Философия, оныњ пєні, негізгі баѓыттары, функциясы жєне зерттеу объектісі


Дәріс №6. Өзін-өзі тексеру сұрақтары



Скачать 291,5 Kb.
страница14/18
Дата18.10.2019
Размер291,5 Kb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Дәріс №6. Өзін-өзі тексеру сұрақтары

  1. Мүмкіндігі шектеулі балалардың, мүгедек балалардың сапалы білім алуға тең құқылы болуы қарастырылған заңдар жиыны?

  2. Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінде мүмкіндігі шектеулі балалар, мүгедек балалардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту туралы анықтама?.


7-дәріс. Кемтар балаларды қамқорлаудың жаңа жолдары
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін әлеуметтік, медициналық және педагогикалық көмектің жаңа жолдары.

Ақтөбеде облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация мемлекеттік мекемесі(ПМПК ММ) қашан құрылды, облыста неше ПМПК ММ-сі бар, аудандардан ПМПК ММ-сі ашылама ?

Облыстық ПМПК ММ-і Қазақстан Республикасының 11.07.2002 жылы шыққан «Кемтар балаларға әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» № 343 Заңының 8 бабының, 3 тармағын орындау мақсатында, Ақтөбе облыстық әкімінің 04.02.2003 жылы бекітілген № 23 Қаулысы негізінде құрылды.

Аталған Заң бойынша 60 мың балаға бір ПМПК құрылуы қажет. Ақтөбе облысында бүгінгі күні екі ПМПК жұмыс жасауда: облыстық ПМПК ММ облыстың 12 ауданының, Алға облыстық балалар үйінің, Тамды көмекші мектеп-интернатының және Жайсаң арнаулы мектеп-интернатының мүмкіндігі шектелген балаларын тексереді. Қалалық ПМПК ММ Ақтөбе қаласына қарасты мүмкіндігі шектелген балаларды тексереді. Облыс бойынша 240 мыңдай бала бар, сондықтан тағы екі ПМПК ашу керек:

1. № 3-ші ПМПК ММ-ін Қандыағаш қаласынан құру - темір жол бойындағы( Мұғалжар, Шалқар,Темір, Байғанин аудандарының) 60 мың балаларды тексеруге қолайлы жағын ойлау мақсатында;

2. № 4-ші ПМПК ММ-ін ескі қаладан ашу – Алға және Хромтау аудандарының балалары мен қазіргі қалалық ПМПК-ның артық балаларын қамту үшін.

ПМПК ММ-нің негізгі міндеттері ?

1. 0-ден 18 жасқа дейінгі балалармен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын тексеру, психикалық және дене бітіміндегі ауытқуды анықтау;

2. балалармен жасөспірімдердің дамуындағы ерекшеліктерді анықтау мақсатында психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру жүргізу, диагнозын қою, оларды оқытудың, тәрбиелеудің және жұмысқа орналастырудың оған сәйкес жағдайын анықтау;

3. баланың көңіл-күйінің өзгеруіне байланысты білім мекемесінің бір түрінен екіншісіне ауыстыра отырып, қажет болған жағдайда оған бастапқы қойылған диагнозын растау, анықтау және өзгерту енгізу;

4. баланың деңгейіне қарай психологиялық-медициналық-педагогикалық көмек көрсету, оларды арнайы білім беру саласында тәрбиелеуді және оқытуды, әлеуметтік қорғауды ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

5. дамуында, мінезінде жеңіл ауытқу, кемістіктері бар балаларды, соның ішінде арнаулы түзеу білім мекемелеріне жіберуге жатпайтын балаларды емдеу, тәрбиелеу, және оқыту жөнінде ата-аналарға(заңды қамқоршыларына), мұғалімдерге және дәрігерлерге кеңес беріп көмек көрсету.

Қандай мамандар жұмыс жасайды ?

Мұғалімдерден – дефектолог(олигофрено мұғалім, сурдолог мұғалім, тифло мұғалім), психолог, логопед, әлеуметтік мұғалім;

Бала дәрігерлерден – психиатр, невролог, сурдолог, окулист, медстатистик, педиатр.

Қандай мекемелермен бірігіп жұмыс атқарады ?

Облыстық ПМПК-сы Ақтөбе облысының білім басқармасына қарайды, сондықтан аталған Заң бойынша аудандық білім бөлімі арқылы –денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау мекемелермен, бірігіп жұмыс жасаймыз.

