4 Жалпы ережелер


ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫНА



Скачать 255,5 Kb.
страница2/22
Дата13.06.2022
Размер255,5 Kb.
#185964
ТипМетодические указания
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Связанные:
МУ дипломных работ 2021-22

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫНА
ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Диплом жұмысының тақырыптары қазіргі жағдай мен болашақтағы ғылымның, техника мен мәдениеттің дамуына caй болып, мазмұны жағынан баптағы талаптарға жауап беруі қажет. Диплом жұмыстарының тақырыптарын анықтағанда өндіріс, ғылым және мәдениеттің мәселелері мен шынайы міндеттерін есепке алу ұсынылады.
Диплом жұмысының тақырыптары шығарушы кафедрада әзірленеді және жоғары оқу орнының ғылыми кеңесінде қаралып бекітіледі.
Студент диплом жұмысының тақырыбын бекітілген тақырыптардан тандайды (өтініштің үлгісі қосымшада берілген). Студентке бекітілген тақырыптардан да тыс такырыпқа диплом жұмысын орындау кұқығы беріледі. Мұндай жағдайда студент таңдаған тақырыбының негіздері дәлелденген тұжырымдамасын немесе осы тақырыпқа тапсырыс берген мекеменің хатын кафедраға тапсыруы керек.
Сырттай бөлімде оқушыға диплом жұмысын өндірістік қажеттілікке сәйкес таңдап алуына рұқсат беріледі.
Студентке диплом жұмысының тақырыбы диплом жұмысы қорғалатын оқу жылының басында жоғары оқу орнының ректорының бұйрығымен бекітіледі.
Диплом алды практика аяқталысымен диплом жұмысының тақырыбы қажетті жағдайларда шығарушы кафедраның ұсынысымен өзгертілуі, нактылануы, түзетілуі мүмкін.


ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖАЗЫЛУ ЕРЕЖЕЛЕРІНЕ
ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Диплом жұмысын жазу үшін кафедраның ұсынуымен әр студентке ғылыми жетекші тағайындалады.
Диплом жұмысының ғылыми жетекшілері болып профессорлар, доценттер, тәжірибелі оқытушылар мен сол жоғары оқу орнының ғылыми қызыметкерлері және басқа ұйымдардың ғылыми зерттеу, басылым салалары студенттің мамандығына сәйкес келетін жоғары білікті мамандары тағайындалады.
Диплом жұмысының жетекшісі:
1) диплом жұмысына тапсырма береді.
2) студентке диплом жұмысының орындалуының барлық кезеңіне күнтізбелік кесте құруға көмектеседі.
3) студентке негізгі қажетті әдебиеттерді, анықтамалық және архивтік материалдарды, тақырыпқа қажетті типтік жобалар жэне басқа да дерек көздерін ұсынады.
4) барысында студенттің күнтізбелік кестесінің орындалуын қадағалайтын ағымдық бақылау жүзеге асырылатын консультация кестесін құрады.
5) диплом жұмысының барлық тарауының көлемін белгілейді және диплом жазушы мен консультанттың жұмысын үйлестіреді.
Диплом жұмысына тапсырма студенттердің дайындаған бастапкы материалдар мен дерек көздерінің сипаттамаларынан, сұрақтар тізімінен, ұсынылатын әдебиеттер тізімінен, кестелік материалдардың тізімінен (таблица, диаграмма, схема), диплом жұмысының күнтізбелік кестесінен тұрады.
Диплом жұмысының тапсырмасын кафедра меңгерушісі аяқталу мерзімін көрсете отырып бекітеді. Диплом жұмысының тапсырмасы диплом жұмысына нөмірсіз тігіледі.
Жекелеген тараулардың кезекпен орындалуы көрсетілген жұмыстың күнтізбелік кестесі барлық кезеңдерге кұрылады және ғылыми жетекшімен келісіледі.
Кафедра меңгерушісі диплом жұмысының орындалуы бойынша студенттің есеп беру мерзімін белгілейді. Бұл мерзімдерде студент ғылыми жетекшінің алдында және кафедра меңгерушісіне есеп береді.
Диплом жұмысы мамандық бойынша негізгі әдебиеттерді терең зерттеу арқылы орындалады (оқулықтар, көмекші оқулықтар, монографиялар, басылымдық әдебиеттер. лекциялық курстар, шет тілдеріне арналған журналдар, нормативтік әдебиеттер және т.б.)
Әрбір дипломдық жұмыстың тапсырмалары жеке және перспективалық теориялық, практикалық сұрақтарды дайындау тапсырмаларымен сәйкес болуы қажет.
Диплом жұмысының ең негізгі мәтіні шығармашылық ойды, зерттеу әдістерін пайдаланудың негіздемесін компьютерлік технологияны колданумен қабылданған есептеу әдістері мен есебін, жүргізілген тәжірибенің сипаттауын. оларды талдау және олардың тұжырымдары, техникалық-экономикалық нұсқаларын салыстыруды ашып көрсетуі жэне қажет болған жағдайда кестелермен, эскиздермен, диаграммалармен, сызбалармен және т.б көрсетіліп сүйемелденуі қажет.
Диплом жұмысын студент жоғары оқу орнында сонымен бірге өндірісте, ұйымдарда, ғылыми. конструкторлық-жоба жэне басқа да ұйымдарда орындалады.



Скачать 255,5 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




База данных защищена авторским правом ©psihdocs.ru 2022
обратиться к администрации

    Главная страница