Курстық ЖҰмыс пәні: Салық және салық салу Тақырыбы


Қазақстана Республикасының салықтық реттеудің тиімділігін бағалау



Скачать 66,54 Kb.
страница9/14
Дата15.06.2020
Размер66,54 Kb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
2.2 Қазақстана Республикасының салықтық реттеудің тиімділігін бағалау

Кeз-кeлген мемлeкеттік бюджeт жүйесі, экономиканы дамыту мен шаруaшылық субъeктілерінің кәсіпкepлік қызмeтке деген ынтaсын арттыруын қамтамaсыз етeтін, сaлық салу жүйесінің нақты механизмімен негізделуі қажет. Салық салу жүйесі – мемлекеттік реттеудің негізгі тәсілдерінің бірі және әлеуметтік-экономикалық реформаларды тиімді жүргізу, оның нәтижесіне тікелей байланысты.

Нарықтық қатынастардың дамуы, экономикалық және әлеуметтік процестерді басқарудағы мемлекеттің реттеу рөліне өзгерістер енгізеді, яғни салық, тек қажеттілікті қанағаттандыру құралы ғана емес, сондай-ақ мемлекеттің қоғамдық ұлттық өнім үлестеріне әсер ететін жүйенің элементі де.

Экономикалық мәні жағынан мемлекеттік қаржылар, оның кәсіпорын-дарының қаржы ресурстарын қалыптастырып, алынған қаражаттарды мемлекет пен мемлекетік кәсіпорындардың қызметтерін орындауға пайдалану үшін қоғамдық өнімнің құны мен ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлумен байланысты болатын ақша қатынастарын білдіреді.

Мемлекет бір жағынан жеке кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, азаматтар, басқа жағынан, бұл сферадағы ақша қатынастарының субъектілері болып табылады.

Мемлекеттік қаржылардың қызметтері экономикалық категория болып табылатын жалпы қаржылардың қызметтеріне ұқсас болып келеді. Бұл – бөлу мен бақылау функциялары. Мемлекеттік қаржылардың экономикалық мазмұны бірыңғай емес: олардың құрамында жеке оқшауланған буындар бөлінеді, олардың әрқайсысы өзгеше функцияларды орындайды.Мемлекеттік қаржылар республикалық және жергілікті деңгейлерде іс-әрекет етеді және бюджетті, мемлекеттік несиені, мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындардың қорларын қамтиды. Аталған буындардың функционалдық арналымның арқасында мемлекет экономикалық, әлеуметтік, саяси процестердің үлкен спектрларына, салалық және аумақтық проблемаларды шешуге ықпал етеді.

Егер қаржы қатынастарын топтастыру кезінде мемлекеттің экономика мен әлеуметтік процестерге басшылық жасау деңгейіне сүйенетін болсақ, (оны 1 – суреттен көруге болады) онда Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қаржылардың құрылымын мынадай түрде көрсетуге болады:







Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржылары





















































































Республикалық

Қаржы




Жергілікті

қаржы





















Бюджет



Ресурстар




Мемлекеттік

несие





Кәсіпорындар

Қаржысы


Сурет 1. Қазақстанның мемлекеттік қаржыларының құрамы.


Мемлекеттік қаржылардың құрамында республикалық және жергілікті деңгейлерде қалыптасатын бюджеттік өзара байланыстар маңызды рөл атқарады. Бюджеттік қатынастар көмегімен мемлекеттік құрылымдардың құрамағына қаржылық әдіспен қайта бөлінетін ұлттық табыстың едәуір блігі жұмылдырылады. Түрлі деңгейлердің бюджеттері – республикалық, жергілікті бюджеттер тиісінше өкімет пен басқарудың республикалық және жергілікті органдары үшін тіршіліктің қаржы базасы болып табылады.

Қазақстан Республикасы аумағында жалпы функцияларды орындау үшін республикалық бюджет қалыптастырылады. Оның ресурстары мемлекеттің мақсаты кешенді бағдарламаларын қаржыландыруға, республикалық функцияларды орындауға, сондай-ақ қарулы күштер мен басқару орындарын ұстауға байланысты мемлекеттік шығындарды қамтамасыз етуге арналған.

Бюджеттік қатынастар жүйесіндегі жергілікті бюджеттерге маңызды орын беріледі. Жергілікті бюджеттер көбінесе экономикалық процестерді реттеу үшін пайдаланылады, өндіргіш күштерді орналастыруға ықпал етеді, жергілікті кәсіпорындар шығаратың өнімнің бәсеке қабілетін арттыруға, аумақтық инфрақұрылымды жасауға, еңбек ресурстарының ұдайы өсуі жөніндегі шығындарды қаржыландыруға жәрдемдеседі. Жергілікті бюджеттер әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруда зор рөл атқарады.Кез-келген елде мемлекетік бюджеттер – жалпы мемелекеттік қаржылардың, сондай-ақ жалпы қаржы жүйесінің басты буыны болып табылады. Ол мемлекеттің басты кірістері мен шығыстарын біріктіреді. Бюджет арқылы барлық меншік нысандарының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қаражаттары және ішінара халықтың табысы жұмылдырылады. Олар экономиканы, әлеуметтік-мәдени шараларды қаржыландыруға, елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға, мемлекеттік басқару органдарын ұстауға, жергілікті бюджеттерді қаржылық жағынан қолдауға, үкіметтік борышты өтеуге, мемлекеттің материалдық және қаржы резервтерін жасауға және басқаларға бағытталады.

Нарықтық жағдайларға көшу жағдайында республикалық бюджет шығыстарының құрылымы айтарлықтай өзгерістерге ұшырауда – халық шаруашылығының,ең алдымен орталықтандырылған күрделі жұмсалымдарға жұмсалатын бюджет қаражаттары шұғыл қысқаруда. Жекешелендіру бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты мемлекеттік кәсіпорындардың едәуір бөлігі акционерлік қоғамдарға өзгереді, олар ұлғаймалы ұдайы өндірісті қаржы рыногында жұмылдырылған меншікті қаражаттар мен ресурстар есебінен жүзеге асыруы тиіс.Алайда нарықтық механизмдердің іс-қимылы жағдайында да жеке салалар мен аумақтарды, мемлекеттік инвестициялық бағдарламаларды, экономиканың мемлекеттік секторын бюджеттен қаржыландыру өзінің шешуші маңызын сақтап қалуда.

Әкімшілік салықтық реттеуге келетін болсақ, олардың екі түрі бар: мемлекеттік, шаруашылық-ведомствалық. Ал формалар болса дирекциялық басқару және орындарды бақылау. Әдістері – заңды актілердің орналасуы, жарлықтар жағдайы, кепілдеме, үлестіру, лимиттер, квоталар, бақылау іздістері (ревизия, тексерістер).




Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14


База данных защищена авторским правом ©psihdocs.ru 2019
обратиться к администрации

    Главная страница