Аудандық білім бөлімі(балалардың құқығын қорғайтын және қамқоршы маман), 0-18 жастағы мүмкіндігі шектелген балалармен, жасөспірімдермен атқарылған жұмыстарға аудан бойынша жауапты, облыстық ПМПК ММ-не есеп береді.

Тексеріске кімдер жолдама береді ?

Облыстық ПМПК-нан тексерістен өтуге жолдаманы:



  1. мектептердің психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиумі(ПМПк) шешімімен мектептер мен бала-бақшалар;

  2. ерте жастан 0-3 жастағыларды скринингі тексерістен өткізіп, диагнозын анықтап, бала дәрігерлері;

  3. 0-18 жасқа дейінгі мүгедектерді әлеуметтік қызыметкерлер мен дәрігерлер.

Бірақ, барлығыда аудандық білім бөлімімен байланысып, тіркеліп барып жіберулері қажет. Аудандық білім бөліміндегі балаларды қорғау және қамқорлау маманы бұл жұмыстардың барлығына жауапты, аудан бойынша 0-ден 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектелген балалар мен жасөспірімдерді есепке алады, қамқорлайды, қадағалайды, құқығын қорғайды. Егер облыстық ПМПК-на өздігінен келе алмайтындар болса, оларды дайындап, тізімін аудандық білім бөлімі облыстық ПМПК-на жібереді. Жоспар бойынша және аудандық білім бөлімінің кезектен тыс шақыруымен облыстық ПМПК-сы аудандарға барып тексерістер жүргізіп, Қортынды шығарып, Ұсыныстар беріп, кеңес өткізеді.

Облыстық ПМПК ММ-не тексеріске баланы неге ата-анасы әкелу керек, мұғалімі не дәрігері әкелсе болмайма? Тексерілгендерді қайда жібереді ?

Мүмкіндігі шектелген балаларды тексеру міндетті түрде ата-анасының немесе заңды қамқоршысының қатысыуымен бірге өткізіледі және мұғалімі мен емдеуші дәрігері бірге келіп кеңес алуына болады.

Толық тексерістен кейін Тамды, Жайсаң және басқа арнайы мектеп-интернаттарға, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері мен кластарына жібереді, бірақ ата-анасының немесе заңды қамқоршысының келісімі қажет. Егер ата-анасы баласын арнайы балабақша, мектептерге жібергісі келмесе, тұрғылықты жеріндегі мектептерде арнайы(Жайсаң арнаулы мектеп интернатының) не көмекші(Тамды көмекші мектеп интернатының) бағдарламамен оқытуына толық құқығы бар.

Кейде ата-анасы түсініп, келісіп арнайы мектеп-интернатқа баласын оқытуға береді, артынан бір себептермен баланы өздері өтінішпен шығарып, үйіне алып кетеді. Ауылына барғасын мектеп қабылдамайды. Бұл дұрыс емес, баланы мектепке қабылдап, көрсетілген бағдарламамен оқыта беру қажет. Неге ата-анасының және мектеп директорының түсінбегенінен бала зардап шегуі керек?

Мектептер бұған дайын болғаны жөн, көмекші және арнайы бағдарламаға сай түзеу педагогикасының тәртібі бойынша облыстық ПМПК-ның ұсыныстары толық орындалуы қажет. Мектептерде бұл жұмысқа жауапты ПМП консилиум төрағасы, яғни, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары. Аудандық білім бөліміндегі бала құқығын қорғайтын маман және мектеп директоры бұл жұмыстарды қадағалап тұруға міндетті.

Түзеу диагностикалық топтар (ТДТ) қашан ашылды, олар немен айналысады ?

Облыстық ПМПК-ның жанынан 01.01.2007 жылы 2 ТДТ-р ашылды: 1.Ауыр ауытқушылықғы бар балалар мен жасөспірімдерге және

2.Ерік-жігеріндегі және тәртібіндегі ауытқушылығы, соның ішінде ерте жастағы бала аутизімі барлар үшін.

ТДТ-ң негізгі мақсаттары: түзеу психологиялық-педагогикалық шараларды анықтау үшін танымдық даму (тіл, ес, зейін, қабілеттілігі т.б психикалық функциялары) ерекшеліктері мен дәрежесін анықтау, эмоциялық ерік жігерін, жеке тұлғалық қасиеттерінің дамуын танып білу, диагнозын белгілеу, педагогикалық-медициналық қортынды шығару, баланы оқыту мен дамыту үшін тиімді бағдарламаны іріктеу мақсатында психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру.

