Кіріспе мақсаты және міндеті Мәдениет ұғымы


Орта ғасырлық Европа мәдениеті



страница3/4
Дата23.04.2020
Размер49,4 Kb.
1   2   3   4
Орта ғасырлық Европа мәдениеті

 

1. Феодалдық Батыс Европадағы католик шіркеуінің гегемониясы және оның мәдениеттің дамуына әсері

2. Орта ғасырлық Европадағы білім беру жүйесі

3. Орта ғасырлық Европа халқының әдебиеті және өнері

 

1. Тарихи әдебиетте ұзақ уақыт бойына батыс Европадағы орта ғасырларға «қараңғы кезең» деген көзқарас орнап келген еді. Дегенмен Батыс Европа мәдениет тарихы ондай біржақты емес болатын. Бұл жерде бір мәселе анық, осы кезеңдегі Европа қоғамының бүкіл мәдени өмірінің негізі христиандықпен, атап айтсақ ктолик шіркеуімен анықталды. Христиан ілім-сенімінң негізі Христостың тіріліп келуі, Қасиетті үштікке сену болды.



Қасиетті үштік ұғымы құдай барлық үш тұлғасы бойынша біртұтас деп түсіндірді, яғни Әке-құдай, дүниені жаратушы, Бала-құдай, күнәдан арылтушы және Қасиетті Рух, олар шексіз бірге және мәңгілік.

Христиан ілімі, адам табиғатынан әлсіз-күнәһәр болып табылады және шіркеудің көмегінсіз өзін құтқара алмайды, деп үйреткен.

Батыс және Шығыс шіркеулерінің арасында бұрыннан да болған қарама-қайшылықтар уақыт өте тереңдей берді. Мысалы, ІХ ғ. ортасында Қасиетті Рух тек Әке-құдайдан (Шығыс шіркеуі) немесе Әке және Бала-құдайдан (Батыс шіркеуі) шыққан деген дау болған. 1054 жылы Батыс және Шығыс шіркеулері бір-бірінен толық тәуелсіздігін ашық түрде жариялады. Осыдан кейін екі шіркеу Әлемдік шіркеу рөліне таласты.

Ерте орта ғғ. еретиктік (грек тілінен аударғанда – ерекше ілім, сенім) қозғалыстар пайда болды. Мысалы несториандар Иисус Христостың құдайлық негізін мойындамады. Несториандар Иисус Христос пен Дева Мария адам болған және ешқашан да қайта тіріліп, аспанға ұшпаған деп айтқан.



Монофизиттер, керісінше, Иисус тек қана құдай болған, ол ешқашанда адам болмаған деп түсіндірген, яғни Исаның бойында адам табиғатының болғандығынан бас тартқан.

Папалық қызмет барлық уақытта еретиктік қозғалыстармен белсенді күрес жүргізіп отырған. Ол күрес қаруының негізі инквизиция (латын тілінен аударғанда – іздеу) болды және ол тұрақты шіркеу соты ретінде жұмыс жасаған. Еретиктермен қатар еркін ойшылдар, сиқыршылар, емшілер, көріпкелдер т.б. жазаланған. Оларды шіркеу жаман күштермен байланыс жасайды деп айыптаған. Шіркеу, сайтан адамдар бойына және бірінші кезекте әйел адамның бойына еніп, зұлым істер жасай бастайды деп үйреткен. Инквизиция жазасы негізінен отқа өртеу болған. Мысалы тек Испанияда ғана 30 мыңнан аса адам инквизиция оттарында өрттелген.

 Батыс және шығыс Европада монахтық үлкен рөл атқарған. Монахтар өздеріне «осы дүниеден безу», үйленбеу және мүліктен бас тарту т.б. міндеттерін алған. Дегенмен VI ғ. өзінде монастырьлар күшті және өте бай орталықтарға айналған, сонымен қатар олар білім мен мәдениет орталықтары болды.

