«Жас химиктер» сайысы
12 марта 2014 ХимияПікір қосу 2,556 рет қаралды
Қостанай облысы, Рудный қаласы Рудный құрылыс және көлік колледж Мұғалім аты жөні: Еспенбетова Эльвира Туремуратовна Пән. Химия Тақырыбы: «Жас химиктер» сайысы Мақсаты: 1. Білімдік. Оқушылардың теориялық білімдерін тексеру, олардың пәнді игеруге деген қажеттіліктерін туғызу, ынтасын арттыру.
2. Дамыту.Химия ғылымының қоғамдағы космосты игеру, атом энергиясын бейбітшілік мақсатта қолдану, жасанды заттарды синтездеу, ауыл шаруашылығы өнімдерін арттыру, жаңа энергия көздерін табу, табиғи шикізат көздерін игеру, тұрмыста, медицинада т.б жерлерде қолданылатын химия өнімдерінің маңызын оқыту.
3. Тәрбиелік. Химия пәнінің қажеттілігі мен өзектілігін, маңызын айтып, оқушылардың химиялық білімдерін дамыту.
Мұғалім сөзі: Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Сайыс десе белсене араласатын көрермен қауым! Барлықтарыңызға белгілі наурыз айында ай бойы жаратылыстану пәндерінің айлығы.Сол себепті біз 1 курс студенттерінің теориялық білімдерін тексеру, олардың химия пәнін игеруге деген қажеттіліктерін туғызу, ынтасын арттыру мақсатында сайыс өткізбекшіміз. Сіздерге «ЖАС ХИМИКТЕР» атты химия пәнінен өткізілетін сайысымызға қош келіпсіздер! деп,
Ақыл –тон, аңдығанға тозбайтұғын,
Білім –кен, қанша болса азбайтұғын.
Қатарың оза шауып бара жатса,
Арқаңның ауруы не қозбайтұғын,-
деп Тұрмағамбет Ізтілеуов айтқандай, білімдік сайысқа белсене,құлшына араласатын сайыскер топтарымызды таныстырып өтейін:
1-ші тобымыз – «Протон» тобы
2- ші тобымыз– «Нейтрон» тобы
3-ші тобымыз- «Электрон» тобы
Сайыскерлеріміздің біліміне, шеберлігіне әділ бағасын беретін әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтемін.
Енді сайысымыздың негізгі бөлімдерімен таныстырар болсам:
Сайысымыз 6 кезеңнен тұрады:
1 кезең «Таныстыру» топтың аты, ұраны,төс белгілері. (3 мин)