Кіріспе мақсаты және міндеті Мәдениет ұғымы


Ежелгі Шығыс мәдениеті. Ежелгі Египет мәдениеті



страница2/4
Дата23.04.2020
Размер49,4 Kb.
1   2   3   4
Ежелгі Шығыс мәдениеті. Ежелгі Египет мәдениеті

 

1. Ежелгі Шығыстағы мемлекеттік құрылымның пайда болу ерекшеліктері



2. Ніл аңғарының табиғаттық жағдайы, халқы және өркениеттің қалыптасуы

3. Ежелгі Египеттің мемлекеттік құрылымының ерекшеліктері және діни сенімдері

4. Ежелгі Египеттіктердің өнер саласындағы жетістіктері

5. Ежелгі Египеттіктердің ғылым мен білім саласындағы жетістіктері

 

1. Ескі    дүние    өзінің    көркемөнерімен,    сәулет өнерімен, әдебиетімен,  дінімен,  философиясымен күні бүгінге дейін таң қалдырып келеді. Сондықтан болар, солар арқылы өзімізге өзіміз тізе отырып осы  заманның мәдениетінің ерекшелігін,  мәнін байқаймыз, аңғарамыз. Кәзіргі уақытта бізден тарихи уақыт пен кеңістілікті     артқа     тастаған     ерте дүние мәдениетінің әралуандылығын және бірегейлігін танып білу аса маңызды мәселелердің бірі. Әдетте мұны іске асыру үшін, сол шығыс және  батыс   мемлекеттерінің   жеке  тұлғаға,   оның  еркіндігіне катынастарын және сол мемлекеттердің пайда болу тәсілдерін бірімен-бірін салыстыру арқылы жүргізген жөн.



Байырғы Шығыс, адамзатты алғашқы қауым мифтерінен тербеп шығарған, ұлы мәдениеттің отаны болғанды. Алайда, Шығыс алғашқы қауымдастықты артқа тастағанымен адамның дүниеге қатынасының мифтік тәсілінен құтыла алмады. Өйткені табиғаттың дүлей күші түгіл, адамдардың ырқынан жоғары тұрған қатал әкімшілдікке негізделген мемлекетке де бас иіп, құдайдай көрді. Мәңгілік табиғаттың көне құдайлары, енді мемлекеттің алғашқы құрылысшылары мен қамқоршылары кейпінде алға шықты, оларды құдай орнатқан жоғарғы тәртіптіліктің жалғасы деп есептеді.

Көне шығыстың бұл ерекшелігі көбінесе адамдардың ұжымдық жолмен біріге отырып тірі қалуы, сол дәуірдегі қолайсыз географиялық жағдайдағы бірден бір жол еді. Аман қалудың алғы шарты қатаң, өміршіл мемлекеттің болуыын қажет етсе, ол байырғы адамдардың мәдениеті мен дүние түйсігі арқылы дәлелденіп отырылды.

Батыс тарихында жеке тұлғалардың дараланып шығуы олардың билік пен жеке меншікке құштарлығының салдарынан мемлекет пайда болды. Нәтижесінде қоғамға үстемдік жасайтын өкіметтің қажет екендігі айқындала бастады. Өкімет жаңа қалыптаса бастаған тәртіптілікті қорғаштады.

Біріншіден оқшауланып бөліне бастаған топтың артықшылығын сақтауға мүмкіндік туғызса, екіншіден адамдар мен топтардың арасындағы кейбір қақтығыстарды жұмсарта отырып, адамдардың қоғамдық келісімнін кешуге бағыттады. Былайша айтқанда, варварлық жүгенсіздік жағдайында пайда болған адам еркіндігінің көбі батыста мемлекеттердің пайда болуына әкеп соқты. Батыста мұндай типті мемлекеттердің пайда болуының мәні еркінді іске асуының әлеуметтік түрі еді.

