Ежелгі дәуір әдебиеті бес кезеңнен тұрады



страница36/122
Дата21.07.2022
Размер0,49 Mb.
#187590
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   122
Связанные:
Ежелгі д уір дебиеті бес кезе нен т рады

"ҚЫЗ ЖІБЕК" ЖЫРЫ
"Қыз Жібек" жыры 1905-1909, 1911 жылдары Қазан қаласында Құсайыновтар баспасында басылған. Осы нұсқа 1925 жылы Ә. Диваев редакциясымен Ташкентте жарияланған. 1939 жылы "Батырлар жырының" бірінші томына енген. "Қыз Жібек" жыры - идеялық мазмұны, сюжеті, композициясы, көркемдік айшықтары җағынан лиро-эпостық дастандардың ішіндегі үздік туындылардың бірі. Төлегеннің әкесі - Базарбай, сүйген жары - Қыз Жібек, туған інісі-Сансызбай, ақын досы - Шеге. Төлегеннің тұлпары - Көкжорға. Сырлыбай - хан, Жібектің әкесі, Қаршыға - оның ақылшысы, уәзірі, Бекежан - Жібекке ғашық батыр. Хорен - қалмақ ханы. Сандалкок - Хорен қалмақтын тұлпары. Жыр негізінде Ғ. Мүсірепов "Қыз Жібек" пьесасын (музыкалы драма) жазды.
ТАНЫМ ДЕРЕК
Бекежан Айбекұлы (1667-1730) - батыр, "Қыз Жібек" жырындағы Бекежанның прототипі. Сұрмерген садақшы, "қылыштың перісі" аталған. Ел арасында оның ерлігін баяндайтын көптеген жырлар сақталған. Алғашқы әйелі - башқұрт мырзасы Күрамыстың қызы Салиха. Одан туған Қайрақ, Байрақ,Тайлақ деген үш ұлы -батырлар. Тайлақ Аңырақай шайқасында Кіші жүз жасағын бастаса, Қайрат, Байрақ - мыңбасы болған. Бекежан батырдың дүниеден озуы жайлы екі түрлі дерек бар: бірінде 45 жасында соғыста алған жарақаттан қайтыс болды десе, екіншісінде түрікмендермен болған соғыста мерт болды делінеді. Қабірі - Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Шідерті өзені бойындағы Тайлақ қорымында. ("Қазақстан" ұлттық энциклопедия, 2-том, 254-бет).
• "Қыз Жібек" жырындағы тарихи шындық пен сәйкес келетін жер-су аттары: (Қособа, Жайық, Еділ)
• Қазақтың көшпелі өмірі, әдет-ғұрпы, мінез-құлқы, киім-киісі, жүріс- тұрысы, қыздарының әсем сұлулығы суреттелетін лиро-эпос жыры: ("Қыз Жібек")
• Әмеңгерлік салт кездесетін жыр: ("Қыз Жібек")
• "Қыз Жібек" жырына өзек болған мәселе: (Шынайы махаббат)
• "Қыз Жібек" жырының басты кейіпкері Төлегеннің әкесі мен шешесі: (Базарбай, Қамқа)
• Қалыңдық іздеп, ел-жұрттан қыз жаратпай, өзіне сүйікті жар болар сұлуды Ақ Жайық елінен іздеген бас кейіпкер: (Төлеген)
• Төлегенді Ақ Жайықтың сұлуларына ынтық еткен адам: (Саудагер шал)
• Жайықта қызы сұлу артық ел бар,
Ерінбей қыз іздесең, сен соған бар.
Шетінен-ақ аласың бір сұлуды,
Болмағын мүнда тұрып қатерін тар. "Қыз Жібек" жырынан алынған бұл үзіндіні саудагер шал кімге айтқан? (Төлегенге)
• Төлеген бейнесіне сай тіркес: ("Падишадан кем емес")
• Төлегеннің Ақ Жайыққа - Жібегіне жалғыз өзі жол тартқандағы көрінетін асыл қасиеті: (Уәдеге беріктігі)

  • Төлеген Ақ Жайыққа қанша жорға алып кеткен? (Жнырма бес мын, 9-сынып ҚӘ "Мектеп", 54-бет); (9-сынып ҚӘ. Хрестоматия. "Мектеп". 71-бет. 250 жылқы)

• "Қыз Жібек" жырында Төлеген Жібекті тапқанша қанша көшке жолығады? (11)

  • "Қыз Жібек" жырында Төлегеннің сұлу қыз іздеген хабарын естіп, оны көрмекке аттанатын кейіпкер: (Шеге)'>(Қаршыға)_•_"Мұның_бектігі_бар,_ешкім_бұған_бұлай_дауыстап_сөйлеген_емес"_деп_түсіндіріп,_Төлегеннің_ашуын_басып,_сабасына_түсіретін:_(Қаршыға)'>(Қаршыға)_•_"Қыз_Жібек"_жырындағы_Қаршыға:_(Сырлыбай_ханның_ақылшысы)_•_"Қыз_Жібек"_жырында_жағымды,_ақылды,_ақындық_қасиеттері_мен_көрінетін_кейіпкерлер:_(Қаршыға,_Шеге)'>(Қаршыға)

• Төлегенді Сырлыбай ханның еліне ертіп апарған адам: (Қаршыға)
• "Қыз Жібек" жырындағы Қаршыға: (Сырлыбай ханның ақылшысы)
• "Қыз Жібек" жырында жағымды, ақылды, ақындық қасиеттері мен көрінетін кейіпкерлер: (Қаршыға, Шеге)
• "Қыз Жібек" жырындағы Сырлыбай ханның ақылшысы, уәзірі әрі от ауызды, орақ тілді шешен ақын: (Қаршыға)
• "Мұның бектігі бар, ешкім бұған бұлай дауыстап сөйлеген емес" деп түсіндіріп, Төлегеннің ашуын басып, сабасына түсіретін: (Қаршыға)

