Ежелгі дәуір әдебиеті бес кезеңнен тұрады


шапқыншыларынан азат ету)



страница34/122
Дата21.07.2022
Размер0,49 Mb.
#187590
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   122
Связанные:
Ежелгі д уір дебиеті бес кезе нен т рады

шапқыншыларынан азат ету)

  • "Қамбар батыр" жырының кейіпкерлері: (*Алшыораз); *Назым;

*Әзімбай)

  • "Қамбар батыр" жырындағы Алшыораз ға тән қасиетттер): ("Адал;

*Ақылды; *Зерек)
• А. Байтұрсынұлы бастырған эпостық жыр: ("Ер Сайын")
• Эпостық жанр: (Тарихи жыр)


ЛИРО-ЭПОСТЫҚ (ҒАШЫҚТЫҚ) ЖЫРЛАР
Ғашықтық жырлардың батырлық эпостан айырмашылығы:
1. Батырлық эпоста батырдың халық мүддесі жолындағы күресі негізгі тақырып болса, ғашықтық дастандардың негізгі тақырыбы - екі жастың бақытқа жету жолындағы тартысы, қасірет-зары, махаббаты.
2. Батырлық дастандарда шешуші рөл атқару бермейтін рулық қарым-қатынастар, тұрмыс-салт, әдет-ғұрып ғашықтық жырлардың фабуласына заңды түрде қабысады.
3. Батырлар жырында образдар шындықтан шалғай, шартты түрде алынса, ғашықтық жырларда образдар реалистік түрде сипатталады.
• Ғашықтық жырлардың батырлар жырынан үш айырмашылығын атап керсеткен қаламгер: (М. Әуезов)
"ҚОЗЫ КӨРПЕШ-БАЯН СҰЛУ" ЖЫРЫ
"Қозы Көрпеш-Баян сұлу" жыры - қазақ лиро-эпостарының ішіндегі ең көнесі, оның 15 шақты нұсқасы бар. Алғашқы башқұрт тіліндегі нұсқасын 1812 жылы Т. Беляев жазып алып, Қазанда жариялаған. Ең танымалы-Жанақ ақын жырлаған нұсқа. Ш. Уәлиханов жырды Атығай Арыстанбай ақынның аузынан жазып алған. Бұл нұсқада жыр қайғымен аяқталады. 1833 жылы А. С. Пушкин де Жайық бойындағы Кіші жүз қазақтарының әңгімесін жазып алған. В. В. Радлов неміс тіліне аударып бастырған. Радлов, Бейсенбай, Шөже нұсқаларында Қозы өлмей, аман қалады. Абай Құнанбаев 1884 жылы Жанақ ақыннан жырдың бір нұсқасын жазып алып, Г.Н.Потанинге сыйға тартқан. Г. Н. Потанин: "Бұл жер жүзіндегі ең қымбат әдебиет мұраларына жататын шығарма, " деп бағалаған. Қозы Көрпештің әкесі - Сарыбай (75 жаста), сүйген жары - Баян. Қарабай - бай (83 жаста), Баянның әкесі; Ай мен Таңсық - Қарабайдың қыздары, Баянның әпкелері; Тайлақ - Сарыбайдың құрдасы, Сарыбайдың өлімін түсінде көріп, әйеліне жеткізеді; Айбас - Тайлақтың кенже інісі; Сасан би - Қарабай көшіп барған елдің биі; Көсемсары - сері; Қодар - қара күш иесі, батыр; Танаш - Қарабайға құда болып барған кісі. Қарабайдың мінген аты - Аққайың. Жырдың негізінде Ғ. Мүсірепов "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" (1939 ж.) трагедиясын жазды.

  • "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" жыры - адал достықты жырлайтын дастан. Мұнда халықтың дұрыстыққа деген тілеулестігі жырланады. Ұнамды мінездер, ұнамды кейіпкер арқылы жоғары бағаланады". (М. Әуезов)

  • "Қозы. Көрпеш-Баян сұлу" жыры - махаббат тақырыбына арналған жүзіндегі ауыз адебиетінің (фольклор) төрінен орын алады." (С. Мұқанов)

  • Ш. Уәлиханов "Ромео-Джульетта" жырына теңеген жыр: ("Қозы Көрпеш-Баян сұлу")

  • "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" жырын Шоқан жазып алған ақындар (Арыстанбай, Жанақ)