ТДТ-қа 3 жастан 16 жасқа дейінгілерді 1 айдан 1 жылға ПМПК-ның жолдамасымен, ата-анасының(заңды қамқоршысының) келісімімен қабылданады, психолог, дефектолог(олигофренопедагог), логопед, психиатр, невролог, тәрбиешілер және педиатр мен медбибі - массажист күніне 4 сағатқа дейін тегін қызымет көрсетеді.

Түзеу сабақтары жеке баламен және топпен бірге жүргізіледі. Сабақтардың ұзақтығы баланың жеке ерекшелігі мен мүмкіндігіне байланысты.

Аудандардағы психологиялық-педагогикалық түзеу ( ППТ ) кабинеттері қашан ашылды, неге барлық аудандарда жоқ? ППТ кабинеттерімен ППТ кластарының айырмашылығы неде ?

Аталған Заң бойынша Ақтөбе облысының Шалқар ауданынан 2004 жылы, Қарғалы ауданынан 2005 жылы, Мұғалжар мен Хромтау аудандарынан 2007 жылы және Темір мен Қобда аудандарынан 2008 жылы ППТ кабинеттері ашылып жұмыс жасауда. Қалған 6(Алға, Әйтеке би, Байғанин, Ойыл, Мәртөк, Ырғыз) аудандардан ППТК ММ-ін облыстық әкімнің Қаулысы негізінде құрылады. ППТ кабинеттері облыстық бюджеттен қаржыландырылады, аудан орталықтарынан ашылады.

Ал ППТ кластарының штаты мектептерден бөлінеді, яғни, ППТ кластарын мектеп директорлары аша алады.

ППТ кабинеттері мен кластарына мүмкіндігі шектелген балалар мен жасөспірімдерді облыстық ПМПК-ның жолдамасымен қабылдайды. Заң бойынша арнайы мамандар(психолог, дефектолог, логопед, әлеуметтік мұғалім) болмаса, бастауыш кластың мұғалімдерін, тәрбиешілерді және қазақ тілі мұғалімдерін арнайы курстардан оқытып алады. ПМПК-ның қортындысымен арнайы кабинетке не класқа қабылданған бала, деңгейіне қарай, қатарымен, өз класында оқып жүріп, қосымша түзеу көмегін алады, біріңғай бөліп тастауға болмайды.

Мысалға: шет тілі, физика, химия т.б. сабақтарға кемтар балалар қатыспауына байланысты, психологтің, олигофрено мұғалімнің(дефектолог), логопедтің, әлеуметтік мұғалімнің көрсетілген сағатына сай, бағдарламасына қарай қосымша түзеу көмектерін алады. Балалар аз болған жағдайда түзеу сабағын өткізген сағатына ғана айлық төленеді.

ППТ кабинеттерін құруға аудан әкімі мен аудандық білім беру мекемесінің бастығымен бірігіп ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде. Аудан орталықтарынан бөлек ғимарат пен арнайы мамандар дайындауда.

Психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиум(ПМПк) немен айналысады, қайда орналасқан?

Психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиум(ПМПк) барлық мектептерде, балабақшаларда мектеп директорының бұйрығымен құрылады. ПМПк құрамында төрағасы(оқу ісі жөніндегі мектеп директорының орынбасары), психологтар, әлеуметтік мұғалімдер, болса логопед, дефектолог(олигофрено мұғалім, сурдо мұғалім, тифло мұғалім), елге сөзі өтетін 1-2 сыйлы мұғалімдер, хатшы(медбибі) болады.

1-ші кластың оқушысы 1-ші тоқсанда әріптерді, сандарды үйренген жоқ, оқу үлгерімі өте нашар, ол балаға 2 деген баға қойып мұғалімі қажетті құжаттарды жинақтап ПМП консилиумге ұсынады. ПМП консилиум баланың құқығын қорғау мақсатында тексеру жүргізеді. Егер мұғалімнің дұрыс сабақ бермегені анықталған болса мұғалімді тәртіпке шақыру қажет. Ал әлеуметтік мәселелердің кесірінен болса, көмек беру жөнінде әкімшілікке ұсыныс береді. Балада ауру белгілері болса ауруханаға жібереді. Оқушының оқу үлгерімі өте нашар екені белгілі болса, көмекші(ақыл есі дамуы кем балаларға арналған) не арнайы(ақыл есі дамуы тежелген балаларға арналған) бағдарламаларды және басқада Қортынды мен Ұсыныстарды анықтау үшін облыстық ПМПК-ға тексеріске жіберу керектігі жөнінде шешім шығарады.

