«менеджмент» кафедрасы



Скачать 169,69 Kb.
страница1/2
Дата07.11.2019
Размер169,69 Kb.
  1   2

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«ЭКОНОМИКА ЖӘНE БИЗНЕС ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ» ФАКУЛЬТЕТІ

«МЕНЕДЖМЕНТ» КАФЕДРАСЫ

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

Докторанттың өзіндік жұмысы

Дайындаған: Темирова Г.

Тексерген: Елшибаев Р.


Алматы, 2019

Жоспар:
Кіріспе .................................................................................................................. 3

1. Инновациялық қызметті ұйымдастыру түрлері ........................................... 4

2. Инновациялық қызметтің дамуы .................................................................. 7

3. Инновациялық қызметтерді басқарудағы жаңа тәсілдері .......................... 9

Қорытынды ......................................................................................................... 12

Пайдаланылған әдебиеттер ............................................................................... 13

Кіріспе

«Инновациялық қызмет» түсінігі – инновациялық процесс бөлігі. Тәжірибеде маркетингтік қызмет инновациялықпен қатар болуы да мүмкін. Кейде ол алға шығуы да ықтимал, мысалы  енгізу процесінің басталмаған кезінде саралау жүргізу, жарнама жасаушылармен жұмыс жүргізу, т.б.

Сондықтан балама ретінде инновациялық қызметтің бастамасын жаңаны енгізу кезеңімен біріктіруге болады.

Қазақстан Республикасының «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» заңының 1- бабында инновация өндірістің және қоғамды басқарудың түрлі салаларына енгізілуі экономикалық тұрғыдан тиімді және (немесе) әлеуметтік, экологиялық тұрғыдан маңызды болып табылатын, зияткерлік меншік объектісі болып табылатын ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің нәтижесі ретінде анықталады, сәйкесінше инновациялық қызмет инновацияны өндірістің және қоғамды басқарудың түрлі салаларына енгізілуі жолымен пайдалану. Инновацияны кәсіпкерлік қызметтің спецификалық объектісі ретінде қарастыруға болады. Инновациялық кәсіпкерлік үшін тек инновацияның болуы жеткілікті емес, сонымен қатар үнемі жаңаны іздеу, кәсіпкерлердің оны жасауы үшін мақсатты қызметінің болуы қажет.

Инновация-коммерциялық таратылатын, бәсекеқабілетті, зияткерлік творчестволық қызметтің тиімді нәтижесі.

Инновациялық қызмет жаңа идеяларды, ғылыми білімді, технологияны және өнім түрін өндірістің әртүрлі саласына енгізуге бағытталған қызмет ретінде анықталады.

Инновацияны тарату - кәсіпкерлік қызметтің негізі. Й. Шумпетер кәсіпкерлікті экономикалық дамудың негізгі факторы ретінде қарастыра отырып, кәсіпкерлікті жаңаны енгізуге негізделген инновациялық қызмет ретінде қарастырады.



В. Рассудовский инновациялық қызметті кәсіпкерлік қызметтің ерекше түрі ретінде коммерциялық нәтиже (кіріс) алу мақсатында жаңаны пайдалануға бағытталған қызмет ретінде қарастырады. Ғалымның пікірінше, инновациялық қызмет жаңа тауарлар мен қызметтерге деген қажеттілікті тиімді қанағаттандыруды ұйымдастыру үшін, өндірілетін өнімді жақсарту, жаңа өнімді алу мақсатында жүзеге асырылатын қызмет.



  1. Инновациялық қызметті ұйымдастыру түрлері

Инновациялық менеджмент тұрғысынан алғанда, инновациялық қызметпен айналысатын кəсіпорындар - инновациялық қызмет пен процесстерді коммерциялық мақсат үшін жүзеге асырады.

Инновациялық қызметтерді үш түрлі деңгейде орналасқан ұйымдар жүзеге асырылады:

1. мемлекеттік деңгейде, ол түрлі ғылыми технопарктік кұрылымдар, ғылыми орталықтар;

2. ірі кəсіпкерліктегі қомақты компаниялар

3.шағын инновациялык компаниялар.

Инновациялық қызметті атқарушы тұлғалар мыналар: 1. инновацияны жасаушы жəне іске асырушы жеке жəне занды тұлғалар; 2. технополистер, технологиялық парктер, технологиялық инкубаторлар, инновациялық қорлар, инновациялық орталықтар жəне инновациялық қызмет инфрақұрылымының өзге де ұйымдары; 3. инновациялық қызметті реттеуге қатысатын мемлекеттік органдар; 4. инновацияларды жасаушылар мен тұтынушылардың мүдделерін білдіретін жəне қорғайтын қоғамдық бірлестіктер.

Инновациялық менеджменттің басқару объектісі: 1. инновациялық жобалар мен бағдарламалар; 2.интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нəтижелері; 3. технологиялар, жабдықтар мен процесстер; 4. өндіріс пен кəсіпкерлік инфрақұрылымы; 5. өндірістік, баскарушылық, коммерциялық немесе өзге де процесстің сапасы мен тиімділігін едəуір жақсаратын, өзге де жаңа ұйымдык-техникалық, қаржы-экономикалық шешімдер инновациялық қызмет объектілері болып табылады.

Сонымен қатар инновация зияткерлік меншік объектісі ретінде анықталады, соның ішінде енгізілуі экономикалық тұрғыдан тиімді өндірістік меншік ретінде анықталады.

Негізінен бұл анықтамаға заң шығарушы бірден келген жоқ. «Инновациялық қызмет туралы» заңның (бүгінде бұл заң күшін жойған) 1-бабында инновациялық қызмет - нәтижелерi экономикалық өсу мен бәсекелестiк қабiлеттiлігі үшiн пайдаланылатын, өндiрiстiң және қоғамды  басқарудың әртүрлi салаларына жаңа идеяларды, ғылыми бiлiмдердi, технологиялар мен өнiм түрлерiн енгiзуге бағытталған қызмет ретінде анықталды.

Инновациялық қызмет анықтамасы енгізу қызметі тиімді экономикалық нәтиже беретін қызмет ретінде түсінілді.

Болашақта экономикалық тиімді болатын жаңаны өңдеуге қатысты ғылыми қызметті инновациялық қызметке жатқызуға бола ма? Жоғарыда қарастырып кеткен анықтаманы ескерсек, бұл мүмкін емес, ал «жаңа идеяларды, ғылыми бiлiмдердi» түсініктерін тереңірек қарастырсақ ғылыми қызметті инновациялық кәсіпкерлік қызмет ретінде түсінуге болады, егер де экономикалық тиімді нәтиже берсе. Бұл жерде ойланатынымыз экономикалық тиімділікті анықтау критерийлері.

Сонымен қатар жоғарыда аталған заңымыз инновациялық қызметтің түрлерін анықтаған болатын.



Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2


База данных защищена авторским правом ©psihdocs.ru 2019
обратиться к администрации

    Главная страница