Шығыс елдерінің тарихында еркіндіктің жеке тұлғалыққа, бейімділікке қарағанда мемлекетке құштарлық ерте басталды. Өйткені Шығыста қалт-құлт өмір сүрудің басты амалы суармалы жерлерді пайдалана отырып астықтың
коғамдық қорын жасай білуде болды. Өйткені, табиғаттың дүлей
күші соны талап етті. Осының барлығы қордалана келіп табыс
қорының қомақты және жоспарлы шығындалуын, әкімшілік жолымен басқарылуын және көптеген жеке ауылшаруашылық қауымдарды топтастыруды талап етті. Шығыс мемлекеттерінің негізінде жеке адамның өзіндігін және еркіндікті жоққа шығаратын абсолюттік біртұтастық идеалы жатты. Шығыс деспотиясының рухани мәні осында.

Мұндай мемлекеттіліктің типтік сипаттары Шумер,Үнді, Египет, Қытай сияқты Ежелгі Шығыс елдеріне тән нәрсе болды.

2. Ежелгі Египет адамзат тарихындағы алғашқы мемлекет және дүниені басып алуға алғаш әрекет жасаған империя. Ежелгі Қосөзеннің тарихы сияқты ертедегі Египеттің тарихы да бір жүйеге келтіріліп, терең зерттеле басталғаны ХІХ ғасыр болды.

Бұған дейін библия деректерінің және грек пен латын авторлары шығармаларының кейбір үзінділерін пайдалануға тура келді, бұлардың Египеттің жазба документтерін пайдалануға мүмкіншілігі болмады және өзге халықтың тарихын ауыз әдебиеті бойынша баяндады.

Вавилон – ассирия тарихына қарағанда, бізге белгілі болып отырған Египет өткендегісін суреттеген Герадот «Тарихы» әлдеқайда толығырақ, бірақ бір жүйеге келтірілмеген.

 «Тарихтың атасы» Нілдің бойымен Египеттің солтүстігінен оңтүстігіне дейін саяхат шегіп, көне ескерткіштері қарап, шайқас болған жерлерді аралап, грек тілін білетін египеттіктерден бұл халықтың әдеп – ғұрыпын мен өткендегі тарихын сұрап білді. Әңгімелескен адамдардың бұл мәліметтері үзінді түрінде еді,  кейде бұрмаланған да болды, оны тексеруге Геродоттың мүмкіндігі болмады.

Кейде египеттік саяхатшыға әңгімелескен адамдары өз ата – бабаларының әскери ерліктерін әсерлеп айтып, оны әдейі шатастырды. Олар Геродотты фараондарының Сесострис деп аталатын біреуі Қара теңіздің солтүстік жалғасына өтіп, скифтерді бағындырды деп сендірді. Ал шынында Египет фараондарының әсері Қара теңізге ешқашан жеткен емес. Сонымен қатар Геродот жинаған мәліметтің көбі, әсіресе көзіммен көрдім дегендері дұрыс.

Египет тарихымен антик заманның басқа да жазушылары айналысты, бірақ олардың бәрі де, Геродот пен Плутарх сияқты, египеттіктермен ауызекі әңгімеге сүйенді, егер олар Египет жазуын көрген болғанда да оны оқи алмас еді.

Б.э.дейінгі 332 жылы Александр Македонский Египетті жаулап алғанда, ол жерге көптеген гректер барып қоныстанып, оның өтендегі тарихымен айналысушылар көбейді және Египет абызы Манефон грек тілінде «Египет тарихын» жазды. Ол хронологиялық схема жасады және Египет тарихындағы бірқатар оқиғаларды дұрыс фактілерді аңызда айтылғандармен қоса баяндап берді.

Египет мемлекеті Африканың солтүстік – шығысында пайда болды. Оның негізгі бөлігі Ніл аңғарының, бірінші шоңғалдарынан Жерорта теңізіне дейін алып жатқан жерлер болды, бұған қоса шығысында Аравия таулы өлкесі, батысында Ливия үстіртінің біраз бөлігі де қарады.

Египеттіктедің өздері «Қызыл жерге», яғни шөл далаға қарағанда бұл жердің топырағын құнарлығын көрсетпек ниетпен өз елін «Қара жер» де атаған. «Египет» деген атау оның ежелгі астанасы – Хэкау – Птахты, яғни «Птах рухының қорғанын» - Мемфисті – гректердің бұрмалап, поэтикалық әсерлеп айтуынан алынған.

