▲ Вверх
◄ Назад
▼ Тiл / Язык / Language
Интерфейс
Қазақша
Русский
English
Содержимое
Қазақша
Русский
English
Барлығы / Все / All
"Атбасар ауданының білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел
образования Атбасарского района"
Главная
▼ Контакты
Карта сайта
Паспортные данные
Пользовательское соглашение
Техническая поддержка
▼ Все сервисы
Государственные символы
Государственные услуги
Обсуждения
Документы
Новости
Статьи
Обратная связь
Галерея
Презентации
Карта погоды
Список организаций
Лента публикаций
Видеотрансляции
Журнал
Авторизация
Педагогтың кəсіби мəдениет этикасы
Педагогикалық этика / əдеп/ - этика ғылымының өзіндік тарауы
болып табылады жəне педагогикалық мораль ерекшелігін зерттейді,
педагогикалық
еңбек
саласындағы
жалпы
адамгершілік
ұстанымдарының жүзеге асыру өзгешелігін анықтайды, оның
функциясын, этикалық санат мазмұны принціптерінің өзгешелігін
ашып көрсетеді. Сонымен қатар, педагогикалық əдеп оқыту -
тəрбиелеумен кəсіби түрде айналысатын адамдар арасындағы жəне
кəсіби ортадағы адамгершілік қатынастар мен мұғалімнің
адамгершілік қызметтерін жəне мұғалімдер ортасында қалыптасқан
өзгеше тəртіп пен мінез –құлық т.б. зерттейді.
Негізгі бөлім
Педагогикалық этика педагогикалық мораль мен моральдік
құндылықтардың негізгі санаттарының түпкілікті мəнін
қарастырады. Адамдардың адамгершілік қасиеттері мен мінез –
құлқына, іс қимылына жəне өмірлік алуан түрлі құбылыстарға
т.с.с. өзіндік баға беретін мейірімділік пен зұлымдық, адалдық пен
ар-намыс туралы түсініктер жүйесін моральдік құндылықтар деп
атауға болады. Педагогикалық қызметте моральдік түсініктердің
негізгі түрлерінің бəрі қолданылады, дегенмен, педагогикалық қызмет
пен қарым-қатынас тəрізді түсініктер этиканың жеке дара тарауына
қатысты педагогикалық түйсіну тəрізді жекелеген түсініктерді
бөле –жара көрсетеді. Осындай санаттың ішінде кəсіби –
педагогикалық борыш, педагогикалық əділдік, педагогикалық ар-
намыс жəне педагогикалық бедел бар.
Əділдік дегеніміз жалпы алғанда, адамдардың адамгершілік
қасиеті мен олардың қоғамдық танымал болуы, құқықтары мен
міндеттері арасындағы өзара сəйкестілік деуге болады;
педагогикалық əділдіктің: мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасы
барысында олардың тəртібін, қылығын, оқуға деген көзқарас-
құлшынысын, адамгершілік тəрбиелілік деңгейін анықтау мен
бағалау барысындағы мұғалімнің обьективтілігі мен оның
адамгершілігіне өзіндік баға беретін ерекше сипаты болады.
Педагогикалық əділдік өзгешелігі оқушылар мен педагогтардың іс
қимылды бағалау жəне оған қатысты жауап рекциясының əр түрлі
адамгершілік деңгейде болуында; педагог обьективтілігінің өлшемін
анықтау көбінесе педагогқа байланысты болады; өзіндік қорғаныс
деңгейі əр түрлі тараптар ара-қатынасының көбінесе жалпы
моральдік бағалауға түсетіндігінде; ең ақыр аяғында педагогпен
алдын ала бағдарламаланған педагогикалық қажеттіліктерді
балалардың түсінбеуінде;
Кəсіби педагогикалық борыш – педагогикалық əдептің ең
маңызды санаттарының бірі. Өзінің еңбегіне деген шығармашыл
көзқарас, өз-өзіне қатаң талап қою, кəсіби білім-білігі мен
педагогикалық шеберлігін арттыруға деген құлшыныс, оқушыға ,
оның ата-анасына деген құрмет көрсету жəне талап қою қажеттілігі,
мектеп өмірінде кездесетін қиын да, күрделі шиеленістерді шеше
білу тəрізді өзгеше іс –қимыл педагогтың кəсіби борышына
жатады.