  • "Қыз Жібек" жырында:

"Мен бір сұлу табайын,
Патиалардың жалғызы.
Аты - Жабық, сұрасаң,
Кереметін көп, " - деп айтқан: (Қаршыға)
• Жібекті жолықтыру үшін Төлегенмен Сырлыбай еліне жол тартқан кейіпкер: (Шеге)
• "Қыз Жібек" жырында Төлегеннің ата-анасын қуантып, Жібекті Сансызбайға қосуға себепкер болған кейіпкер: (Шеге)

  • "Қыз Жібектің ақтығы,

Наурыздың ақша қарындай…" - деген үзінді: ("Қыз Жібек" жырынан)

  • Ләйлі-Мәжнүн балмаса,

Өзгеден артық келбеті…
-тің дидары -
Қоғалы көлдің құрағы, - деген жыр жолдарындағы кімнің сипаты? (Бекежан)'>(Қыз Жібектің)
• "Қыз Жібек" жырындағы жастардың арман, тілегіне қарсы топ: (Базарбай тобы)
• "Қыз Жібек" жырында ғашықтарға қастандық етуші: (Бекежан)
• "Өзім батыр болған соң, кімді аяйын…" - деп Жібекке шімірікпей жауап берген: (Бекежан)

  • "Аспандап ұшқан алты қаз,

Сіздер тірі, мен өлі, " - деп, өлім алдында алты қазбен қоштасатын лиро- эпостық жыр кейіпкері: (Төлеген)

  • "Ай мүйізді қошқардың,

Бөрі тартар қоңынан," - деген "Қыз Жібек" жырынан алынған жолдардағы көркемдегіш құрал: (Астарлау)
• "Төлеген сынды ағаның жұмақтан жазсын түркгын," - деген жоқтау сөз айтқан: (Шеге)
• Төлегеннің қазасынан кейін Сансызбайға ағалық қамқорлық көрсететін: (Шеге)
• Төлеген өлімінен кейін Жағалбайлы еліне Жібек кімдермен бірге жол тартқаны: (Сансызбай, Шеге)
• Төлегеннің қазасынан кейін Жібек әмеңгерлік салты бойынша кімнің жары аталатыны: (Сансызбайдың)
• Сансызбайды жұбататын, Жібек пен Сансызбайды елге әкелетін, Төлегеннің ата-анасын қуантып, Жібекті Сансызбайға қосатын кісі: (Шеге акын)
• Сырлыбай еліне келіп, Жібекті қалыңдық ретінде беруін талап ететін қалмақ батыры: (Хорен)
• Қыз Жібек ебін тауып алып кеткен қалмақ батыры Хореннің тұлпары: (Сандалкөк)
• "Қыз Жібек" жырында Жібектің Төлегеннің еліне аттанбақ болып мінген Хорен қалмақтың тұлпары: (Сандалкөк)

  • Үзінді алынған жер:

Бикешжан бүгін түс көрді,
Астындағы Көк жорға ат
Ер-тоқымсыз бос келді.
Ел жайлаған Ақжайық,
Жағалай біткен бидайық.
Алдында жанған шырағын
Біреу үрлеп өшіріп,
Көзінен болды сол ғайып. ("Қыз Жібек")
• Үзінді алынған жер:
Көзінің гауһар қарасы,
Туған айдай иілген
Екі қасының арасы.
Сымға тартқан күмістей
Он саусақтың саласы.
Сондай-ақ болып туар де,
Адамзаттың баласы. ("Қыз Жібек")

  • Үзінді алынған жер:

Қынама бешпент қынадым,
Әзілмен сізді сынадым.
Сынамаққа бір сөзді,
Әзіл қылып айтып ем. ("Қыз Жібек"))
• "Қыз Жібектің ақтығы
Наурыздың ақша қарындай.
Ақ бетінің қызылы
Ақ тауықтың қанындай, "- деген суреттеудегі көркемдегіш құрал: (Теңеу)
• Ғ. Мүсіреповтің пьесасы: ("Қыз Жібек", 1934 ж.)
• Ғ. Мүсіреповтің "Қыз Жібегі": (Музыкалық драма)

  • Лиро-эпостық жырлар: (*«Айман-Шолпан»; *«Қыз Жібек»; *«Қозы Көрпеш-Баян сұлу»)

  • Орыс зерттеушісі Е.А.Александровтың Мұсабай ақыннан "Қыз Жібек- жырын тұңғыш рет жазып алған жылы: (*1880 жылы)

  • "Қыз Жібек" жырының ЮНЕСКО шешімі бойынша қай жылы қанша жылдығы тойланған? (*2007 жылы 500 жылдығы)

  • "Қыз Жібек" жырында кездеспейтін кейіпкерлер: (*Домбауыл; *Қараман); (Кездеседі: Хорен, Төлеген, Сансызбай, Сырлыбай. Қаршыға, Шеге)

  • "Қыз Жібек" жырының кейіпкерлері бар жол(дар): (*Сансызбай, Төлеген, Қаршыға)

  • Қыз Жібекке ғашық болған батырлар: (*Бекежан; "Төлеген)

  • "Қыз Жібек" жырындағы әдет-ғұрып(тар): (*Әмеңгерлік; "Қоштасу)





Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   122




База данных защищена авторским правом ©psihdocs.ru 2022
обратиться к администрации

    Главная страница