Египеттің Қосөзеннен айырмасы – мұнда халық ежелгі тас ғасыры кезінде – ақ мекендеген. Бірақ ол кездегі тұрғындар негізінен Нілдің батқапақты аңғарлары қоршап тұрған үстіртті жерді мекендеген аң аулап кезіп жүрген тайпалар еді. Олар ұлы өзеннің жалалауына анда – санда бір түсетін. Ол заманда Европаның едәуір бөлігін мұз басып жатты, ал Жерорта теңізізінің солтүстік жағалауында тундра жазылып жатты. Сонықтан да Солтүстік Африканың климаты қазіргідей ысық және құрақ болмауы табиғи құбылыс еді. Жаңбырда жиі жауды. Африканың кең – байтақ даласын қалың шөп пен бұлт басып жатты. Бұл жерде көптеген жабайы жануарлар, пілдер мен жирафтар да құстар да өсіп - өнді.

Кейінрек, Европаның мұздықтары бүтіндей ерігенде бұдан шамасы 12 – 15 мың жыл бұрын Солтүстік Африканың климаты өзгере бастады, бұрынғы көк майса дала біртіндеп шөл далаға айналды.

Алғашқы тұрмыстық аңшылар олжа таба алмағандықтан Ніл аңғарына ойысып, шағын территорияға топталып, шаруашылықтың прогресті түрі – егіншілік және мал шаруашылығымен айналысты. Нілдің тар аңғары тек солтүстіктегі шетінде жақындағанда, Жерорта теңізіне құяр сағасынада ғана тарамдалып атырау құрды. Сонымен Египет екі бүйіріне шөл көмкерген үлкен оазиске айналды.

Атмосфералық жауын – шашын барған сайын азая берді, іс жүзінде шаруашылық үшін мұның пәлендей маңызы бола қоймайды. Адамның өмір сүру мүмкіндігі өзен суымен байлайысты болды, гректердің Египет – Ніл сыйы деуі бекерге айтылмаған.

Тропикте үнемі болып тұратын нөсерлі жаңбыр соншалықты үлкен өзенді жыл сайын арнасынан асырып, тастытты. Табиғи дөңестер мен арнайы биіктетілген жерлерде орналасқан қалалар мен селениелерден басқа жердің бәрі су астында қалды. Ноябрьде Нілдің суы тартылып, егістік жерде құнарлы тұнба қабаттарын қалдырады.

Тасқынның соңынан іле – шала төрт айлық екінші маусым, одан кейін үшінші, соңғы маусым – астық оратын кезең басталады. Бұл кезде ыссылық жоғарғы шегіне жетеді де маусымның соңынан ғана бәсеңдеп, жалап бара жатқан оңтүстік желінің орнына, египет ақындары жыр еткен солтүстіктің самал желі есе бастайды және Нилдің суы барған сайын толықсып, таситын кезең де таянады.

Ніл аңғарындағы топырақ Қосөзеннен өнімді кем берген жоқ. Алайда, Египеттің ежелгі дүниенің сарқылмас астық қарына айналуы үшін егіншілікпен айналсатын халықтың көптеген ұрпағының орасан зор еңбегі қажет болғаның ұмытпауымыз керек. Египеттіктер семит – хамит тобына жататынбір тілде сөйлеген біртұтас халық болды.

Сыртқы түрлері жағынан олар сымбатты дене бітімдерімен, қараторы түстерімен ерекшеленеді. Египет суретшілері әйелдерді неғұрлым ашық өңді етіп бейнелейді. Азиялық семиттердің қалың бекенбардылары мен сақалдарына қарағанда жасанды екені аңғарылыап тұрады. Барлық египеттік ер адамдар да әйелдер де тегісінен қара шашты және қара көзді болып бейнеленеді.

Египеттің негізгі этникалық тұрғындарына бөтен ел халықтары да араласып кетіп тұрды. Оңтүстіктен мұнда кушиттер немесе нубилықтар қоныс аударды. Олар египеттіктермен туыстас еді, бірақ ішінара негрлермен араласып, солардың антропологиялық сипаттарын қабылдағандары да кездесетін. Жекелеген жағдайларда Египетке Орталық Африканың ержегейлі тайпаларының өкілдері келуі де кездесетін.