Кəсіби ар-намыс – бұл педагогикада мұғалімнің өз маңыздылығын
түсініп қана қою емес, сонымен қатар оның қоғаммен танылуы жəне
моральдік сипаты мен сіңірген еңбегіне деген қоғамның құрметі
деген түсінікті білдіреді. Педагог мамандығында жеке бастың ар-
намысы мен қасиетін түсіну сезімі ерекше байқалып тұрады. Егер
мұғалім өз мінез –құлқында жəне тұлғалармен ара –қатынас
барысында педагог идеалына қойылатын талаптарды бұзған болса,
осыған сəйкес кəсіби ар-намысқа, педагогтың адамгершілік
сипатына немқұрайлы қарау əрекеті демонстарцияланады.
Мұғалімнің ар-намысы – оның кəсіби борышын орындау барысында
көрінетін нақты кəсіби ар-намысына қоғамдық баға беру.
Мұғалімнің педагогикалық беделі- оның оқушылар мен
мұғалімдер жəне əріптестер ұжымындағы моральдік статусы , бұл
құрмет пен қошаметке ие болып жүрген беделді де, құрметті
ұстаздың тəрбиеленушілердің тəртібі мен нанымдарына əсер ететін
өзіндік тəртіп түрі. Педагогикалық бедел мұғалімнің осыған дейінгі
алған моральдік-этикалық жəне психологиялық-педагогикалық
даярлығына байланысты. Оның деңгейі білімнің , зеректіктіктің ,
шеберліктің тереңдігімен жəне өз еңбегіне деген ерекше
қатынасымен т.б. анықталады.
Педагогикалық əдеп құрамына адамгершілік санадан
адамгершілік тəжірибеге көшудегі адамгершілік шығармашылық
элементі енеді. Мұғалімнің адамгершілік шығармашылығына
көптеген жиынтықтар енгізіледі, оның ішінде аса маңызды деп
саналатын: педагогикалық мамандықтың қоғамға қатысты
нормалары мен оның маңыздылығын түйсіну; түрлі күрделі оқиғалар
орын алған жағдайда, оның пайда болу жағдайын түсіну;
адамгершілік-педагогикалық нормаларға сəйкес ең үлгілі əрекетті
таңдау қажеттілігі;
Педагогикалық тəртіп - мұғалімнің қызметінде оның ойы мен
əрекеті ұштасып жататын педагогикалық моральді іске асыру түрі.
Тəртіп – іс-қимылдың барлық обьективтік əсері мен оның
субьективтік қабылдануын алдын ала көре білуді көздейтін
адамгершілік тəртіп. Осы арқылы мақсатқа жетудегі барынша
жеңіл жəне мейлінше жағымсыз түрде жету ізденісі көрінеді.
Педагогикалық тəртіп – үнемі шығармашылықта жəне ізденісте болу
деген сөз.
Мұғалімнің тұлғаға деген құрмет сезімі, жоғары талап қоюы,
əңгімелесіп отырған адамды тыңдай білуі , оны түсіне білуі, ара-
қатынастағы іскерилік, бірбеткейсіз ұстанымдылығы, сабырлылығы ,
адамдарға қатысты ерекше зейіні мен сезімталдығы т.б.
педагогикалық тəртіпке жатады.
Мұғалімнің педагогикалық мəдениетіне қойылатын талаптардың
ішінде педагогикалық тəжірибенің даму барысында қалыптасқан
жалпы адами мəдениет те бар. Бірақ педагогикалық салада өзіндік
адамгершілік тəрбиенің ажырамас бөлігі болып табылатын моральдік
үйлестірудің де өзіндік ерекшелігі бар. Өйткені педагогтың іс –
қимылын ешкім бақыламайды ғой. Ол көбінесе өз қылығын өзі
бағалайды, өзі түзетеді. Сол себепті мұғалімнің моральдік
«барометрі» педагогикалық ұяты аса сезімтал жəне жоғары деңгейлі
болуы шарт.