Сабақ үлгерімі өте нашар балаларды 1 кластан, әрі кетті 2-3-4 кластарда анықтап алғандары, мүмкіндіктеріне қарай оқытқандары дұрыс, егер 5 кластан кейін облыстық ПМПК тексеріске жіберген болса, мектепте ПМП консилиум құрылмаған деген мағынаны береді емес пе?

Облыстық ПМПК-сы берген қортындының түп нүсқасы ата-анасында, баланың туу туралы Куәлігімен бірге болады. Қортындының көшірмесін тиісті көрсетілген мекемелерге(емдеуші дәрігеріне, мектеп директорына және әлеуметтік қызыметкерге) апарып береді.

Қортындыдағы ұсыныста көрсетілген көмекші бағдарлама бойынша, кемтар бала 9 класты бітіргенше қатарымен бірге оқыйды. Егер кемтар бала көмекші бағдарламаны игерген болса, онда 9 класты бітіргесін арнайы Куәлік беріледі. Егер кемтар бала көмекші бағдарламаны игермесе, сандарды, әріптерді білмесе, онда 9 класты бітірді деген Анықтама беріледі. Арнайы Куәлік пен Анықтамаға мектептің ПМП консилиум шешімі негізінде мектеп директоры аудандық білім бөліміне өтініш береді.

Көмекші бағдарламамен оқыған шаруаға икемі бар балаларды және арнайы бағдарламамен оқығандарды 9 кластан кейін профтехучилищелерге жібереді.

Кемтар баларға(ақыл есі дамуы кем немесе ақыл есі дамуы тежелген) берілген ПМПК ұсыныстарын орындалуын қадағалау, құқығын қорғау, жан-жақты қамқорлау, қатарға қосу, мүмкіндігіне қарай көмекші не арнайы бағдарламалармен оқыту т.б. жұмыстарға жауапты мектеп пен балабақша ПМП консилиум төрағасы мен мектеп директорлары. Кемтар, бірақ, ақыл есі дамуы сау балаларды айыра білу қажеттігін қатаң ескеру.


Ақыл есі дамуы кем(Умственная отсталость), яғни, ауру балалар.

Ақыл есі дамуы тежелген(ЗПР), яғни, ауру емес, әр түрлі себептерге байланысты мектеп бағдарламасын жай қабылдайтын балалар.

Әлеуметтік қызыметкерлер және әлеуметтік мұғалімдер немен айналысады, қандай мекемелерге қарайды?

Әлеуметтік мұғалім мектептерде жұмыс жасайды, мектептегі ПМПк бірлесіп баланың жеке және әлеуметтік мәселелерін шешу тәсілдерін, есебін, әлеуметтік педагогикалық жұмыс үлгілерін анықтайды. Қоғамда, ортада, үйде, мектепте жеке қатынасының орнығыуына бейімдейді. Білім беру бөлімдерінде әлеуметтік қорғау, дамыту, тәрбиелеу шараларын жүзеге асырады. Үйімен, жәрдемақы алуымен, балалардың құқықтарын қорғау жұмысымен айналысады. Баланы оқытатын мұғалімдермен, ата-анамен, әлеуметтік қызыметкерлермен, жеке тұлғалармен тығыз қарым-қатынаста болады.

Мүгедек балаларға үйден әлеуметтік көмек көрсетуді, облыстық ПМПК қортындысы бойынша әлеуметтік қызыметкерлер атқарады. Әлеуметтік қызыметкерлер жергілікті әкімшілікке және әлеуметтік қорғау мекемесіне қарайды, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау және білім беру бөлімдері мекемелерімен бірлесіп, өзіне бөлінген мүгедек балалардың үйіне барып, қажеттілігін анықтап, өмірге биімдеу, үйрету, тәрбиелеу мақсатында ата-аналарына Заңдарды түсіндіріп, көрсетіп, көмектеседі, қадағалайды, ортамен қарым-қатынас орнатады. Облыстық ПМПК-ның ұсыныстары толық орындалуы керектігін ата-аналарға, мұғалімдерге, дәрігерлерге, әлеуметтік мұғалімге және әкімшілікке ұғындырып, бірлесіп жұмыс жасайды.