Египетке батыстан дене түстері ақ, көздері көк ливиялықтар да сан рет басып кірді.

Алайда бұл қоныс аударушылардың бәрі де аз уақытта – ақ ассимиляцияға ұшырап, жергілікті египеттіктермен араласып, солардың тілі мен әдет – ғұрыптарын қабылдап отырған және египеттіктердің антропологиялық типіне елеулі ықпал жасамаған.

Египеттіктердің батпақты Ніл аңғарын тұрақты игеру негізен б.э.дейінгі V мың жылдықта, жаңа тас ғасырынан басталды да б.э.дейінгі IV мың жылдық шамасында, мыс – тас ғасырында жалғаса түседі.

Бірнеше кварталдарға бөлінген ең ірі неолиттік мекен – жай қазіргі Меримде – Бенисалам іргесінде, атыраудың батыс жақ шегінде болыпты. Оның тұрғындарының шаруашылығында өзен аңдарын аулау мен балық аулау елеулі орын алған. Алайда, ешқандай күмән, туғызбайтын берік отырықшылық оларға теселі егіншілікпен қызу айналысуға мүмкіндік берді. Мал шаруашылығы да дамыды. Тас құралдар тамаша даму дәрежесіне жетті.

Алғашқы мыс бұйымдар келесі дәуірдегі Жоғарғы Египеттен табылып отыр. Бұл жердің тұрғындары аңшылық пен терімшіліктен егіншілік пен мал шаруашылығына көшкен.

Династияға дейінгі бірінші және екінші кезең деп екіге бөлінетін келесі сатыда, - мыс құралдар барған сайын жиірек ұшырай бастайды. Алайда тас құралдар әлі де басым еді, олар бұл кезде техникалық тұрғыданбарынша жетілдіріле түсті. Көршілес далаларды басып өтетін ағын сулар барған сайын азайып тартыла беріп, ақырында арналары мезгіл – мезгіл құрғап қалатынды шығарды. Мұның өзі Ніл аңғарын неғұрлым жүйелі түрде игеруге көшуге және қолдан суару үшін алғашқы талпыныстар жасауға алып келді.

Б.э.дейінгі IV мың жылдықтың аяғына таман аңшылық бірте – бірте алғашқы мәнінен айырылып, бұдан кейінгі уақытта шаруашылықтың күн көріс түрінен гөрі едәуір мөлшерде көңіл көтерер сейілге айала бастады.

Қолөнершілік қызмет саласында елеулі табыстарға қол жетті. Қолөнешілер жасаған бұйымдардан, әсіресе, аса шеберлікпен әшекейлкеп жасаған керамика мен ғажайып тас ыдыстарды ерекше атап айтуға болады. Фаянсты ойлап табу – алға басудағы үлкен қадам болды және бұл тұңғыш рет Египетте жүзеге асты.

Ніл аңғарынан обсидианың, бірнеше аралық елдер арқылы алыстағы Памирден әкеінген лазуриттің, Куштан жеткізілген қара ағаш пен басқа да бөтен елдерден әкелінген шикізаттың бірқатар түрлерінің кездесуі өзге елдермен байланыстың болғандығын дәлел бола алады. Қатынас құралдарының бұл кезде едәуір дамығаны байқалады.

Египеттегі негізгі қатынас құралы болған өзен транспортының елеулі түрде дамығанын біз саз балшықтан жасалған ыдыстардағы суреттерден көріп, аңғарамыз.

3. Египетте ежелгі кезеңнен бастап патша билігі күшейе түсіп, деспоттық сипатқа ие болады. «Патша» деген сөөздің өзі қастерлі саналатыны соншалық, оны өте бір сирек жағдайда болмаса, дауыстап айтуға ешкімнің де қақысы болмаған, әмірші туралы айтқанда тұспалдап қана сөйлеп, «фараон» деген сөзді қолданатын болған. Документтерде фараон ресми түрде «қайрымды құдай», «Раның ұлы» Гора деп т.с.с. аталатын болған.