Педагогтың кəсіби тəртіп кодексі педагогикалық ұстанымдар мен
моральдан туындайтын адамгершілік талаптар үйлесімін анықтайды
жəне оның педагогикалық қызмет үдерісіндегі ара-қатынас жүйесі
мен тəртібін реттейді. Педагогтың кəсіби тəртіп кодексінің басты
мақсаты мұғалімнің өз-өзіне , педагогикалық еңбекке , оқушылар
мен мұғалімдер ұжымына деген ара-қатынасын анықтайтын негізгі
талаптарды белгілеу болып табылады.
Педагог тəртібі оның педагогикалық əрекеттеріне
адамгершілік тұрғыдан реттейді. барынша толыққанды кəсіби-
этикалық сипаты мен мақсатқа сəйкестігі педагогикалық
тəртіптің келесі сипаттарында ( мінез- құлықта) ұсынылған:
- талапшылдық , жеке бастың қасиетін қорламау, түртпектей
бермеуінде;
- қарым-қатынас барысында табиғилық, қарапайымдылық
танытып, мəймөңкелік пен өрескелдікке жол бермеуінде;
-бірбеткейліксіз ұстанымшылдығы жəне табандылығында;
- аса дабыраламайтын зеректік пен сезімталдығында;
-тұлғаның жеке басын қорламайтын əзіл-сықақ қолдана
білуінде;
-иландыру, нандыру, ескерту, ұсыныс жасау жəне қысымшлық
пен қорлықсық жазалай білуінде;
-өз білімі мен кəсіби даярлық деңгейіңнің артықшылығын атап
айтпай-ақ білім алушыларды оқыту жəне тəрбиелеу білу
қабілетінде;
-білім алушыларды тыңдай білуі, оның жəне өзгелердің
сұрақтарға берген жауаптарына тыңғылықты қарай білуінде;
Жоғарыда аталған педагогикалық тəртіп түрлері педагогтың түрлі
оқу –тəрбиелік міндеттерін шешу барысында көрініп, олардың кəсіби
қызметінің тиімділігі мен сапасын арттыруға ықпал етеді.
Кəсіби əдеп сипаты келесі жағдайда көрінеді:
- педагогтың сыртқы келбетінен;
- кез келген орын алған жағдайды жылдам жəне дұрыс бағалай
білуі, сондай –ақ өз тəрбиеленушілерінің тəртібі мен қабілеті туралы
қорытынды жасауға асықпауынан;
- өз –өзін ұстай білу, қиын жағдайда сезімге жол бермей,
салқынқандылық танытуынан;
- оқушыларына қоятын талаптарының ойға сыйымдылығы мен
оларға деген сезімталдығынан;
- оқушылардың жас жəне жеке –дара ерекшеліктерін жақсы
білуінен;
- өз еңбегіне сыни көзқараспен бағалай білуінен;
Əдепті педагог жұмысқа, іскери кездесулерге уақытында келеді;
өзінің əріптестеріне, оқушыларына, олардың ата-аналарынан алған
заттарын уақтылы қайтарады; айналасындағы адамдарға залал
келтіретін , алып-қашпа сыбыс пен расталмаған фактілерді дауыстап
қайталамайды;
Педагогикалық тəртіп қолданылатын педагогикалық əсер етудегі
əдіс, тəсілдердің негізділігімен жəне икемділігімен сипатталады. Ол
бір қалыптылық пен формализмге төтеп бермейді. Тəртіп негізі –
педагогтың шыдамдылығы мен салмақтылығында. Педагог ретінде
шығармашыл ұжымды басқарушы тəртіпті басшының басты қасиеті
- жоғары талап қоя білу, тəрбиеленушілерге шынайы құрмет көрсету.
«Тəртіп» түсінігі көптеген жиынтықтардан құралады, бірақ, олардың
бəрі кішкентай адаммен жəне оған деген ерекше сезімталдықпен,
қамқорлықпен байланысты. Педагогикалық тəртіп – мұғалімнің
педагогикалық қызметіндегі сан түрлі жоспарлы рөлі шартты
мұғалім мінезі мен тактикасының икемділігін көздейді. Сабақта —
нақтылық, сыпайылық, ұжым сабаққа дайын болмағанда қаталдық.
