Хабарлау лекциясы мақсаты – студенттерге үлкен көлемдегі материалды, мол мысалдармен түсіндіру және ақыл-ой күштерін дамыту.
Мәселелік лекция мақсаты – студенттердің таным белсенділігн, ойлау қабілетін арттыру, шығармашылық, зерттеу мүмкіндіктерін дамыту, кәсіби қызығушылығын қалыптастыру.
Пікірталас лекциясы.Лекцияның бұл түрінде күрделі немесе жан-жақты қарастырылмаған әрі саналуан шешімдері бар, студент тарапынан көптеген сұрақтар тудыратын өзекті теориялық және практикалық проблемалар талқыланады.
Лекция – консултация.Лекцияның бұл түрі конференция түрінде ұйымдастырылған лекцияға ұқсас. Консултацияның талқылау, кеңесу, жәрдемдесу, кеңес беру деген ұғымдарды беретіндігін ескерсек, лекция-консултацияда осы мағына аумағында болады.
Лекция-конференция. Лекция тақырыбы өздерін қызықтырған сұрақтар бойынша алдын ала беріледі. Лекция бастауға бірнеше минут қалғанда оқытушы студенттерден жазбаша сұрақтарды беруді сұрайды. Оқытушы бірнеше минут сұрақтарды сұрыптап, дәріс оқуға кіріседі. Әдістемесі – лекцияның тақырыбын атау, студенттерге жауабын білгісі келетін сұрақтарды жазбаша қоюға талаптандыру, сұрақтарды мазмұны бойынша іріктеп алу, лекцияны осы сұрақтарға жауап түрінде емес, тақырыпты логикалық байланыста баяндау.