• Ш. Уәлихановтың Жанақ ақынның айтуымен ең алғаш қағазға түсірген жыры: ("Қозы Көрпеш-Баян сұлу")
• Шоқанның ел ішіндегі аңыз-әңгімелерден, халық жырлары мез дастандарынан алғашқы жазып алған шығармасының аты: ("Қозы Көрпеш-Баян сұлу" жыры)
• Шоқан өзі жинаған қазақтың ауыз әдебиеті нұсқаларын, "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" жырын берген профессор: (Березин)

  • "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" жыры орыс тіліне аударылып, сол тілде жарыққа шыққан жыл: (1853 жыл)

• 1833 жылы А. С. Пушкиннің кіші жүз қазақтарынан жазып алған жыр: ("Қозы Көрпеш-Баян сұлу")
• "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" жырын жазып алып… сол тақырыпқа поэма жазуды ойлаған орыс ақыны: (А. С. Пушкин)
• В. В. Радлов неміс тіліне аударып бастырған жыр: ("Қозы Көрпеш -Баян сұлу")
• "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" жырында басым суреттелетін кәсіп: (Мал бағу)
• Түйемойнақ, Жылытау, Сауыр, Сойқал деген жер атаулары қай жырды кездеседі? ("Қозы Көрпеш-Баян сұлу")
• Балталы, Бағаналы деген жер аттары кездесетін жыр: ("Қозы Көрпеш-Баян сұлу")
• "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" жырындағы тарихи шындық пен сәйкес келетін жер-су аттары: (Бетпақдала, Аягөз)
• Сасан би, Қарабай, Қодар атты есімдер кездесетін жыр аты: ("Қозы Көрпеш-Баян сұлу")
• Айбас, Қарабай, Қодар қай жырдың кейіпкерлері: ("Қозы Көрпеш-Баян сұлу")
• "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" жырының кейіпкерлер тізбесі: (Ай, Таңсық, Қодар)
• "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" жырының негізгі тақырыбы: (Жастардың бас бостандығы)
• Қозының мінген аты: (Күрең бесті)

  • "Іздеп едім, қайнаға-ау, кез келесіз,

Айпарадай ақ жүзім сіз көресіз
Қайнаға-ау, көріпсіз бір перзентті,
Сүйіншіге, қайнаға-ау, не бересіз?" - деген үзінді: ("Қозы Көрпеш-Баян сұлу" жырынан)
• Сарыбай мен Қарабайдың кездескен жері: (Балталы жерінде)
• Жыр басында ұшырасатын кейіпкерлер: (Сарыбай мен Қарабай)
Қозының әкесі: (Сарыбай)
• Сарыбай қанша жаста? (75 жаста)
• Қозыны Баянмен табыстырған адамды табыңыз: (Айбас)
• "Қозы Көрпеш-Баян сұлу " жырындағы Айбас қандай кейіпкер? (Әділдік жолында күресуші)
• "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" жырындағы Қозының намысын қорғау үшін шыққан: (Айбас)
• Сәлем де ініңізге, іздеп келсін,
Келмесе, сорлы Баян дегені өлсін, - деп Баян кімге айтқан? (Айбасқа)
• "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" жырында Қозы мен Баянға тілеулес боп, көмектесетін жандар: (Ай мен Таңсық, Айбас, Көсемсары)

  • "Тал бойының міні жоқ, қолаң шашты,

Шашының ұзындығы тізін басты.
Гүл төгілер аузынан меруерт тісті,
Ондай жан дүниеде жер алмасы," - деген қай кейіпкердің сипаты? (Баянның)

  • "Аппақ керік маңдайлы қылығы наз,

Малың түгіл басыңды берсең-дағы аз," - деген: (Баянның бейнесі)
• Лиро-эпос кейіпкерлерінің ішінде тоқсан сері жігіт қай қыз үшін елінен безеді? (Баян сұлу)

  • … ғашық болып тоқсан бағылан,

Бәрі де іздеп шықты жапан түзге.
Бәрі де ғашықтықпен жапан кезген,
Баршасы ғашық болып елден безген.
Үзіндідегі көп нүктенің орнына лайықты кейіпкер: (Баян)
• Баянның әкесі: (Қарабай)
• Қызынан малын артық көретін әке: (Қарабай)
• "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" жырындағы Қарабайдың жылқысының саны: (90 мың)
• Баянды Қозыдан алып қашқан Қарабай Қодарға қай жерде кездеседі? (Бетпақта)
• Бетпақтан алып өткен Қодарға Қарабай қандай уәде берген? (Баянды бермек болады)