Сабақтан тыс уақытта — жеке əңгімелесу , саяхат кезінде, серуен
барысында аса қажет болатын шынайылық, ақжарқындық.
Педагогикалық тəртіп икемділігінің орнына айқай салу, көп
сөйлеу, ызақорлық таныту кезінде педагогикалық кəсіби қызметті
тез арада керісінше сипаттағы педагогикалық əлсіздікке
айналдыруға болады деп тұжырымдайды психологтар. Бұл
дəрігердің сырқат адамға көмек көрсетудің орнына, оны ұрып
тастауымен пара-пар деген сөз.
Кəсіби- педагогикалық қарым-қатынас əдебінде стиль де маңызды
рөл атқарады. Педагогтың оқушыларымен ара-қатынас стилі – бұл
əлеуметтік жəне адамгершілік санат. Ол көптеген маңызды
факторларға сай қалыптасуымен қатар, соған тəуелді болады:
- адамның психикалық қалыптасуына;
- оның құндылық бағытына;
- білім деңгейі мен жалпы мəдениетіне;
- маңындағы əлеуметтік ортаның əсеріне;
- адамдардың беделіне (педагогтың қалыптасыуына барынша ықпал
еткен тəжірибелі педагтардың өнегесі)
Ешқандай сауалнама жинақтары мен ешбір сауал-сұрақ өткізу
жұмыстары мұғалім мен оқушы , тəрбиеші мен тəрбиеленуші
арасындағы тікелей қарым-қатынасты ауыстыра алмайтынын
тəжірибе көрсетіп отыр. Бұл үрдісте мұғалім тарапынан көбіне
ақпараттық мəлімдеме басым болады. Мұғалім осындай қысым
көрсеткен жағдайда, қарым-қатынас жоғалып, түсініспеушілік орын
алады. Мектеп педагогы өзінің оқушыға жасайтын психологиялық
ықпалын ескере бермейді, ал бұл болса назардан тыс қалмайтын
жағдай. Педагог əр баланың жүрегіне жол тауып, оның жан дүнесінің
«құлпын» аша білуі тиіс. Ол өзінің бір ауыз сөзі бала өмірінде
үлкен рөл атқаратынын жəне оны өмір бойы есіне сақтап қалатынын
білуі керек.
Педагог пен оқушы қарым-қатынасының талаптарын қалыптастыру
қажет десек, олар:
— сенімділік;
— баланы тыңдай білу;
—өз ара түсінушілікті негізге алу;
— іскери қарым-қатынас;
— ықпал етуден өз ара əрекет жасауға көшу қабілеті;
Бұл үрдерістің барысындағы ең маңыздысы мұғалімнің қарым-
қатынас шығармашылығы болып табылады. Бірдей тапсырманы,
бірдей əңгімені мұғалім əр түрлі ырғақпен , əр түрлі көңіл-күймен
беріп, өткізе алады. Педагогикалық қарым- қатынастың
маңыздылығын ескере отырып «Сыныпқа кіретін педагогқа бірнеше
ереже» ұсыныбақшымыз:
1.
Өзіңіздің балалармен қарым-қатынасыңыз туралы ойлаңыз, оны
құрыңыз;
2. Педагогикалық қарым-қатынас құру кезінде педагогикалық
мақсатты ғана көздеп қоймай, баланың мүддесін де ескеріңіз.
3.Өз сөзіңізді бір балаға немесе балалар тобына нақты бағыттаңыз.
4. Қарым –қатынасты «билік» түрінде құрмаңыз. Ең кішкентай
сəбидің де қарым-қатынаста өз еркіндігіне талпынатыны есіңізде
болсын.
5. Балалар ұжымындағы психологиялық атмосфераны тани біліңіз,
бұл баламен қарым-қатынасқа көмегін тигізеді.
6. Балаларды тыңдай біліңіз.
7. Өзіңізбен қарым-қатынас кезінде олардың көңіл-күйін сезе
біліңіз.
8. Балалар арасында егестер болуы мүмкін екенін жəне өзіңіздің
педагогикалық дəрменсіздігіңіз арқылы оны ушықтырып алуға
болатынын ұмытпаңыз.
