Кіріспе мақсаты және міндеті Мәдениет ұғымы


Ағарту дәуірінің мәдениеті



страница4/4
Дата23.04.2020
Размер49,4 Kb.
1   2   3   4
Ағарту дәуірінің мәдениеті

 

1.    XVІІІ ғасыр сана мен ағартудың ғасыры



2.    Британия ағартудың отаны. Неміс ағартуы

3.    Ұлы Француз ағартушыларының қызметі

4.    ХVІІІ ғасырдағы мәдениеттің дамуындағы өзгерістер

 

Реформация қайраткерлерінің алдыңғы қатарлы идеялары мен Ұлы



географиялық ашулар Ағарту идеяларының қалыптасуына үлкен әсерін тигізді. Егер Антика философтары үшін өмірлік принципі «мен танып жатырмын», ал орта ғасырлық теологтар үшін «мен сеніп жатырмын» болса, ағарту дәуірінің философтары үшін «мен біліп жатырмын» болған.

Ағарту дәуірі XVII ғасырда Англия жерінде бастау алып XVІІІ ғасырда Францияда өзінің шарықтау шегіне жетті, ал кейінірек оның идеялары бүкіл өркениетті әлемге тарай бастады.

Ағартушылар (осы дәуірдің идеологтары) әлеуметтік мәселелерге қатты мән берген. Осы дәуірде космополитизм пайда болып, ғылыми революцияның келесі кезеңі басталды. Негізгі мәселелердің біріне қалың бұқараны «ағарту» жатты, ол феодализмді жоюға кедергі келтіріп жатқан адамдар санасындағы бұрынғы нанымдардан тазалау үшін қажет болды.  Сондықтан Ағарту дәуірінің қажетті элементі атеизм болды. Ал дінге қарсы тек материалистік тұрғыдан күрес жүргізу мүмкін болғандықтан, ағартушылар арасында материализм кеңінен дамыды.       

Осы кезеңде Библияны сынға алу өсті, себебі ол жерде адам логикасына салса көптеген қисынға келмейтін нәрселер шыққан. Көп ағартушылар құдайды дүниені жаратушы ретінде мойындап, дүние құрылымын түсіндіру үшін қолданған.

Француз ағартушыларын энциклопедистер деп жиі атаған, негізінен оны «Энциклопедия немесе ғылымдардың, өердің және қолөнердің түсіндірме сөздігі» еңбегі бойынша атады. «Энциклопедия...» Ағарту дәуірі идеяларын кең танымал ету үшін тамаша құрал болған. «Энциклопедияның» авторлық ұжымын Д.Дидро және Жан Д Аламбер (1717-1783) басқарды. 1751 жылдан 1772 жыл арасында 17 том және 2 том иллюстрациялары (гравюралар), ал кейін 1780 жылға дейін тағы 7 том қосымшалар мен нұсқаулар жарық көрді. «Энциклопедияға» сол кездегі ең мықты ғалымдар шақырылды. Оның мақалаларын шіркеу қатты сынға алды, бірнеше рет үкімет оның басылымын тоқтатып   отырды. Ағартушылар жаңа әлеуметтік қауымды құрды, яғни ой еңбегімен айналысатын білімді элитаны. Олар мемлекеттің пайда болуы және функциялары, адамдар арасындағы теңсіздіктің пайда болу уақыты мен себептері, қоғамдық прогресс туралы мәселелерді талқылады.

2. Ағылшын философы Джон Локк (1632-1704) қарапайым құқық пен қоғамдық келісім теорияларымен шықты. Адамның қарапайым құқықтарына, оларды ешкімнің тартып алуына болмайтын, мыналарды жатқызған: өмір сүруге, бостандыққа, меншікке деген құқықтар. Қоғамдық келісім  теориясының мәні, халық пен билеушінің арасында нақты бір келісімшарт болу қажет, ол бойынша халық өз құқықтарының бір бөлігін, мемлекет дұрыс қызмет ету үшін, билеушіге береді. Бірақ билеуші билігін дұрыс пайдаланбаса (халық берген), онда халық билікті тартып алуы қажет.