Қол астындағы адамдар, патшаның алдына келгенде, оның алдына етпеттен «қарындарымен» жата қап, өз әмірішісінің аяғының астындағы жерді сүюге міндетті болған.

Фараонның осындай құдретті болуы оның қолындағы аса зор байлыққа негізделген еді. Өңделетін жердің бәрі соның меншігі болып есептелетін. Шын мәнінде ол, әрине, патша поместьтесін ұйымдастыру үшін және отбасы мүшелеріне, туыстары мен бегзадаларға бөліп беру үшін ол жерлердің белгілі бөлігін ғана меншіктенетін.

Көне табиғат құдайлары патша әмірін мемлекетті қорғайтын құдайларға айналды. Соньщ ішінде  кең жайылыс алған Осирис   құдайына табыну болды. Ежелгі Египеттіктер дүниетанымының басты белгісі «Өлімге деген наразылық». Қор әлем бұл дүние мен о дүниеден тұрады, күн (Ра) өзінің екі дүниеге де бірдей шашады. Тіршіліктің мәңгілігін Египетте


ағзаны    сол    күйінде    сақтаумен    байланыстырды    (бальзамдау, яғни мумия жасау өнері осыдан барып шықты). Яғни египеттікттер өлім ол өмірдің аяқталуы емес, адам жаны белгісіз бір уақыттан кейін денесіне қайтып келеді, ол үшін денені сақтау қажет деген сенген. Осирис патшалығында адам, егер мәңгі және шаттық тіршілікте болғысы келсе тәжім етті, Көне дәуір патшалығында, Египет аса үлкен орталықтандырылған мемлекет болып тұрған кезде де, фараонның билеп төстеуі ешқандай шектелмеген. Фараонның өз басы, табиғат пен о дүниені қамтитын жалпы әлемге, универсумға аса маңызды болды. Бұл туралы айқын түсінікті пирамидалардан көруге болады. Бұлар Египеттіктердің ел билеушіні (фараонды) құдайға теңейтіндігінің, жер бетіндегі ғұмырға қарағанда о дүниелік ғұмырды артық көретіндігінің айғақтары.

Жер бетіндегі әділ өмір туралы этикалық ойлар мен о


дүниедегі шаттық ғұмырды бір дүниетанымдылық жеке деп есептеді («Түңілген адамның жанымен сұхбаты»). Жер бетіндегі ғұмыр қатігездік пен әділетсіздікке толы болса, ал ажалды адамдардың ешқайсысы о дүние туралы қаннен қаперсіз болды. Күмәндану этикалық рефлексияның қажеттігінің айғағы. Бірақ, қалыптағы әлемдік тәртіптіліктің кепілі бұл дүниеде де болмай, сиқырлық арқылы әсер етуге болатын о дүниелік күште болды.
О дүниелік ғғмыр туралы күмәнділік пен сенбеушіліктің нышанын аталмыш шығармадағы мына жолдарынан сезуге болады: «Егер дүниеден қайтқаннан кейін сені шығарып зиратта жерлейтінін есіңе алсаң көзден жас келеді, қайғы
касіреттің құшағына енесің. Күн көзін көру үшін, ешқашан да
шықпайсың. Мәр-мәрдан сарай тұрғызғандар да өздерінің бос, құр әурешілік екендігін көрді. Олар да артына із, ұрпақ қалдырмай ғайып болды. Шыжыған күн мен жағадағы балықтар олармен сұхбаттасады».

Шығарманың бұл жолдарынан өлім байды да, кедейді де жермен жексен ететіндігін, барлығын бір-ақ тағдырдың күтіп тұрғандығын айғақтайтын сенімнің мықты екендігін аңғаруға болады.

4. «Өлімге деген наразылық» сенімінің негізінде Ежелгі Египет патшалық фараондары орасан үлкен тас мазарлар салдырушылар бетінде өз аттарын қалдырды. Себебі адам денесі барынша мықты мазар ішінде сақталуы қажет. Бұлар төрт мыңнан аса жыл өтсе де әлі күнге өзгермеген күйінде дерлік сақталып тұр.