9. Баланың қателігін айту кезінде əдептірек болыңыз.
10. «Қиын» мəселелерден аулақ болу үшін «неге?» , «не үшін?» деген
сұрақтан бастаңыз.
11. Қарым-қатынас барысында бастамашыл болыңыз.
12. Қарым-қатынас кезінде əсіресе қыздарға көңіл бөліңіз. Олар
мейлінше нəзік, əрі эмоцияға жақын.
13. Балармен қарым-қатынас кезінде бір қалыпта ( тура жоспар
бойынша) əрекет жасаудан аулақ болыңыз.
14. Кейбір балаларға деген жеккөрішін сезімінен аулақ болып, оны
жеңе біліңіз.
15. Констурктивті бастамасыз жасалған жұмыс (тек қана сынау ) еш
нəтиже бермейді.
16. Балаларға жиі күлімсіреңіз.
17. Балаларды жиі қолдап, мадақтап, мақтап отыруға тырысыңыз.
18. Балалар сіздің өзіне қалай қарайтыныңызды білуі тиіс. Баланың
тəртібіне берген сіздің бағаңыз оның өзіңізге деген қарым-
қатынасын қалыптастырады.
19. Əр баламен қарым-қатынасыңызды есте сақтаңыз. Есіңізде
болсын, Сіздің қарым-қатынасыңыздың өзгеруі баланың негативтік
тəртібіне əкеп соқтырады.
20. Əр əңгімеге дайындалып, əңгімелесу стратегиясын құру керек.
21. Балалардың өсіп келе жатқаны жəне олардың алғашқы тəртібі
өзгеріп отыратыны есіңізде болсын.
22. Мұғалім мен сыныптың, тəрбиеші мен топтың арасында
кедергілер орын алуы мүмкін. Бұл арада топтағы, сыныптағы,
балалар арасындағы əлеуметтік-психологиялық жағдайды ескеру
керек.
Сонымен қатар ынталандыру, жазалау жəне мадақтау тəсілдерін
пайдалана отырып, мұғалім əр балаға қатысты ерекше əдепті болуы
тиіс. Оқытушыны ұжымы қолдамағанда немесе оқушылар бұл
мақтау негізсіз деп есептеген жағдайда мадақтау əдепсіздік. Жаза
қолдану кезінде тəрбиеленушіге құрмет пен талапты біркелкі қоя білу
өте маңызды. Оқушы қылығына ренжуге, əсіресе бар ашуды баладан
алуға , жеке басын қорлауға жол бермеңіз.
Кəсіби этика əріптестерімен жəне басқа адамдармен түрлі
жағдайларда, ресми жəне бейресми қарым –қатынастар барысында
көрінетін маманның жалпы мəдениеттілігі деңгейінің жоғары
болуын көздейді. Демек, педагогтың өмірінде қарым-қатынас
мəдениеті ерекше рөл атқарады.
Əдепті жəне қарым-қатынас мəдениетінің негізгі талаптарын білу
педагогтың өзіне де, өзі оқытып, тəрбиелеп жатқан балаларға да
қажетті.
Мұғалім сенімділік, сыйластық жəне сүйіспеншілік тəрізді
сезімдерді тудыра білуі керек, оларсыз ұстаз шынайы бедел
болмайды. Өзіңізге айналадағы адамдардың қалай қарайтыны
жөнінде жəне ол неге байланысты екенін ойланып көріңіз.
Адамдармен жақсы қарым-қатынас құру мұғалімнің кəсіби
қасиеті - оқушыны тыңдай, ести білуіне тəуелді. Педагогтың ең
маңызды кəсіби қасиетінің бірі – көшбасшылық қабілетінде.
Автор: Едрісова Р.Б.
Просмотров: 51159
Дата создания: 4 Марта 2013 г.
Дата редактирования: 4 Марта 2013 г.
Copyright © 2007-2017
UNIPRADE
Все права защищены
Версия для слабовидящих
•
Мобильная версия
Обратная связь
•
Контакты
•
Пользовательское
соглашение
Поделитесь с Вашими друзьями: |