  • "Қозы Көрпеш-Баян Сұлу" жырындағы алты құлаш ала бедеу кімнің астына мінген аты? (Қодардың)

• "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" жырының басты кейіпкерлері кімдердің қастандығы мен қиянатынан азап шегетіні: (Қарабай, Қодар)
• Қарабай мен Қодардың Қозы Көрпешке жасаған жамандығы: (У береді)

  • "Қара көзін қан басып қарағанда,

Маңына жоламайды, Қодар үркіп, " - деген "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" жырынан алынған жолдарда кім туралы сөз болып отыр? (Қозы Көрпеш)

  • "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" жырындағы:

"Тіршілікте, тазшеке-ау, ұмытпайын,
Коя берші, көштегі жеңгең көрер, " - деген жалынышты сөздерді айтатын кейіпкер: (Қодар)

  • "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" дастанындағы Сарыбай маралды не себептен өлтіргені: (Қарабай өтінішіне орай)

• Қарабай жарып жібергенде маралдың ішінен не шығады? (Егіз қодық)
• "Қозы Көрпеш Баян сұлу" жырында Қарабайдың үйіне құдалық туралы сөйлесуге он бір кісі қосып, кімді жібереді? (Танашты)
• "Балталы, Бағаналы, ел аман бол,
Бақалы, балдырғанды көл, аман бол, " - деген "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" жырындағы Ай мен Таңсықтың сөздері салт жырларының ішіндегі қоштасуға жатады.

  • "Балталы, Бағаналы, ел аман бол,

Бақалы, балдырғанды көл, аман бол, " - деген коштасу өлең алынған жер: ("Қозы Көрпеш-Баян сұлу")
• "Балталы, Бағаналы, ел аман бол, " - деп, туған жерімен қимай қоштасатын лиро-эпос жырындағы қыздардың аты: (Ай, Таңсық)
• "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" жырында қоштасу жырын айтқан кейіпкерлер: (Ай мен Таңсық)
• "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" жырында қандай тұрмыс-салт жырлары қолданылған: (Қоштасу, жар-жар, естірту, жоқтау)

  • … Аққу ұшып көлге кетті,

Ақсұққар ұшып шөлге кетті,
Олар адасып кеткен жоқ.
Әркім баратын жерге кетті. " Жыршының жұмбағының шешуі: (Сарыбайдың өлгенін естіртіп отыр)
• Сарыбайдың бұл дүниеден өткендігін естірткен: (Тазаа)
• "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" жыры қандай өлең түрімен жырланған? (11 буынды қара өлең түрімен)

  • "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" жыры - адал достықты жырлайтын дастан. Мұнда халықтың дұрыстыққа деген тілеулестігі жырланады, Ұнамды мінездер, ұнамды кейіпкер арқылы жоғары бағаланады, " - деген пікірдің иесі: (М. Әуезов)

• "Қодар - Қарабайдың қара шоқпары, қараңғы күші есебіндегі сұмырай серігі, " деген пікірдің иесі: (М. Әуезов)
• "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" жырының тілі - нағыз халық тілі, " - деген пікірдің авторы: (М. Әуезов)
• "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" дастаны - қазақ әдебиетінің зор мұрасының бірі. " деген пікірдің авторы: ( М. Әуезов)

  • "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" трагедиясын жазған: (Ғ. Мүсірепов)

  • "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" жыры мен Ғ. Мүсіреповтің осы аттас трагедиясының айырмашылығы: (Көп айырмашылығы бар)

  • "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" пьесасындағы Қарабай: (Баянның әкесі)

• Қазақ театрында ұзақ жылдар бойы Қарабайды ойнаған әртіс: (Серке Қожамқұлов)
• Қозы мен Баянға арналған ескерткіш тұрғызылған жер: (Аягөз)

  • "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" жыры: (*Көп нұсқалы жыр; *Ғашықтық жыр)

  • "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" жырындағы Қарабай бейнесі: (*Сараң, дүннеқоңыз; *Қатігез, өзімшіл)

  • Қозы Көрпеш - Баян сұлу" жырында Сарыбайдың өлімін естірткен: (*Тазша)

  • Ай, Таңсық, Айбас, Тайлақ деген кейіпкерлер кездесетін жыр: (*«Қозы Көрпеш - Баян сұлу»)





Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   122




База данных защищена авторским правом ©psihdocs.ru 2022
обратиться к администрации

    Главная страница