұңғылары өнімдерін жинаудың технологиялық схемасы. Өлшеу қондырғылары. Мұнайдан суды және газды бөлу, мұнайды тұзсыздандыру және тұрақтандыру; мұнайды өндеуде қолданылатын жабдықтар. Газды-суды-мұнайлы айырғыштар. Мұнай резервуарлары.

Газды тазарту және судан кептіру, сонымен қатар газдан конденсатты алу және қолданылатын жабдықтар. Кәсіпшілік газ жинау пункттері және компрессорлы сығу станциялары, олардың схемалары және сипаттамалары. Газ өндеу зауытында табиғи, ілеспе газдарды, конденсатты қайта өңдеу. Мұнайды күкірттен және басқа да заттардан тазарту және қайта өңдеудің технологиялық схемасы және әдісі.

Мұнайды, суды және газды есепке алу.




Практика жетекшісі____________________

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8


База данных защищена авторским правом ©psihdocs.ru 2019
обратиться к администрации

    Главная страница