Бұл аса ірі құрылыстар оларды жарлық берген әміршілердің қаншалықты құдретті болғанын көрсетеді. Египеттіктер өлген адамның денесін мумиялап, өте алыстағы және қол жетпейтін «мәңгілік мекеніне» дейін шірітпей сақтаса, оның жаны өлмейді дегенге берік сенетін.

Сондықтан да Египет патшалары мен бегзадалары өздерінің салтанатпен көмілуіне тірі кезінің өзінде – ақ дайындық жасайтын және көп қаржы жұмсайтын. Патшалардың тас мазарларының сыртқы түрі өзінің қарапайым ұлылығымен жұрттың енсесін басып, қол астындағы адамдарға патша әмірінің бұлжымас екендігін ұққызғысы келгендей әсер етеді.

Джоссер салғызған тұңғыш пирамида баспалдақ іспетті биік құрылыс болатын. Кейінрек патша мазарлары геометриядағы пирамидалық формамен дәлме – дәл келетін сипат алды. Ең үлкен пирамида IV династия фараоны Хуфурдың салғызған пирамидасы. Оның биіктігі 146 метр болған. Оны салу үшін құрылыс орнына екі млн.нан астам аса ірі известняк тастары жеткізілген. Ол тастар тегістеле қоршалып, асқан дәлдікпен қаланып отырған. Егер грек тарихшысы Геродотқа сенер болсақ, Хеопс пирамидасы  30 жыл бойы салынған және оны салуға патша чиновниктері 100 000 адамды айдап әкелген. Қара жұмысқа ішінара шетелдік құлдармен толықтырылып отырған тұрақты отрядтармен бірге міндетткерліктерді атқарушы көптеген адамдар да пайдаланылды. IV династияның тағы бір фараоны Хафраның пирамидасы әлде қайда аласа болғанымен бастан – аяқ қызыл гранит плиталармен қапталып жасалған.

Египет бізге ежелгі Шығыс мәдениетінің қалыптасуының жарқын мысалын бере алады. Тәжірибе жүзіндегі жетістік пен рационалдылыққа бағытталған, дамушылықтың нәтижесінде алғашқы қауымдық мифтен қалған сезімділік пен образ үйлесіп жатады. Бұл жерде біз, жоғарғы өркениеттілікті
білдіретін дүниені қабылдаудың күрделі түрлерінің, алғащқы
кауымдықпен сиқырлы үйлесімділігін көреміз. Сыртқы жаушылықтың себебінен толық үлгірмесе де адамдардың рухтың мәнінің қалыптасуының алғашқы импульстары байқалады. Біздің дәуірімізге дейінгі IV ғасырда Египет эллин мәдениетінің ықпалына енді.

Аталмыш даму сатысы тек қана Египетке тән нәрсе емес, бұл бүкіл ежелгі мәдениеттің қалыптасуына тән міндетті саты болды. Мұның мәнін Гегель былай сипаттайды: «Сфинксті Етапя рухының символы деп айтуға болады: Табиғаттың үстінен, Хауа ананың денесінен шығып, алға ұмтылып тұрған адамның басы бір рухты бейнелейді. Бірақ қанша аспанға мойнын созып, жан жағына қарағанымен өзінің әлі еркін еместігін сезінеді. Рухының 


маңдайы темір шынжырмен құрсауланса да, ол өзінің сана сезімінің мәніне еркін жете қоймаса да, сол сезімді өзіне тән мақсат деп біледі».

Былайша айтқанда Сфинкс, алғашқы мұңдылықтың оянған және сөз мәдениетін іс жүзіне асыруға жаңа бағыт іздеген адам рухының жалпылама рәмізі. Дегенмен, өмір сүрудің күрделі жағдайы Шығыс адамына өзінің жеке еркіндік деңгейінің көтерілуіне мұрша бермеді. Сонда бұл мәселелер Шығысқа жеткізсіз болса да, адамнық өзін өзі ізденуі, өзінің мәнін табу


жолдарын толассыз жүріп жатты. Түрлі бейне-символдар қолдана білген Шығыс өнері, жалпылама әлеуметтік мәдениет астарынан көркемдік өрісті бөліп алуға ұмтылыс жасамады.