Локк И.Ньютонның жолдасы болғандықтан  ол ашқан ғылыми заңдар туралы хабардар болатын. Бүкіл әлемдік тартылыс заңын негізге ала отырып, ол қоғамда бірін-бірі теңеп тұратын күштер болуы қажет, сонда мемлекет тұрақты өмір сүреді деп есептеген. Локк билікті бөлу теориясын шығарған. Заң шығарушы, атқарушы және сот билігі тек монархтың қолында болмауы тиіс, бұл жағдай мемлекеттегі қоғамдық қатынастардың тұрақсыздығына алып келеді деген. Бұл идеялар Ағылшын революциясы дәуірінде (1640-1689) іс-жүзінде іске аса бастады.

Шотланд экономисті және философы Адам Смит (1723-1790) меншікке байланысты көзқарастарын білдіріп кеткен. Ол меншік адам қызметінің басты стимулы деген, ол адамды әрі қоғамды байытады деген. өзінің «Халықтар байлығы» атты кітабында ол, адам өзінің жеке экономикалық қызығушылықтарын ойлай отырып және бұл салада жетістікке жете отырып, өз елінің және жалпы өркениеттің дамуына септігін тигізеді дегенді дәлелдеген. Ол нарықтық қатынастардың негізгі принциптерін анықтап берген.

Неміс философы Иммануил Кант (1724-1804) өзінің «Ағарту дегеніміз не» атты мақаласында (1824) былай айтқан: «Ағарту дәуірі бұл адамзаттың кәмелет жасына толмаған жағдайынан шығуы, осы кезде ол өз ақылын пайдалана алады».

3. Қоғам мен мемлекеттің дамуымен байланысты басты дискуссиялық мәселе меншік туралы мәселе болатын. Ағартушылар ішінде радикалдарды бөліп шығаруға болады. Оларға Жан Мелье (1664-1729) атты француз ағартушысы жатады. Францияның төменгі топтарының өмірімен таныс ол, өзінің жалғыз «Өсиет» атты кітабында тек Франциядағы феодалдық қатынастарды ғана емес, жалпы таптық қоғамның негіздерін өткір сынға алды: «Барлық билеушілер тирандар болып табылады, олар алдау мен зомбылықтың құбыжықты жүйесінің арқасында халықты қайыршылық жағдайына түсірді. Азаматтық және діни билік өкілдері қалталы-ұрылар сияқты бірін-бірі қолдайды». Мелье жеке меншікке де қарсы шыққан, оны барлық әлеуметтік зұлымдықтардың басы деп есептеген. Ол идеалды құрылымды суретттеп берген: қоғамдық меншік және барлығына міндетті еңбек. Бірақ оның ойынша, революцияны жасап және жаңа қоғам құру үшін, халықты ағарту жеткілікті. Мелье материалист және атеист болған.

Әлеуметтік және мүлік теңдігі үшін күрес жүргізген, нағыз күрескер Жан Жак Руссо (1712-1778) болған. Ол, «Ғылым мен өнердің қайта өрлеуі әдептіліктің өсуіне әсер етті ме?» деген тақырып бойынша өткен Дижон академиясы конкурсының жеңімпазы ретінде танылды. Осы тақырыпқа жазылған оның рефераты ең жақсы деп танылды. Руссо бірінші болып ғылыми-техникалық прогресс пен әдептілік арасындағы алшақтық туралы айта бастады. Оның ойынша, мәдениет табиғатқа қарсы тұрып отыр. Ол өз заманындағы қоғамды алғашқы қауымдық қоғамға қарсы қойды, оны ол «нағыз» қоғам деп атаған, онда барлығы тең болған. Ғылым мен техниканың дамуы, еңбек бөлінісіне және адамдардың бір-біріне тәуелділігіне алып келеді. Теңсіздікті жою үшін, өркениеттен бас тарту керек деп жазған. Руссо коммунистік емес бірінші жеке меншік сыншысы болып табылады. Нағыз құқықтардың идеясын дамыта отырып, Руссо меншікті олардың қатарына қосудан бас тартқан және қоғамдық идеалды онымен байланыстырмаған. Руссоның пікірі бойынша идеалды өмірге тек мемлекеттің күшіне сүйеніп қана қайтып келуге болады. Ондай мемлекет тек республика бола алады, ол Бостандық, Теңдік, Ағайындылық принциптеріне негізделеді.

