Флюстер жайыда және жартылай автоматпен пісіру үшін қондырғылар жайында мәлімет беру



Дата16.04.2020
Размер42,8 Kb.

Флюстер жайыда және жартылай автоматпен пісіру үшін қондырғылар жайында мәлімет беру
Флюс астында пісіру. Флюс астында пісіру тоттануға берік болаттардан химиялық және мұнай-химиялық аппаратуралар жасағанда басты технологиялық үрдіс болып табылады. Ол жылу берік болаттар мен қорытпалардан бұйымдар өндіргенде де пайдаланылады.

Флюс астында пісірудің осыншама кең қолданылуы, оның қолмен пісіру алдындағы, бірнеше елеулі артықшылықтарымен анықталады. Флюс астында пісіргенде, басқа да механикаландырылған балқытып пісіру тәсілдері сияқты, іс жүзінде, үзіліссіз жіктердің кез-келген ұзындығын алуға болады. Мұнда кратерлер саны күрт азаяды. Бұның үлкен маңызы бар, өткені жоғарылегірленген жіктердің кратерлерінде кристаллизациялық сызаттар пайда болу мүмкіншілігі, көміртектілерге қарағанда елеулі жоғары.

Дегенмен, ең мәндісі флюс астында пісіру шарттарының тұрақтылығы, соның салдыранан жік металының химиялық құрамы мен қасиетінің тұрақтылығы. Бұл жоғарылегірленген болаттар мен қорытпалар үшін өте манызды, өйткені жік металының химиялық құрымының аздап өзгеруінің өзі, онда кристаллизациялық сызаттар пайда болуына немесе оның тоттануға қарсы немесе ыстықтай беріктілгін едәуір нашарлатуға алып келеді. Мысалы, аустенитті металл жігінде көміртегін 0,02-0,03 % -ға көбейтсе, кейбір жағдайларда оның тоттануға беріктігін жоғалтуға алып келеді, ал кремнийдің құрамын 0,2-0,3 % -ға көтерсе, ол кристаллизациялық сызаттардың пайда болу себептері болуы мүмкін. Флюс астындағы пісіру, іс жүзінде, негізгі металға қабыршақсыз, бірқалыпты ауысуымен тегіс жік алуға мүмкіншілік береді. Мұндай жіктер, қолмен орындаған жіктермен салыстырғанда, жоғарырақ тоттануға беріктігімен ерекшеленеді. Бұл флюс астында пісірудің, басқа барлық қолмен пісірулердің алдындағы тағы да бір маңызды артықшылығы.

Жоғарылегірленген болаттар мен қорытпаларды флюс астында пісіру техникасы, әтеттегі көміртекті болаттарды пісіру техникасынан іс жүзінде айырмашылығы жоқ. Дегенмен, жоғарылегірленген болаттар мен қорытпаларға тән, бірқатар арнайыланған ерекшеліктері бар.

Осындай ерекшеліктердің қатарына көпшілігінде тұрақты тоқты пайдалану жатады. Бұл жоғарылегірленген болаттар мен қорытпаларды пісіру үшін, фторидті және жоғары негізді фторсыз флюстерді пайдаланудан болады, ал олардың астында айнымалы, тоқпен пісіру қиындау.

Фторидті флюстер астында пісіруді, олардың тотықтандыру қабілетіне қарамай, кері полярлы тұрақты тоқпен, ал жоғары негізді фторсыз флюстерді – тура полярлы тұрақты тоқпен жүргізеді.

Жоғарылегірленген болаттар мен қорытпаларды флюс астында, пісіруді салыстырмалы түрде қимасы үлкен емес (кристаллизациялық сызаттарға қарсы беріктеу) жіктермен орындайды, бұл жағдайда басым көпшілігінде жіңішке сымды пайдалану қарастырылады. Мұнда диаметрі 2-3 мм сымды көбірек қолданады, ал көміртекті болаттарды пісіргенде жуандау (диаметрі 3-5 мм) сымдармен пісірген тиімдірек. Осыған байланысты жоғарылегірленген сымдармен пісіргенде электрод шығысын елеулі азайтуға тура келеді. Аустенитті болаттармен қорыталардаң жасалған сымдар, жылу өткізгіштілігі төмендеу және электрлік кедергісі жоғары болғандықтан, басқа тең жағдайларда, әдеттегі төменкөміртекті сымдарға қарағанда, тезірек балқиды. Сондықтан жақсы қалыптасқан жіктерді алу үшін, электрод шығысын оданда көбірек азайтуға тура келеді. (Әдеттегі болат сымы, шығысымен салыстырғанда шамамен 1,5-2 есе). Осылайша диаметрі 2-3 мм аустенитті сымдармен пісіргенде, электрод шығысы 20-30 мм-ден аспауы қажет.

Аустенитті болаттар мен қорытпалардың балқу температурасы әдеттегі көміртектілірден 50-1500С –ға төмен.

Сондықтан көміртекті болаттарда алатын балқу тереңдігіндей тереңдікті алу үшін, аустенитті болаттар мен қорытпаларды флюс астында және балқытып пісірудің басқа түрлерімен пісіргенде тоқ шамасын 10-30% –ға азайту қажет. Осы топтың болаттары мен қорытпаларын механикалық пісіргенде, тоқ келтіретін мүштіктердің жағдайына ерекше көңіл бөлу керек.

Жоғарылегірленген сымдардың мыс және мыс қорытпаларымен үйкелесінде, үйкеліс коэффициенті жоғарырақ болғандықтан, мүштік тез тозады. Нәтижесінде мүштік пен сым арасындағы электр түйіспесі бұзылады және жік қалыптасуы нашарлайды; шалапісірім, кескін т.б. ақаулар пайда болуы мүмкін.

Жоғарылегірленген болаттар мен қорытпаларды флюс астында пісіру үшін, МЕСТ 2246-70-те қарастырылған пісіру сымдарының барлық түрлерін пайдаланады. Бұдан да басқа осы топтың болаттары мен қорытпаларын пісіру үшін, ведомстволық техникалық шарттармен шығарылатын пісіру сымдарының көптеген түрлері пайдаланады.

Жоғарылегірленген ыстыққа берік болаттармен қорытпаларды негізінде фторидті тотықсыз флюстер АНФ-1П, АНФ-5, АНФ-8, АНФ-23,АНФ-24, 48-ОФ-6, сондай-ақ тотықтандыратын кремнийсіз флюстер АНФ-17 астында пісіреді. Тоттануға берік болаттарды пісіру үшін, төмен кремнийлі АН-26, 48-08-10 және АНФ-14 флюстері кеңірек қолданыс тапты.

Жоғарылегірленген болаттар мен қорытпаларды пісіру үшін қолданылатын барлық флюстердің ылғал тарту қабілеттілктері бар. Сондықтан жіктерде кеуектер пайда болдырмау үшін, оларды пісіру алдында қыздыру қажет.

Тоттануға берік болаттарды пісіру үшін қолданылатын флюстер міндетті түрде көміртегіне бақыланады. Оның флюстегі құрамы 0,2%-дан аспауы керек, ал шамадан тыс төмен көміртекті болаттарды пісіргенде флюстегі көміртегі құрамын 0,1%-ға дейін шектейді.



Қазіргі кездегі фторидті флюстер жоғарылегірленген сымдармен қоса жоғарылегірленген болаттар мен қорытпалардан жасалған жауапты құрылғыларды ойдағыдай пісіруге мүмкіншілік береді.

Поделитесь с Вашими друзьями:


База данных защищена авторским правом ©psihdocs.ru 2019
обратиться к администрации

    Главная страница