Құбылыстарды және фактілерді талдап, түсіндіретін ғалым ретіндк



страница1/2
Дата26.04.2020
Размер60 Kb.
ТипЛекция
  1   2

  1. Лекция туралы түсінік. Лекция өткен ғасырларда кітап жетпегендіктен білім берудің жалғыз тәсілі болды. Бірақ қазіргі уақытта кітап, журнал, брошюра көптеп басылуына қарамастан, лекция мектептің жоғарғы сыныптарында, колледждерде жоғарға оқу орындарында оқытудың басты формасы болып отыр.

Лекция – өзекті проблемаларды игеру мен меңгерудің теориялық мәселелерін қарастыратын сабақ түрі.Ол болашақ мамандық тұрғысынан үйренушілерді өміршең, күнделікті өмірден алынған теориялық проблемалар мен мәселелерді шешуге бағыттайды. Лекция көлемді мәліметтерді жүйелеп беру қолайлы, мұнда тақырыптық басты мәселелері нақтыланып, материалдың өзіндік тұрғыдан игерудің әдістемелік нұсқаулары беріледі.

Алайда білімді игеру процесін белсендіруде, үйренушілердің қызығушылығы мен көтеріңкі мотивациясын тудыруда, кері байланысты қолдануда, эмоциялық қарым-қатынас құруда монологқа негізделген дәстүрлі лекцияның (бір жақты пікір, көзқарас, позиция) шешім келтіретін мүмкіншіліктері шектеулі.

Лекция әдісін жақтамаушылар студенттер бреудің дайын ойын енжар қабылдайды, оған қатысу көп уақытты алады дейді. Кей жағдайда оқулықтар жетіспегенде (курс жаңа болса), керекті материалдар оқулықтар мен оқу құралдарында шашырап берілсе де, оқу материал өз бетімен меңгеруде қиындықтар болса, яғни лекция ең тиімді әдіс болып саналады. Лекция кезінде оқытушы бірнеше рөлдерді атқарады.


  • Құбылыстарды және фактілерді талдап, түсіндіретін ғалым ретіндк;

  • Сабақ берудің қазіргі заманғы әдістерін қолданып, жеке тұлғаның дүниетанымын, адамгершілігін қалыптастырып педагог ретінде;

  • Тыңдаушыларын сендіретін, насихаттаушы шешен ретінде;

  • Аудиториядағы тыңдаушылардың жеке жағдайын және тұтастай сезіне алатын психолог ретінде.

Лекция –бұл көп қырлы құбылыс. Мұнда көрнекті құралдар мен иллюстрацияларды қолдану, уақытты ұтымды есептеу, студенттерді белсендіру, сабақты бұрынғы материалдармен байланыстыру, негізгі мәселелерді есінде сақтау, лекция барысында жазғызып және өз бетіндік жұмысқа әдебиеттер беру, міне, осының бәрін лекция барысында орындауы тиіс. Дайын мәтінді теледидар, радио, магнитафон арқылы оқу бұл лекция болып табылмайды. Мұғалімнің тілі, өз дауысы тікелей білімді қалыптастыруға ықпал етеді.

Лекция негізінен 3 негізгі функцияларды атқарады.



  • Ақпарат берушілік (студенттерге қажетті білімді береді);

  • Ынталандырушы (тақырыпқа қызығушылық туғызып, басқа да қайнар көздерді оқып үйренуге шақырады);

  • Тәрбиенушілік және дамытушылық (құбылысқа баға беріп ойланады)

Лекция білімді алудың үнемді тәсілі. Мұнда білім жалпыланған, жүйеленген түрде, яғни студент білімді жылдам және сенімді түрде алады. Лекцияның экономикалық тиімділігі біруақытта тыңдаушының үлкен тобы тыңдай алады. Лекцияның ең үлкен мәнділігі студенттердің ойлау мәдениетін дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, лекция оқу ақпаратын берудің икемді формасы. Лектордың әдістемелік шеберлігі сол ақпаратты әр түрлі тәсілмен бере алады: қысқаша конспект түрінде, көркем мазмұнды түрінде де. Кез келген жақсы лекция тыңдаушының көзқарасын, сенімін, пәнге деген қызығушылығын қалыптастырады. Әсіресе, бұл гуманитарлық циклда, психологиядан лекция оқығанда тиімді болып табылады.

Лекция мазмұнындағы ерекшеліктерді атап өтуге болады. Бұлар: ғылымилылығы, жеткіліктілігіқ, қызықтылығы.

Ғылымилығы. Лекция ғылыми білімнің қазіргі жағдайы мен байланысты болуы қажет. Бұл әрт.рлі көзқарастардағы теориялық және практикалық проблемаларды заңдылықтар теориясымен салыстырады. (Мысалы тұлға теориясы, тәрбие теориясы менпсихологиясы т.б.)