Руссо деист болған. Деистер бойынша Құдай физикалық заңдардың жұмысына араласпайды (ол механик іспеттес Әлемді қозғалысқа келтірген, одан кейін кетіп қалған). Демек Құдай жеке адамның тағдырына араласу сияқты «майда» жұмысқа болса да араласпайды. Осылайша, деистердің әлем картинасында космос ғана емес, адам да автономды. Былайша айтқанда, адам өз таңдауында еркін болып табылады.

Руссоны барлық құбылыстар мен мәселелерге плебейлік-демократиялық көзқараспен қарауы ерекшелендіреді. Ол өмірде де демократ болған, ешқашан алтын әшекейлер тақпаған, қымбат киім кимеген. Вольтер Руссоның «Адамдар арасындағы теңсіздіктің пайда болуы туралы» атты еңбегін оқып шығып оған былай деп жазған екен: «Мен Сіздің адамзат қауымына қарсы бағытталған жаңа кітабыңызды алып, Сізге рахмет айтамын. Адамзатзат қоғамының құбыжықтығын бұдан күшті бояулармен суреттеу болмайды, біз одан білместігімізден көп жақсы нәрсе күттік. Бізді қайтадан жануарға айналуға мойындататын осыншама ақыл ешқашанда жұмсалған емес, Сіздің кітабыңызды оқыған кезде, қайтадан төрт аяқтап жүріп кеткің келеді».

Ағартушылардың ұстанымды қанатының өкілі Шарль Луи Монтескье (1689-1755) болған. Аристократиялық отбасыдан шыққан, бір кездері Бордодағы парламентті басқарған ол, шексіз монархияның зияны туралы талқылап, феодализмге қарсы шыққан. Ол осы идеяларын «Парсы жазбалары» және «Заңдардың рухы туралы» еңбектерінде ашып көрсеткен. Монтескье, идеал ретінде Англияны таңдап, шектелген монархияның артықшылықтары туралы жазады. Бірақ сонымен қатар оған республикалық көзқарастар да жақын болған. Монтескье биліктің үш тармағы туралы ілімді дамытқан. Ол мемлекеттің территориялық-әкімшілік құрылымы аясында ең тиімдісі федерация деп есептеген. Монтескье заң алдындағы азаматтардың теңдігі, жалпыға сайлау құқығы, сөз, басылым, ар-ождан бостандығы, шіркеуді мемлекеттен бөлу, азаптау мен қатаң айыптаудан бас тарту сияқты мәселердің қолдаушысы болған. Монтескье халықаралық қақтығыстардың бейбіт түрде шешілуінің жақтаушысы болған. Сонымен қатар соғысу әдістерін гуманизациялау туралы тұжырымдары да бар. Монтескье әлеуметтануда «географиялық бағыттың» негізін қалаушы болып табылады. Оның ойынша, климат адамдар мінезіне және қоғамдық-мемлекеттік құрылымға әсер етеді. Мысалы, ыстық климат еріншектік пен мансапты тудырады, деспотиялық басқарудың себебі болып табылады.

Вольтер (Франсуа Мари Аруэ) (1694-1778) – француз ағартушыларының ұстанымды қанатының ең көрнекті өкілі болып табылады. Тарихи процестің негізгі мазмұны сана мен надандықтың күресі деп түсінген, сондықтан прогресс ісінде ағартуға шешуші рөлді берген. Вольтер бай нотариустың отбасында дүниеге келген. Мәртебелі оқу орны Ұлы Людовиктің иезуиттік колледжінде оқыған. Еркін ойы үшін екі рет Бастилияға түскен, кейін үш жылға Аглияға жер аударылған.

 

 Әдебиеттер:



 

1. Алтаев Ж., Ғабитов Т. «Философия және мәдениеттану». Алматы, 1998.

2. Ғабитов Т. «Мәдениеттануға кіріспе». Алматы, 1996.

3. Төкенов Ө.С. «Мәдениеттану негіздері». Оқу құралы. Алматы, 2000.



4. Төкенов Ө.С., Жаңақұлов Т.Ж. « Мәдениеттаным». Тараз, 1997.

5. Ғабитов Т. «Мәдениеттану». Алматы, 1997.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4


База данных защищена авторским правом ©psihdocs.ru 2019
обратиться к администрации

    Главная страница