ХІІ-ХІІІ ғғ. Католик шіркеуінің ықпал жасау аумағы әлде қайда кеңіді. Рим-католик шіркеуі мемлекеттердің арасындағы дауларды шешуге араласқан. Әлемнің қаржы орталығы болды, белсенді түрде коммерциялық, қоғамдық-экономикалық жұмыспен айналысты. Оның мысалы ретінде индульгенцияларды (латын тілінен аударғанда – қайыр), яғни күнәні кешіретін грамоталарды сату кең етек алғанын айтуға болады және оларды жасалынған күнәләрмен қатар, әлі жасалынбаған күнәләрға да алуға болатын еді. Оның бағасы күнәнің ауырлығымен анықталды.

2. V-ІХ ғғ. Батыс Европа елдеріндегі барлық мектептер шіркеудің қолында еді. Шіркеу оқу бағдарламасын құрастырды, шәкірттерді өзі таңдады. Шіркеу мектептерінде антикадан қалған пәндер жүргізілді: грамматика, риторика, диалектика логика элементтерімен, арифметика, геометрия, астрономия және музыка. Бірақ сонымен қатар антикалық мәтіндер жиі жойылып отырған, ал қымбат пергамент монастырь жазбалары үшін қолданылды.

ІХ ғ. екінші жартысында англияда азаматтық мектептер ашыла бастады. Бірақ VІІІ-ІХ ғғ. Мәдени өмірдегі өсу Х-ХІ ғғ. тоқтады.  Шіркеу, дін иелерінің сауатсыздығы, надандық кеңінен тарады.

Шіркеу, монастырь жанындағы шеберхана скрипторийлер де құлдырай бастады. Ол жерде қолжазбалар және шіркеу-монастырь кітапханалары қайта көшіріліп отырған. Кітаптар аз және өте қымбат болған. Бірақ Европаның кейбір елдерінде оқытудың жоғары деңгейі сақталды. Х-ХІ ғғ. Испанияның жоғары мектептерінде философия, математика, физика, астрономия, медицина, құқық және мұсылмандық дін ілімі оқытылды.

1088 жылы Италияда Болон құқықтық мектептің негізінде алғашқы университет ашылды. Англияда бірінші университет 1167 жылы Оксфордта, ал кейін 1209 жылы Кембриджде ашылды. Францияның ең ірі және бірінші университеті 1160 жылы Парижде ашылды. Онда төрт факультет болды: жалпы білімдік, медицина, құқық және дін ілімі. Оқыту бүкіл Батыс европадағыдай латын тілінде жүргізілді.

XV ғасырда Еуропада 65 унивеситет болды да, онда дін ілімнен басқа, заң, медицина, өнер, бертін келе жаратылыстану ғылымдары да оқытылды. Университет, арнайы мамандандырылған ұжым ретінде, ортағасырда ойлап табылған ең ұлы жаңалық деп айтуға болады.

Ерте орта ғғ. Византияда да білім беру саласында шіркеу позицияларының күшеюі тән болды. Антикалық философия қудаланды. VI ғ. Платон негізін қалаған әйгілі Афин мектебі жабылды, ол мың жыл өмір сүрген екен. Антикалық философияны дін ілімі ауыстырды.

Дегенмен ІХ ғ. ортасында Константинопольде жоғары мектеп ашылды, онда оқыту процесі антика үлгісі бойынша жүрді. Осы кезеңде Византия мәдениетінің көрнекті өкілі патриарх Фотий (810-820 – 890 жж.) болған, ол антика авторларының 280 шығармасына пікірлер және өзінің діни шығармаларының жинағы «Мириобиблион» еңбегінің авторы болып табылады.

ІХ-Х ғғ. жаратылыстану білімдер саласында даму байқалған. Византия қоғамы және көрші елдер туралы көптеген мәліметтерден тұратын түрлі білім салалары бойынша энциклопедиялар құрастырылды. Математика бойынша оқулықтар, хирургия бойынша нұсқаулар жазылды. Бірақ дәл ғылымдармен қатар алхимия, астрология, магия сияқты ғылымдар да кең етек алды.

3. Орта ғғ. Европа мәдениетінің маңызды саласы әдебиет болды. Ерте орта ғғ. ауыз әдебиеті, поэзия, эпос кең танымал болды. Ол негізінен англия мен Скандинавия елдеріне қатысты болды.