Жеткіліктілігі. Студенттердің ғылым жөнінде түсініктерін, заңдылықтарын, зерттеу әдістері мен ұғымдарды түсінуді айтамыз. Жеткіліктілік аудиторияның ерекшелігімен, дайындығымен, кәсіптілігі және ерекшелігімен байланысты болады.



Қызықтылығы. Бұл лекцияның мазмұны қызықтылығын білдіреді. Қызықтылық аудиторияның ерекшелігіне, ақпараттың сапасына да байланысты болады. Лекцияны дайындауды мынаны ескеру керек, яғни психолог кәсібімен байланысты материалдар қызыұты болады. Кеңес беру ситуациясын, психологиялық түзету жұмыстарын, тренинг, сұрау алу т.б. жұмыстарын студенттер өз кәсібімен байланысты әрекеттермен танысып, дағды мен іскерлікті қалыптаса бастайды. Сондықтан лекция мәтінін мезгіл-мезгіл жаңа фактілермен, теориямен, зерттеудің жаңа әдістерімен , экспериментті жаңалап, толықтырып отыру қажет.

  1. Ұйымдастырушылық – лекция, семинар,практикалық және зертханалық сабаққа қанша сағат берілетіні шешіледі. Нақты материалдарды тыңдау, ақпараттарды анықтау, экспериментті демонстрациялау техникалық және көрнекті құралдарды пайдалану, әдістемесін жасау, практикадан фактілер келтіру.

Кез келген лекция үш бөлімнен тұрады.

  1. Кіріспеде тақырып аталып, мақсат –міндеттер қойылып, проблемаға қысқаша сипаттама беріледі. Лекцияға қатысты әдебиеттер айтылып, өткен сабақпен байланыс жасалады. Лекцияның бұл бөлімі қысқа және мақсаты бағытталған болу керек.

  1. Негізгі бөлімде барлық түйіндік сұрақтар анықталып, анықтамалар мен негізгі теориялық қағидалар дәл және қысқаша құрылуы қажет. Оқытушы фактілерді сұрыптап, керек ақпаратқа келтіреді, нәтижені талдап, қажет кезінде тарихына анықтама беріп, теорияны практикалық өмірмен байланыстырады.Келешектегі дамуын ашады және проблема бойынша ізденуге мүмкіндік береді.

Лекция сұрақтар 2-4 болғаны дұрыс. Әр сұрақ бөлек тақырыпшаларға бөлінеді. Жоспарға қысқаша негізгі түйінді сұрақтар енеді (сосын емтихан сұрағына кіреді.) Лекция мәтіні өте ұзақ және қысқа болмауы керек.

  1. Қорытындыда негізгі тұжырымдарға тоқталып, алдағы өз бетімен орындалатын жұмыстарға әдістемелік кеңес беріліп, сұрақтарға жауап беріледі. Құнды лекция бай материалымен ғана емес, анық құрылымы және оңтайлы әдістерімен беріліп, қатаң дидактикалық жүйеде құрылуымен сипатталады. Лекцияның тиімділігін жоғарлату үшін құрылымдық ерекшелігі, лекцияның әрбір типінің оқыту әдістемесі мен дайындалу деңгейін жетілдіру керек. Сонымен қатар, лектордың лекцияны аудиторияға жеткізу шеберлігімен сөйлесу техникасын, педагогикалық тактиканы меңгеру қажет.

Лекцияны біз бірнеше типтерге бөлеміз:

  • Жалпы мақсатына қарай: үгіттеушілік, насихаттаушылық, тәрбиелеушілік, дамытушылық

  • Мазмұнына қарай: академиялық, және танымал;

  • Дидактикалық міндетіне қарай :еркін, қорытынды, жалпылау, шолу, мәселелік, лекция-диолог,лекция-пресс конференция, лекция-толғау, лекция-іскерлік ойындар, жұптық лекция т.б.

  • Әсер етуіне қарай: эмоция деңгейінде түсіндіру деңгейінде, сендіру деңгейінде.

Әр бір лекцияны тыңдаушыларға нақты, сенімді, сезіне алатындай жеткізе білу оқытушының міндеті.

Лекцияның түрлері; Оқыту процесін интенсификациялау концепциясына негізделіп, дәстүрлі лекциялармен қатар инновациялық түрлері дежоғары мектеп тәжірибесінде кең орын алады. Лекцияның келесі түрлері кең қолданылады.



  • Хабарлау лекциясы

  • Проблемалы

  • Лекция-диалог

  • Алдын-ала жоспарланған қателерден тұратын лекция

  • Лекция –толғау

  • Лекция-іскерлік ойындар

  • Интербелсенді лекция

Оқытушы лекцияның әр-түрін пайдалануда өз пәнінің, оқыту әдістемесінің ерекшеліктерінескеруі тиіс.



Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2


База данных защищена авторским правом ©psihdocs.ru 2019
обратиться к администрации

    Главная страница