Ежелгі дәуір әдебиеті бес кезеңнен тұрады



страница2/122
Дата21.07.2022
Размер0,49 Mb.
#187590
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   122
Связанные:
Ежелгі д уір дебиеті бес кезе нен т рады

кейіпкерлері: Оғыз, анасы - Айқаған, ақылшы-кеңесшісі - Ұлық Түрік,
ұлдары - Күн, Ай, Жұлдыз, Көк, Тау, Теңіз. Ормандары тажал аң - Қат,
жол көрсетуші - Көк бөрі).
Жыр IX ғасырда жинақталып, XIV ғасырда хатқа түскен. Жырдың басты
идеясы - бүкіл түркі елін бірлікке шақыру, достық пен адамгершілікке үндеу, сыртқы жауға қарсы күресу. Қыпшақ, қаңлы, қарлұқ, қалаш ру-тайпаларының шығу тегін жеке кісілердің оқиғасынен байланыстырады. Жырда оғыздардың Көк Тәңіріне табынып, өздерін Көк Бөріден тарататыны аңғарылады.


Әбунасыр әл-Фараби (870-950 ж.ж.) ақын, ойшыл, ғұлама. Музыка, математика, логика, философия, астрономия, әдебиеттану ғылымдарымен айналысқан. Шығыс ғалымдары Аристотельден кейінгі "Екінші ұстаз" деген атақ берген.
Ғылымның көптеген салаларын меңгеріп, 150-ге тарта ғылыми еңбектер
(трактаттар) жазған. Еңбектері: "Музыканың үлкен кітабы", "Қайырлы
қала тұрғындарының көзқарасы","Өлең өнерінің қағидалары"."Риторика", "Китаб аш-шеер" ("Өлең кітабы"), "Философияны оқу үшін не білу керек?", "Ақылдың мәні туралы" т. б.
"Музыканың үлкен кітабында" түркілердің музыкалық аспабы болған тоғыз ішекті домбыраның құрылысын сипаттаған. Платон, Аристотель, Пифагор, Евклид, Птоломей еңбектерін меңгеріп, оған араб тілінде түсініктеме жазған.


Ахмет Иасауи (XII ғ. туған жылы белгісіз, 1166 жылы қайтыс болған). Ақын,
ойшыл, ұстаз, діни ағартушы, сопылардың пірі. 90 мың шәкірті болған. "Диуани Хикмет" ("Даналық кітабы"), түркі тілінде араб әліпбиімен жазылған, 149 хикметтен тұрады. "Диуан" - жинак, "хикмет" -"Алланың ақ жолы" деген ұғымды білдіреді. "Диуани хикмет" – әдебиетіміздегі сыншылдық дәстүрдің басы, оғыз-қыпшақ тілінде жазылған әдеби туынды. 63 жасқа келгеннен кейін қылуетке түсіп отырған.


Жүсіп Баласағұн (ХІ ғ. 1015-1016 жылдары туған, қайтыс болған жылы белгісіз) ойшыл ғалым, білімпаз ақын. "Құдатғу білік" ("Құтты білік"). 85 тараудан, 6500-ден аса бәйіттен тұрады (13040 жол) және 3 қосымшасы бар. Кемел мемлекеттің сипаты баяндалады. Кітапты Шығыс патшалары көшіртіп
алып оқитын болған, Фирдоусидің "Шаһнамасы мен" қатар қойып, "Түркі
шаһнамасы" деген атақ берген. Кітапта төрт кейіпкер бар: Күнтуды бек- әділет бейнесі, Айтолды үәзір- бақыт бейнесі, Өгдүлміш- уәзірдің баласы, ақыл-сана бейнесі, Одгұрмыш- уәзірдің бауыры, қанағат бейнесінде алынған.


Махмұт Қашқари (XI ғ. 1029-1039 жылдар аралығында туған, қайтыс болған
жылы белгісіз) білімпаз тілші, ғалым, әдебиет үлгілерін жинақтаушы. "Диуани лұғат ит-түрк" ("Түркі сөздерінің Жинағы"). 1070 жылдары жазылған, 3 кітаптан тұрады. 6,5 мыңға жуық Түркі сөзіне арабша түсінік берілген. 260-тан астам мақалдың 60-ы қазіргі күнде тілімізде ешбір өзгеріссіз қолданылады. Кітапта бүгінгі әдебиетімізге, түркі тілі, тарихы, географиясы, тұрмыс-тіршілігіне қатысты құнды мәліметтер мол. Қазақ жерінің дөңгелек картасын жасаған. Баласағұн, Тараз, Қашқар, Каспий сияқты ежелгі елді мекендер сызылып көрсетілген. 29 түркі тайпасының аты аталады. Алып Ер Тоңа мен Афрасияп бір адам екенін көрсетіп, маңызды деректер береді.


Рабғузи (XIV ғ.) "Қисас-ул-әнбие" ("Әулие-әнбиелер туралы қиссалар"), 1370
жылы жазылған, ежелгі шығыс мифтері мен аңыздары, өлең-әңгімелерінің
жинағы. Кітапта табиғат, жаратылыстың пайда болуы, әулие-әнбиелер,
пайғамбарлар, діни қайраткерлер туралы баяндалған. Түркі тілінде жазып
шыққан.


Сәйф Сараи (1320-1396 ж.ж.) Еңбектері: "Гүлстан бит-түрки" ("Түркіше Гүлстан"), 8 тарау, кіріспе, қорытындыдан тұрады, 7 тарауы қысқа әңгімелер, 8-тарауы нақыл сөздер мен мақал-мәтелдер. Тараулары: "Махаббат пен жастық", "Кәрілік пен әлсіздің", "Тәрбиенің ықпалы", "Патшалардың өмірі туралы", "Азға қанағат етудің артықшылығы", "Қарым-қатынас ережелері", т. б.
Сағдидің "Гүлстан кітабынан" (1258) түркі тіліндегі аударма нұсқасы. Төл туындысы - "Суһаил мен Күлдірсін".


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   122




База данных защищена авторским правом ©psihdocs.ru 2022
обратиться к администрации

    Главная страница