Мүгедек балаларды әлеуметтік қолдаудың бағдарламасын орындайды. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның ұсынысы бойынша тегін әлеуметтік көмек көрсетеді.

Өз міндеттерін дұрыс білмейтін, түсінбейтін, арнайы курстардан өтпеген, маман емес «әлеуметтік қызыметкерлер» мүгедек балаға үйден әлеуметтік көмектерді дұрыс көрсетпейді, соның салдарынан ата-аналар арызданып, көмекті басқа жақтан іздейді. Сондықтан әкімшілік тікелей бұл жұмыстарды қатаң қадағалап отырғаны жөн.

Осы Заңға байланысты денсаулық сақтау мекемесі немен айналысады?

Аталған заңға байланысты, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министірінің «Ерте жастағы балалардағы психологиялық-физиологиялық ауытқушылықтарын скринингін ұйымдастыру ережелерін бекіту туралы» 29.01.2003 жылы шыққан № 83 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы 24 шілде 2009 жылғы «Бүлдіршін жастағы балаларда психикалық-дене бұзылыстары скринингін ережесін бекіту туралы» № 379 бойынша, 0 – ден 3 жасқа дейін скринингтік тексеру өткізіп, диагнозын анықтап, есепке алынған балаларды облыстық ПМПК-на мүгедектіктің алдын алу мақсатында, оқыту, тәрбиелеу, өмірге биімдеу, демеу мәселелерді шешу үшін тексеріске жібереді. Ай сайын скрининг кезінде анықталған балалар арасында психикалық-дене бұзылыстары бар балалар туралы облыстық ПМПК-на 1-ші қосымшаға сай ақпарат береді. Тоқсан сайын ПМПК-на жолданған балалар туралы 2-ші қосымшаға сәйкес мәліметтерді салыстыру жүргізледі. Аудандық бас педиатр бөлек екі журнал арнайды.

Дәрігерлер туғаннан бастап балалардың диагноздарын анықтап болады, бірақ, кейде жұмыс тоқтап қалады, яғни, анықталған кемтар балаларды ПМПК-ан уақытында тексерістен өткізбейді. Ата-аналар балаларын ПМПК-на қаратқысы келмейді, уақыт өткізіп алады, бірақ аудандық білім бөліміндегі бала құқығын қорғайтын маман ата-аналарға, дәрігерлерге түсіндіріп, кемтар баланы уақытында ПМПК-нан тексерістен өткізіп алу қажет.

Аталған заңға байланысты, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министірінің «Ерте жастағы балалардағы психологиялық-физиологиялық ауытқушылықтарын скринингін ұйымдастыру ережелерін бекіту туралы» 29.01.2003 жылы шыққан № 83 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы 24 шілде 2009 жылғы «Бүлдіршін жастағы балаларда психикалық-дене бұзылыстары скринингін ережесін бекіту туралы» № 379 бойынша, 0 – ден 3 жасқа дейін скринингтік тексеру өткізіп, диагнозын анықтап, есепке алынған балаларды облыстық ПМПК-на мүгедектіктің алдын алу мақсатында, оқыту, тәрбиелеу, өмірге биімдеу, демеу мәселелерді шешу үшін тексеріске жібереді. Ай сайын скрининг кезінде анықталған балалар арасында психикалық-дене бұзылыстары бар балалар туралы облыстық ПМПК-на 1-ші қосымшаға сай ақпарат береді. Тоқсан сайын ПМПК-на жолданған балалар туралы 2-ші қосымшаға сәйкес мәліметтерді салыстыру жүргізледі. Аудандық бас педиатр бөлек екі журнал арнайды.

Дәрігерлер туғаннан бастап балалардың диагноздарын анықтап болады, бірақ, кейде жұмыс тоқтап қалады, яғни, анықталған кемтар балаларды ПМПК-ан уақытында тексерістен өткізбейді. Ата-аналар балаларын ПМПК-на қаратқысы келмейді, уақыт өткізіп алады, бірақ аудандық білім бөліміндегі бала құқығын қорғайтын маман ата-аналарға, дәрігерлерге түсіндіріп, кемтар баланы уақытында ПМПК-нан тексерістен өткізіп алу қажет.