Ағылшын-сакс батырлық эпосының үлкен шығармасы «Беовульф» поэмасы болатын, ол 700 жылы жазылған. Скандинавия поэтикалық жырларының маңызды шығармасы «Үлкен Эдда», ол ежелгі норвегиялық және исландиялық құдайлар мен батырлар туралы өлеңдер жинағы болып табылады. Скандинавия халықтарының әдебиетінде Исландия сагаларының орны ерекше, оның ішінде ең атақтысы «Ыржық Сары Эрик туралы сага». Ол исландиялықтардың Гренландия мен Солтүстік Американы  ашқаны туралы жырлайды.

Осы дәуірде рыцарьлық әдебиет пайда болды. Ең атақты шығармалардың бірі «Роланд туралы өлеңдер» атты француз батырлық эпосы болып табылады, онда граф Роландтың батырлық ерліктері және Испанияға жасаған жорығында қайтыс болғаны туралы айтылады.

ХІІ ғ. рыцарьлық романдар шықты. Атақты романдардың қатарында өлеңмен жазылған «Британ королі Артур туралы» шығарма болатын.

Батыс Европа елдерінде рыцарьлық лирикалық поэзия дамыды. Германияда оның өкілдері өз шығармаларын өздері жырлайтын миннезингерлер (жоғары маһаббаттың жыршылары) болса, Францияда трубадурлар сарай маңындағы жыршылар болды. Олар шынайы маһаббатты және өзі сүйген әйел үшін түрлі қауіпті жағдайларға бас ұрғаны туралы жырлаған. Осы саладағы атақты авторлардың қатарында Бертран де Борн, Джауфре Рюдель, Арно Даниэль т.б. болған.

ХІІ-ХІІІ ғғ. Франция әдебиетінің маңызды құбылысы ваганттар және олардың поэзиясы болды. Ваганттар жаяу ақындар болған.

ХІІІ ғ. ағылшын әдебиетінің маңызды ескерткіші «Робин Гуд туралы балладалар» болып табылады. Бұл шығарма әлі күнге шейін әлем әдебиетінің ең белгілі шығармаларының бірі болып отыр.

Бұл кезеңдегі италиан әдебиеті негізінен лирикалық поэзиядан тұрған - өлеңдер, балладалар, сонеттер. ХІІІ ғ. ортасында Италия әдебиетінде жаңа «тәтті стиль» пайда болды, ол әйелге деген махаббатты жырлады. Ол стильдің негізін қалаушы Болон ақыны Гвидо Гвиницелли (1230-1276 жж.), ал ең көрнекті өкілдері Брунетто Латини мен Гвидо Кавальканти болған.

Осы дәуірде Италияда қалалық әдебиет дамыды. Оған күнделікті қалалық тұрмысты шынайы суреттеу тән болды. Оның көрнекті өкілдері Чекко Анджольери, Гвидо Орланди т.б. болды.

Қалалық әдебиеттің дамуы европалық қоғамда жаңа мәдени құбылыс – қалалық мәдениеттің пайда болуына әкелді. Ол жалпы Батыс мәдениеті мен өркениетінің қалыптасуына зор әсер етті. Қалалық мәдениеттің мәні адамзат тұрмысының барлық саласында зайырлы, азаматтық белгілердің үнемі көбейіп отыруына негізделді.

Францияда қалалық мәдениет ХІ-ХІІ ғғ. қалыптасты. Бұл кезеңде ол жонглерлар шығармашылығымен көрініс тапты, олар қалалық алаңдарда актер, акробат, музыкант, әнші, жануарларды қорықтаушы ретінде өнер көрсетті. ХІІ ғ. ортасынан бастап театрлық көріністер латын тілінде емес, француз тілінде және шіркеуде емес қалалық алаңдарда қойыла бастады.

Театр өнері Англияда да дамыды, ХІІІ ғ. бастап қойылымдар ағылшын тілінде өте бастады. Осы кезде моралитте атты ерекше драмалық жанр кең етек алды, онда жақсылық пен жамандық адам жаны үшін күрес жүргізеді. Ал кейіпкерлер адам сезімдері мен қасиеттері болған – Махаббат, Шыдамдылық, Сараңдық, Кек, Сабырлық т.б.