5. Күнкөрістің қажеттілігі, суармалы жерге негізделген егін шаруашылығының дамуы, сауда алмасуы, табиғатты бақылау және т.б. нәтижесінде ғылыми білімнің нышаны байқала бастады. Шар бетін бежілейтін ежелгі математикалық терминдер, белгісіз сан (икс) және санды квадратқа дәрежелеу пайда болды. Ежелгі егапеттіктер, шамамен «пи» (3,14) санын және бір белгісізі бар теңеуді шеше білген.

Адамдардын ағза  кеселдерін  жеңілдету  мен  малдарды емдеу қажеттігінен  медицина  мен  ветеринария  пайда  болды. Көптеген медициналык жазбаларда кейбір кеселдерді емдейтін рецептің тізімі берілді.

Көне   Шығыс   мәдениетіндегі   эстетикалық  құбылысы көбінесе   басқа   мәселелермен   қиылысып   жатты.   Мысалы египеттіктер   өзінің   ойын жазба   түрде   иероглифтер суреттерде  қалдыруды   даналықтын  ең  жоғарғы  қасиеті есептеді. Египет жазуы әр сөзі алфавиттік, буындык және сурет-бейнелерден құрастырылған белгілерден тұрды. Жию өнерінің   былайша айтқанда, даналар мен тіл әдебиетшілерінен айырмашылығы жоқтың қасы болды. Египет, Қытай басқа шығыс мәдениеттерінде өздерінің шығармаларына халық біртұтастық беру үшін иероглифтермен көмкерді. Бұл жерде танқалатын ешнәрсе жоқ, өйткені көне египеттік иероглифтер суреттен пайда болды, ал пиктографиялық элементтер - (сурет жазу) әлі күнге дейін олардын мәтіндерінен көруге болады. Көне дәуірдегі египеттіктер әсемдік бейнелеуді, жігер туғызатын күш-куат, белгі-бейне деп қабылдады. Заттардын бейнеленген белгілерін жасау - тіршілікті сақтау және мәнллікке бет бүру деп есептеді. Сонымен қатар, иероглифиялық қолтаңбанын да, сол сияқты қасиеті бар, белгі болды. Жазу да, өнер сияқты діннің бір бөлігі болды да, абыздардың үлесіне жатты.

Жаңа заман тарихшыларының мұндай деректерді пайдаланбасына болмады. Әрине Египеттің жерінде көптеген есерткіштер сақталып қалды, бұлардың бетіне жазылған таңбалар да бар, бірақ мұны оқып, түсіну ұзақ жылдар бойы нәтижесіз болып келді. 1822 жылы ғана француз ғалымы Ф. Шампольон Египет иероглифтерін оқудың жолын тапты.

Бұған негіз болған генерал Бонапарттың Египетке 1799 жылы жасаған жорығы кезінде табылған Розет тасындағы екі тілдегі (грек - египет) жазу еді. Бұл жазуда Македоннан шыққан Птолемей есімді патшаның қол астындағы халыққа екі тілде декрет жазып таратқаны туралы айтылды.

Птолемейдің есімі өрнектеліп қоршалған, оны әріптерге ажыратуға мүмкіндік болды. Бұл алғашқы қадам ғана еді. Қалған сөздер дауыссыз әріптерден тұрды, дауысссыз әріптер буындық таңбалар мен логограммалардың арасында жазылды.

Ф. Шампольон бірқатар таңбаларды анықтады. Оның шәкірттері бұл жұмысты аяқтап шықты. Ең әуелі тасқа жазылғандарды ажыратумен қара, қызыл сиялармен жазылған жазулар оқылды.

Бұл жазбалардың көпшілігі тез жазумен кейінрек демотикамен жазылған; демотика қазіргі стенографияға ұқсайды. Папирус жазуларының ішінен төмендегілерді атап өтуге болады: Лейдендік № 344 Туриндықтардың бірі т.б бірнеше қолжазбалар, бұлар Эрмитажда және А. С. Пушкин атындағы бейнелеу өнерінің музейінде сақтаулы.

 



Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4


База данных защищена авторским правом ©psihdocs.ru 2019
обратиться к администрации

    Главная страница