Үйден оқуға анықтаманы емдеуші дәрігер, ал мүгедек балаға үйден әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынысты облыстық ПМПК береді. Көбіне осы екі сұрақты шатастырады. Кемтар баланы емдеуші дәрігері үйінен барып қарап, тексеріп мектепке баруға денсаулығының жарамайтынын анықтаса, үйден оқуға бекітілген тәртіппен анықтама береді. Ата-анасы анықтаманы мектеп директорына не ПМПк төрағасына тапсырады, ДКК анықтамасы негізінде мектеп директорының бұйрығы бойынша мұғалімдер балаға үйіне барып сабақ береді (яғни қосымша қаржы бөлінеді). Бұл жұмыстарға жауапты емдеуші дәрігері мен ДКК төрағасы, үйден оқуға анықтаманы денсаулық сақтау министірінің бекіткен «үйден оқуға жататын аурулар тізімі» бойынша береді. Қажет болса облыстық ПМПК-сы оқу бағдарламасына кеңес береді.

Кейбір мектептер және ДКК үйден оқуға анықтаманы облыстық ПМПК-нан сұратып, кемтар баланы мектепке қабылдамай қояды. Ақтөбе қаласына шалғай ауылдан келіп, ата-аналар шығынданады, екі ортада кемтар бала зардап шегеді. Негізсіз кемтар баланы жолдамамен жібергендер Заң алдында жауап береді. Аудандық білім бөлімдері облыстық ПМПК-ың қортындысына сәйкес үйден оқыту туралы бұйрық шығарады, ол да дұрыс емес, үйден оқуға бұйрықты аудандық емхана дәрігерлер кеңес комиссиясының анықтамасына сәйкес шығару керек. Ондай олқылықтар болмау үшін, аталған заң бойынша әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау және білім беру мекемелері әкімшілікпен ақылдасып, ата-ананың келісімімен бірігіп жұмыс жасау қажет.

Ата-аналарда өздерінің құқығын біліп, Заңдармен танысып, кеңес алып, балаларын қорғай білгені жөн.

Үйден оқыйтын мүгедек балалармен жасөспірімдердің ата-аналары немесе заңды өкілінің шығыстарын өтеу үшін қосымша қаржылай қандай көмектер беріледі ?

Үйден оқытылатын мүгедек балалардың ата-аналары немесе заңды өкілінің шығыстарын өтеу үшін бір мүгедек балаға 1 айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде Қазақстан Республикасы Заңдарының негізінде аудандық маслихаттың шешіміне байланысты аудан әкімінің Қаулысы бойынша, аудандық бюджеттің есебінен қаржы бөлінеді.

Растайтын құжаттарын ұсынған жағдайда өтініш берген айынан бастап тоқсан сайын төленеді.

1 Дефектолог мұғалім, психолог мұғалім, логопед мұғалім, сурдолог мұғалім, тифломұғалім, әлеуметтік мұғалім және психиатр дәрігер, невролог дәрігер мамандарын қандай оқу орындары дайындайды ?

Бала дәрігерлерді(психиатр, невролог, ЛОР, окулист,педиатр): М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті және педиатрия факультеті бар барлық медицина институттар дайындайды.

ПМПК-на жылда қаралу, тексерілу қажет пе?

ПМПК-на кемтар бала өмірінде 1 рет ғана қаралады, берілген қортынды, ұсыныстар бойынша жұмыс жасау қажет. Егер қортындыда қайта қаралу керек деп жылы жазылса ғана, көрсетілген уақытында қайта тексерістен өтеді. Облыстық ПМПК-сы берген қортындының түп нүсқасы ата-анасында, бала куәлігімен бірге болады. Қортындының көшірмесін тиісті көрсетілген мекемелерге апарып береді. Қортындыдағы нұсқау-ұсыныста көрсетілген бағдарлама бойынша, кемтар бала 9 класты бітіргенше қатарымен бірге оқыйды. Егер мүмкіндігі шектелген бала көмекші бағдарламаны игерген болса, онда 9 класты бітіргесін «Тамды көмекші мектеп-интернатының» Куәлігі, ал арнайы бағдарламаны игерсе «Жайсаң арнайы мектеп-интернатының» Куәлігі беріледі. Мүмкіндігі шектелген бала көмекші бағдарламаны игермесе, сандарды, әріптерді білмесе, онда 9 класты бітірді деген анықтама беріледі.






Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18


База данных защищена авторским правом ©psihdocs.ru 2019
обратиться к администрации

    Главная страница