Қалалық мәдениетінің даму процессіндегі жаңа және маңызды құбылыс, қалаларда шіркеулік емес мектептердің пайда болуы. Ол мектептердің ұстаздары шәкірттер төлеген қаржысы есебінен өміп сүрді. Осы кезден бастап қала халқының арасында сауаттылық тез тарай бастады.

Шіркеудің күшті ықпалы сәулет, мүсін және сурет өнерлеріне де қатты әсер етті.

Византия сәулет өнерінде крестік-күмбездік храмның түрі кеңінен тарады, оның қабырғалары мозайкамен безендірілген. Византия архитектурасының тамаша үлгісі Константинопольдағы Қасиетті София храмы болған, оның қабырғалары түрлі-түсті мозайкамен безендіріліп, үстін үлкен күмбез жапқан.

V ғ. Батыс Европа үшін сәулет пен бейнелеу өнерінде шынайылықтан ауытқу тән болған. Ұлы Карлдың (742-814) тұсында Францияда зәулім құрылыстар жүргізілген. Бірақ ағаштан салынған көптеген құрылыстар біздің заманымызға жетпеген. Феодалдық замлктар мен шіркеу соборларының құрылыстары тоқтаусыз жүрген.

Ақыр заманның келуі туралы шіркеу оқуына байланысты 1000 жыл тұсында шіркеу құрылысы дамыды. Осы уақыттан бастап Батыс Европа құрылыстарында тас кеңінен қолданыла бастады. Тас бастырманы тек шағын терезелері бар қалың, мықты қабырғалар ғана көтере алатын еді. Бұл роман стилі деген атқа ие болды. Роман архитектурасына Францияда Пуатьедегі Нотр-Дам, Тулуза, Орсивале, Велеза, Арледегі, Англияда Оксфордт, Винчестер, Норинчтегі, Норвегияда Стангерадағы, Швецияда Лунадағы соборлар жатады.

Роман стиліндегі мүсіндер үшін табиғат пен адам денесін суреттеуде шынайылықтан бас тарту тән болған. Қабырғадағы суреттер мазмұны жағынан шіркеулік болған, фигураларды бейнелеуде көлем мен перспективадан бас тартқан. Әулие бейнелер корольдан, ал король бейнесі вассалдар мен қызметшілер бейнесінен ірі болған.

ХІІ ғ. Солтүстік Францияда жаңа архитектуралық готика стилі пайда болды. Готикалық собордың негізі биік, түзу колонналар болған. Бұл ғимараттарда қабырғаға күш түспегендіктен, олар жұқара берген, үлкен терезелер пайда болған және олар түрлі-түсті әйнектермен – витраждармен безендірілген. Готика ғимараттарына тән нәрсе олардың ьиік болуы.

Францияның Париждегі, Шатре, Бурже, Бове, Реймстегі готикалық соборлары тамаша болған. Аглияның готикалық соборларына (Сомбери, Йорктағы, Кентерберидегі) ендік ұзын  және биік емес болуы тән. Готикалық стильдің шедеврі Лондондағы Вестминстерлік абаттық болып табылады.

Германияда архитектурасында готикаға өту Франция мен Англияға қарағанда баяу жүрген. Любектегі собор кірпіш готикасының бастамасы болып, кейін ол Солтүстік Европа елдерінде кеңінен тараған.

Батыс Европаның барлық қалаларындағы готикалық соборлар әдемі архитектуралық құрылыстар болған, ал оның авторлары үлкен құрметке ие болған. XIV ғ. готикалық стиль одан әрі дамыды. Готикалық архитектураның дамуымен мүсін, сурет өнері де өзгеріске ұшырады. Адам фигуралары шынайырақ бейнеленіп, бояулар түрлері көбейді. Антикалық мұраның белгілері көріне бастады. Ол Қайта Өрлеу мәдениетінің қалыптасуының алғы шарты еді.

 



Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4


База данных защищена авторским правом ©psihdocs.ru 2019
обратиться к администрации

    Главная страница