Шөгінді тау жыныстары- жер бетінде немесе су бассейндерінің түбінде органикалық және анорганикалық заттардың шөгуінен пайда болады. Байырғы жыныстардың экзогендік процестер әсерінен бұзылған түйіршіктері мен жануарлардың, өсімдіктердің қалдықтары біртіндеп шөге келе қат қабаттар түзеді.
Шөгінді тау жыныстары- жер бетінде немесе су бассейндерінің түбінде органикалық және анорганикалық заттардың шөгуінен пайда болады. Байырғы жыныстардың экзогендік процестер әсерінен бұзылған түйіршіктері мен жануарлардың, өсімдіктердің қалдықтары біртіндеп шөге келе қат қабаттар түзеді.
Шөгінді тау жыныстары жер бетінің 75%-н жауып жатыр. Шөгінді тау жыныстарының түзілу процесі литогенез деп аталады.
Шөгінді тау жыныстары жаралутегіне байланысты үгінді (механикалық шөгінділер), химиялық (хемогенді), органогенді және аралас топтарға жіктеледі. Үгінді жыныстар тозып бұзылған жыныстардың сынық үгінділерінің шайылып, кейіннен бір тұста шөгуінен пайда болады. Осылайша дөңбектастар, малтатастар, құм және құмтастар, аргилиттер, саз, қиыршық тас. қиыршық тас, тақтатастар түзіледі. Хемогенді жыныстартұздардың қанық ерітінділерінен немесе химиялық реакциялар әсерінен тұнған заттар. Олардың басты топтары: кремнийлі, темірлі, фосфарит, гипс, күкіртқышқылды тұздар. Әктасты жыныстарға ізбестастар,олитті ізбестастар,ізбесті туфтар, доломиттер т.б. жатады. Кремнийлі жыныстарға ыстық бұлақтар суынан тұнған кремнийлік туфты атауға болады. Сонымен қатар, яшмалар, тұнған кремнийлі тақтатастар соларға жатады. Органогенді жыныстарөсімдіктердің, жәндіктердің азды көпті қалдықтарынан тұрады. Ең жиі тарағандары: ізбестастар, қабыршақтар, ақ бор, трепелдер және каустобиолиттер, көмір, газ, әктас, мұнай Аралас тау жыныстарыжоғарыда терілген жыныстардың қоспасынан тұрады. Мысалы балшық ізбестас, мергел, құмқұмайтты ізбестас, опокалар.
Метаморфтық тау жыныстары (грек. өзгеру) - деп байырғы шөгінді,магмалық,типті метаморфтық тау жыныстарының тереңде батып өзгеруінен жаралған жыныстарды атайды. Осылайша өскен температура мен қысым әсерінен бұрынғы нығыз, сом магмалық жыныстар тақталанады, ал шөгінді жыныстар кристалл құрылымды жынысқа көшеді. Сонымен тау жыныстары әжептәуір өзгерістерге ұшырап,жаңа қасиеттерге ие болады. Бұлардың негізгі ерекшелігі жер қойнауындағы жойқын қысым мен температурадан құрылымы кристалдық,түзілімі тақталанған болуы. Көптеген метаморфтық жыныстардан кварциттерді, мәрмәрді, әртүрлі тақтатастардан, гнейстерді атаған жөн.
1.Жер қыртысында немесе оның үстіңгі бетінде әртүрлі геологиялық процестер барысында түзілетін табиғи минерал агрегаттарын айтады.
2. Минералдар
2. Жердің заттық құрамын, оның ішкі құрылысын, жердің асты-үстінде болып жатқан процестерді және олардың тарихи дамуының заңдылығын зерттейтін табиғаттану ғылымының саласы.
3.Мономинералды
3.Белгілі бір механикалық күштерге (сызу,соғу) қарсы тұру қабілеті.